Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 65 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 383 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1014 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.02 № 1014 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берiлген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын және кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрiлер және арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 65  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген атыс қаруы мен оқ-дәрiлер түрлерiнiң тiзбесiнде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) 9 мм РСА TКБ-0216 Кобальт бұйымы револьверi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады