Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес алаңы 109,07 гектар жер учаскелер орман қоры жерінен өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тиісті жер учаскелерін автомобиль жолдарын салу үшін «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті», «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті», «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемелеріне (бұдан әpi - Мекемелер) беруді қамтамасыз етсін.
3. Мекемелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі осы қаулының қосымшасында көрсетілген тиісті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 943 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылатын орман коры жерлерінің экспликациясы
Р/с № |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
|||||
орман көмкерген |
алаңқай |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
«Жамбыл облысы әкімдігінің Қарақоңыз ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
3,39 |
- |
3,39 |
- |
- |
- |
- |
2 |
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
1,51 |
1,51 |
- |
- |
- |
- |
- |
3 |
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жалағаш ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
3,28 |
- |
- |
3,28 |
- |
- |
- |
4 |
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылорда ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
68,15 |
25,01 |
24,5 |
11 |
- |
1,14 |
6,5 |
5 |
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шиелі ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
24,06 |
11 |
- |
- |
- |
- |
13,06 |
6 |
Қостанай облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пригородный ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» |
8,68 |
8,68 |
- |
- |
- |
- |
- |
Жиыны: |
109,07 |
45,84 |
27,89 |
14,28 |
- |
1,14 |
19,56 |