2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 960 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.21 № 1388 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 960 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің
шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі,
      2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 14-бабын басшылыққа ала отырып,
      білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап

      Университеттің шетелдік қызметкерлеріне және студенттеріне медициналық көмекті ұсыну Университеттің ақылы қызмет көрсетуден алынатын өз қаражаты есебінен, сондай-ақ Университетке Түркия Республикасының Үкіметі бөлетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.».

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2010 жылғы «______» _______ ___________қаласында әрқайсысы қазақ, түрік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының             Түркия Республикасының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады