Атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын, кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың және атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1014 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 906 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 906 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 493, 494-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары;

      2) кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тізбесі;

      3) кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Заңнамалық кесімдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын және кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрілер және арнаулы құралдар түрлерінің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 383 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 қазандағы
№ 1014 қаулысымен
бекітілген

Атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 8-бабының 8) тармақшасына, 10-бабының 1-тармағының 5), 10), 11), 12), 14)тармақшаларына және 15-бабының 2-тармағына сәйкес атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын кеден органдарының мынадай санаттардағы лауазымды адамдарына берілген:

      1. С-1 Төраға.

      2. С-2 Жедел-іздестіру қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін төрағаның орынбасары.

      3. С-SV-4 Мыналардың:

      1) контрабандаға қарсы күрес;

      2) ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы.

      4. С-SV-5 Мыналардың:

      1) жедел-іздестіру қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін контрабандаға қарсы күрес;

      2) жедел-іздестіру қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары.

      5. С-SV-5 Жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің бастығы.

      6. С-SV-6 Мыналардың:

      1) контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес;

      3) ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

      7. С-SV-8 Мыналардың:

      1) контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес;

      3) ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

      8. С-SV-8 Жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің бас маманы.

      9. С-SV-9 Мыналардың:

      1) контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмыстар мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткілер контрабандасына қарсы күрес;

      3) ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел жұмысты ұйымдастыру бөлімінің аға маманы.

      10. С-SV-9 Жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің аға маманы.

      11. С-SVО-2 Кедендік бақылау департаменті бастығының жедел-іздестіру қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары.

      12. С-SVО-3 Кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы.

      13. С-SVО-4 Кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары.

      14. С-SVО-4 Кедендік бақылау департаменті мен кедендердің жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің бастығы.

      15. С-SVО-4 Кедендік бақылау департаменті жедел ден қою өңірлік бөлімінің бастығы.

      16. С-SVО-5 Кедендік бақылау департаменті жедел ден қою өңірлік бөлімі бастығының орынбасары.

      17. С-SVО-5 Мыналардың:

      1) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес бөлімінің бастығы.

      18. С-SVО-5 Кедендік бақылау департаменті ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

      19. С-SVО-7 Мыналардың:

      1) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес

      басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес;

      3) Кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік жұмысын жедел ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

      20. С-SVО-7 Кедендік бақылау департаменті мен кедендердің жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің бас маманы.

      21. С-SVО-7 Кедендік бақылау департаменті жедел ден қою өңірлік бөлімінің бас маманы.

      22. С-SVО-8 Мыналардың:

      1) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес бөлімінің аға маманы.

      23. С-SVО-8 Кедендік бақылау департаменті мен кедендердің жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің аға маманы.

      24. С-SVО-8 Кедендік бақылау департаменті жедел ден қою өңірлік бөлімінің аға маманы

      25. С-SVО-9 Мыналардың:

      1) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы экономикалық қылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;

      2) Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы есірткі контрабандасына қарсы күрес бөлімінің маманы.

      26. С-SVО-9 Кедендік бақылау департаментінің кедендердің жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің маманы.

      27. С-SVО-9 Кедендік бақылау департаменті жедел ден қою өңірлік бөлімінің маманы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 қазандағы
№ 1014 қаулысымен
бекітілген

Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбесі

      1. Атыс қаруының түрлері:

      1) 9 мм "Байкал 442" пистолеттері, "Макаров ПМ-9 пистолеті";

      2) Кобальт бұйымы 9 мм РСА ТКБ-0216 револьвері;

      3) "CZ" BROWNING пистолеті;

      4) "ИЖ-81, Mosberg" тегіс ұңғылы 12 калибрлі мылтықтары7

      2. Оқ-дәрілер түрлері:

      1) 9 мм пистолеттерге оқ-дәрілер;

      2) тегіс ұңғылы 12 калибрлі мылтықтарға оқ-дәрілер.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 қазандағы
№ 1014 қаулысымен
бекітілген

Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тізбесі

      1. Арнаулы құралдар:

      1) оқ өткізбейтін кеудешелер;

      2) кевлар каскалары;

      3) электр шокерлері;

      4) "Заря", "Пламя" жарық-дыбыс құрылғылары;

      5) "БР-С бұйым" қол кісендері;

      6) арнаулы резеңке таяқтары;

      7) "ЕЖ", ШИП" үлгісіндегі көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған қондырғылар;

      8) "Черемуха", "Сирень", "Волна" үлгісіндегі көзден жас ағызатын заттар (газдар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады