Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1008 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «2. Аумақтық даму» деген бөлімде:
      «2.1. Өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеу» деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағанындағы «шілде» деген сөз «қазан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 26-жолдың 5-бағанындағы «тамыз» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын.
      «2.2. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 35-жолдың 5-бағанындағы «қыркүйек» деген сөз «1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады