Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 740 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «төтенше резервінен» деген сөздерден кейін «айырбастау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа өлшемді бағамы бойынша АҚШ долларымен» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты: «Алушы банк: National Bank of Tajikistan, SWIFT: NATJTJ22; Корреспондент банк: Kazkommertsbank Alma-Ata ААҚ, Kazakhstan SWIFT: KZKOKZKX, кор/ш KZ439260001000122004 (USD)», алушы: «Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігі, е/ш 22696840500055» арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов