Алматы қаласының "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандарылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 901 Қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Коммуналдық меншіктен берілетін Алматы қаласының "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылданып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілсін.

      2. Алматы қаласының "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, мекемені қабылдап алуды-беруді жүзеге асырсын;

      2) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады