Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.09.2013 № 927 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілері және Қазақстан Республикасының электронды ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілері бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспортының үлгісінде (сипаттама):
      тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспортының үлгісінде (сипаттама):
      тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерді Қазақстан Республикасында электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттары енгізілгені, сондай-ақ осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екендігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 2 қазандағы
N 1015 қаулысына  
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1375 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық паспортының үлгісі (сипаттамасы)

      1. Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық паспорты (бұдан әрі - паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Паспорттың мөлшері 88x125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді жене мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтардан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.
      3. Паспорттың мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады.
      4. Паспорттың мұқабасы қою қара-жасыл түсті.
      Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:
      жоғары бөлігінде - қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»

деген жазу;
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ДИПЛОМАТТЫҚ ПАСПОРТ
DIPLOMATIC PASSPORT»

деген жазу;
      төменгі бөлігінде - паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екендігін көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында - ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      5. Паспорттың алдыңғы форзацында:
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - ұлттық ою-өрнек көрінісі түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;
      оюлы тармақтан төмен - паспорттың нөмірі орналасқан.
      6. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.
      7. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

«Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
шет мемлекеттердің барлық құзыретті қызмет
орындарынан дипломаттық паспорт иесінің
бөгетсіз жүріп-тұруын қамтамасыз
етуді және қажет болған жағдайда заңды
қолдау көрсетіліп, қорғалуын өтінеді.

The Ministry of Foreign Affairs of the
Republic of Kazakhstan requests all
competent authorities of foreign states
to permit the bearer of this diplomatic
passport to pass safely and freely and
to give the bearer all lawful aid and
protection in case of need.»

деген жазу орналасқан.
      8. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.
      Төменде екі жолға:
      «ДИПЛОМАТТЫҚ ПАСПОРТ/DIPLOMATIC PASSPORT» деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:
      «Түрі/Тyре», «Мемлекет коды/Code of state», «Паспорттың №/Passpot Nо» деген жазу орналасқан.
      Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген.
      Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады:
      «Тегі/Surname
      Аты/Given name
      Азаматтығы/Nationaly
      Ұлты
      Туған күні, айы, жылы/Date of birth
      ЖСН/Personal ID Nо.
      Жынысы/Sex
      Туған жері/Place of birth
      Берілген уақыты/Date of issue
      Паспорт мерзімі/Date of expiry
      Өз қолы/Signature of bearer
      Берген мекеме/Authority»;
      Паспорттағы «Ұлты» деген баған оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда «Ұлты» деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді.
      Беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжатта бар негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
      9. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталатын пленкамен қорғалады.
      10. Паспорттың 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне жүргізіледі. 3-бетте тігінен қазақ және ағылшын тілдерінде:

«СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН
FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS»

деген жазу орналасқан.
      11. Паспорттың 4-35-беттері виза қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ВИЗАЛАР/VISAS»

деген жазу орналасқан.
      12. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ОСЫ ПАСПОРТ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ
THIS PASSPORT CONTAINS 36 PAGES»

Бұл паспорт Қазақстан Республикасының
меншігі болып табылады, ал оның иесі
Қазақстан Республикасының қорғауында

This passport is the property of the
Republic of Kazakhstan and its holder
is under the protection of
the Republic of Kazakhstan»

деген жазу орналасқан.
      13. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«Бұл дипломаттық паспорт сезгіш электрондық
технологиямен жабдықталған және де басқа
электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай
мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде
жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз,
оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан
немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.

This diplomatic passport contains sensitive
electronic technology and should be handled
with the same care as other electronic devices.
To ensure that it functions properly, pleasе
do not bend, perforate of subject it to
extreme temperatures or excessive moisture.

Бұл дипломаттық паспорт Қазақстан
Республикасына шетелдік сапардан
оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады.»

деген жазу орналасқан.
      14. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.
      15. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан.
      16. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда «қазақстан kazakhstan» жазуы түрінде алмасушы микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.
      17. Әрбір паспорта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 2 қазандағы
№ 1015 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1375 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар қызметтік паспортының үлгісі (сипаттамасы)

      1. Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар қызметтік паспорты (бұдан әрі - паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Паспорттың мөлшері 88x125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтардан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.
      3. Паспорттың мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады.
      4. Паспорттың мұқабасы қара түсті.
      Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:
      жоғары бөлігінде - қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»

деген жазу;
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ
SERVICE PASSPORT»

деген жазу;
      төменгі бөлігінде - паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екендігін көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында - ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      5. Паспорттың алдыңғы форзацында:
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - ұлттық ою-өрнек көрінісі түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;
      оюлы тармақтан төмен - паспорттың нөмірі орналасқан.
      6. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.
      7. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

«Шет мемлекеттердің барлық
құзыретті қызмет органдарынан осы
паспорттың иесі, шетелге жол жүруші
Қазақстан Республикасының азаматына
жан-жақты жәрдем көрсету сұралады.

All complement authorities of foreign
states are requested to extend all
courtesies to the bearer of this passport,
a citizen of the Republic of Kazakhstan,
traveling abroad.»

деген жазу орналасқан.
      8. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.
      Төменде екі жолға:
      «ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ/SERVICE PASSPORT» деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:
      «Түрі/Тyре», «Мемлекет коды/Code of state», «Паспорттың №/Passpot Nо» деген жазу орналасқан.
      Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген.
      Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады:
      «Тегі/Surname
      Аты/Given name
      Азаматтығы/Nationaly
      Ұлты
      Туған күні, айы, жылы/Date of birth
      ЖСН/Personal ID Nо.
      Жынысы/Sex
      Туған жері/Place of birth
      Берілген уақыты/Date of issue
      Паспорт мерзімі/Date of expiry
      Өз қолы/Signature of bearer
      Берген мекеме/Authority»;
      Паспорттағы «Ұлты» деген баған оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда «Ұлты» деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді.
      Беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
      9. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталатын пленкамен қорғалады.
      10. Паспорттың 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне жүргізіледі. 3-бетте тігінен қазақ және ағылшын тілдерінде:

«СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН
FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS»

деген жазу орналасқан.
      11. Паспорттың 4-35-беттері виза қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ВИЗАЛАР/VISAS»

деген жазу орналасқан.
      12. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ОСЫ ПАСПОРТ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ
THIS PASSPORT 36 PAGES»

Бұл паспорт Қазақстан Республикасының
меншігі болып табылады, ал оның иесі
Қазақстан Республикасының қорғауында

This passport is the property of the
Republic of Kazakhstan and its holder
is under the protection of
the Republic of Kazakhstan»

деген жазу орналасқан.
      13. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«Бұл қызметтік паспорт сезгіш электрондық
технологиямен жабдықталған және де басқа
электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай
мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде
жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз,
оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан
немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.

This service passport contains sensitive
electronic technology and should be handled
with the same care as other electronic devices.
To ensure that it functions properly, pleasе
do not bend, perforate of subject it to
extreme temperatures of excessive moisture.

Бұл қызметтік паспорт Қазақстан
Республикасына шетелдік іссапардан
оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады.»

деген жазу орналасқан.
      14. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.
      15. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан.
      16. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда «қазақстан kazakhstan» жазуы түрінде алмасушы микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.
      17. Әрбір паспортта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады