Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2023 № 1224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы қабылданғанға дейін жасалған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып саналсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 513-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1079 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 772-құжат).

      4) Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 927 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі
және оны қорғауға қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты (бұдан әрі - паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      2. Паспорт УК-сәулелер әсерінен жылтырамайтын мақтадан жасалған, УК-сәулесі түскенде қызыл және жасыл түспен флуоресценттелетін талшықтар қосылған қағазға баспаханалық тәсілмен басылады.

      Паспортта мынадай: интаглио мөрі; бедерлі басу әдісімен басылған мөрлі нөмірлеу; ультракүлгінді қорғау; жасырын сурет; көгілдір және сары түспен флуоресценттелетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түріндегі ретсіз орналасқан элементтерден тұратын қағаз; флуоресцентті жіп; паспорт нөмірі мен сериясының лазерлік перфорациялануы; оқшауланып салынған ерекше белгі; графикалық қорғау элементтері; көшіруге қарсы элементтер; түрлі-түсті мөр; "бәсеңсу" әсеріндегі қорғау элементі; тангирлі тор; біріккен суреттер; магнитті жіп; ұсақ әріптер және микромәтіндер түріндегі қорғау сипаттары бар.

      3. Паспорт осы паспорт үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес құжат болып табылады, мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтар мен 18 парақтан (36 бет) тұрады.

      4. Паспорттың тік қалпында: мұқабасы, 1 және 4 – 35-беттері, артқы форцазы болады.

      5. Паспорттың көлденең қалпында: 2, 3 беттері болады.

      6. Паспорттың мұқабасы қою жасыл түсті, тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады.

      Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:

      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу;

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ

      DIPLOMATIC PASSPORT"

      деген жазу;

      төменгі бөлігінде – паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;

      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      7. Паспорттың алдыңғы форзацында:

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек фрагменті түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтері бар оюланған тармақ;

      оюлы тармақтан төмен – паспорттың нөмірі орналасқан.

      8. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.

      9. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      шет мемлекеттердің барлық құзыретті қызмет

      органдарынан дипломатиялық паспорт иесінің

      бөгетсіз жүріп-тұруын қамтамасыз

      етуді және қажет болған жағдайда заңды

      қолдау көрсетіліп, қорғалуын өтінеді.

      The Ministry of Foreign Affairs of the

      Republic of Kazakhstan requests all

      competent authorities of foreign states

      to permit the bearer of this diplomatic

      passport to pass safely and freely and

      to give the bearer all lawful aid and

      protection in case of need." деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      10. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN"

      деген жазу тігінен орналасқан.

      Төменде екі жолға:

      "ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ/DIPLOMATIC PASSPORT" деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Түрі/Тyре", "Мемлекет коды/Code of state", "Паспорттың №/Passpot Nо" деген жазу орналасқан.

      Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген.

      Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады:

      "Тегі/Surname

      Аты/Given name

      Азаматтығы/Nationaly

      Ұлты

      Туған күні, айы, жылы/Date of birth

      ЖСН/Personal ID Nо.

      Жынысы/Sex

      Туған жері/Place of birth

      Берілген уақыты/Date of issue

      Паспорт мерзімі/Date of expiry

      Өз қолы/Signature of bearer

      Берген мекеме/Authority";

      Паспорттағы "Ұлты" деген баған тек қазақ тілінде оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда, "Ұлты" деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді.

      Беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжатта бар негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      11. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинаттайтын пленкамен қорғалады.

      12. Паспорттың 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН

      FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS" деген

      жазу тігінен орналасқан.

      Паспорттың 3-беті иесінің ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға шығатын кездегі дипломатиялық лауазымы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметтік жазбаларын орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне қойылады.

      13. Паспорттың 4–35-беттері шет мемлекеттердің визалары мен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау қызметінің мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгілерін қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ВИЗАЛАР/VISAS"

      деген жазу орналасқан.

      14. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ОСЫ ПАСПОРТ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

      THIS PASSPORT CONTAINS 36 PAGES"

      Бұл паспорт Қазақстан Республикасының

      меншігі болып табылады, ал оның иесі

      Қазақстан Республикасының қорғауында

      This passport is the property of the

      Republic of Kazakhstan and its holder

      is under the protection of

      the Republic of Kazakhstan"

      деген жазу орналасқан.

      15. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Бұл дипломатиялық паспорт сезгіш электрондық технологиямен жабдықталған және де басқа электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз, оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.

      This diplomatic passport contains sensitive

      electronic technology and should be handled

      with the same care as other electronic devices.

      To ensure that it functions properly, please

      do not bend, perforate of subject it to extreme temperatures or excessive moisture.

      Бұл дипломатиялық паспорт Қазақстан

      Республикасына шетелдік сапардан

      оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады." деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.

      16. Тоғыз әріптік – цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.

      17. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан. 1–3, 36-беттерде нөмірлер жоқ.

      18. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда "Қазақстан Кazakhstan" жазуы түрінде алмасып тұратын микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.

      19. Әрбір Паспортта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
дипломатиялық паспортының
үлгісіне және оны қорғауға
қойылатын талаптарға
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 283 қаулысымен.











  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 927 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны
қорғауға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты (бұдан әрі – паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Паспорт УК-сәулелер әсерінен жылтырамайтын мақтадан жасалған, УК-сәулесі түскенде қызыл және жасыл түспен флуоресценттелетін талшықтар қосылған қағазға баспаханалық тәсілмен басылады.

      Паспортта мынадай: интаглио мөрі; бедерлі басу әдісімен басылған мөрлі нөмірлеу; ультракүлгінді қорғау; жасырын сурет; көгілдір және сары түспен флуоресценттелетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түріндегі ретсіз орналасқан элементтерден тұратын қағаз; флуоресцентті жіп; паспорт нөмірі мен сериясының лазерлік перфорациялануы; оқшауланып салынған ерекше белгі; графикалық қорғау элементтері; көшіруге қарсы элементтер; түрлі-түсті мөр; "бәсеңсу" әсеріндегі қорғау элементі; тангирлі тор; біріккен суреттер; магнитті жіп; ұсақ әріптер және микромәтіндер түріндегі қорғау сипаттары бар.

      3. Паспорт осы паспорт үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес құжат болып табылады, мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтар мен 18 парақтан (36 бет) тұрады.

      4. Паспорттың тік қалпында: мұқабасы, 1 және 4 – 35-беттері, артқы форцазы болады.

      5. Паспорттың көлденең қалпында: 2, 3-беттері болады.

      6. Паспорттың мұқабасы қара түсті, тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады.

      Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:

      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу;

      ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ

      SERVICE PASSPORT"

      деген жазу;

      төменгі бөлігінде – паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;

      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

      Жазулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

      7. Паспорттың алдыңғы форзацында:

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек фрагменті түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтері бар оюланған тармақ;

      оюлы тармақтан төмен – паспорттың нөмірі орналасқан.

      8. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.

      9. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Шет мемлекеттердің барлық

      құзыретті қызмет органдарынан осы

      паспорттың иесі, шетелге жол жүруші

      Қазақстан Республикасының азаматына

      жан-жақты жәрдем көрсету сұралады.

      All competent authorities of foreign states

      are requested to extend all courtesies

      to the bearer of this passport, a citizen

      of the Republic of Kazakhstan,

      traveling abroad." деген жазу орналасқан.

      10. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу тігінен орналасқан.

      Төменде екі жолға:

      "ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ/SERVICE PASSPORT" деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Түрі/Тyре", "Мемлекет коды/Code of state", "Паспорттың №/Passpot Nо" деген жазу орналасқан.

      Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген.

      Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады:

      "Тегі/Surname

      Аты/Given name

      Азаматтығы/Nationaly

      Ұлты

      Туған күні, айы, жылы/Date of birth

      ЖСН/Personal ID Nо.

      Жынысы/Sex

      Туған жері/Place of birth

      Берілген уақыты/Date of issue

      Паспорт мерзімі/Date of expiry

      Өз қолы/Signature of bearer

      Берген мекеме/Authority";

      Паспорттағы "Ұлты" деген баған тек қазақ тілінде оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда "Ұлты" деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді.

      Беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.

      11. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинаттайтын пленкамен қорғалады.

      12. Паспорттың 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН

      FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS" деген жазу тігінен орналасқан.

      Паспорттың 3-беті иесінің ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға шығатын кездегі лауазымы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметтік жазбаларын орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне қойылады.

      13. Паспорттың 4–35-беттері шет мемлекеттердің визалары мен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау қызметінің мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгілерін қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ВИЗАЛАР/VISAS"

      деген жазу орналасқан.

      14. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ОСЫ ПАСПОРТ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

      THIS PASSPORT 36 PAGES"

      Бұл паспорт Қазақстан Республикасының

      меншігі болып табылады, ал оның иесі

      Қазақстан Республикасының қорғауында

      This passport is the property of the

      Republic of Kazakhstan and its holder

      is under the protection of

      the Republic of Kazakhstan"

      деген жазу орналасқан.

      15. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Бұл қызметтік паспорт сезгіш электрондық

      технологиямен жабдықталған және де басқа

      электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай

      мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде

      жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз,

      оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан

      немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.

      This service passport contains sensitive electronic

      technology and should be handled with the same care as

      other electronic devices. To ensure that it functions

      properly, please do not bend, perforate or subject it to

      extreme temperatures or excessive moisture.

      Бұл қызметтік паспорт Қазақстан

      Республикасына шетелдік іссапардан

      оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады." деген жазу орналасқан.

      16. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.

      17. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан. 1–3, 36-беттерде нөмірлер жоқ.

      18. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда "Қазақстан kazakhstan" жазуы түрінде алмасып тұратын микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.

      19. Әрбір Паспортта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
қызметтік паспортының
үлгісіне және оны қорғауға
қойылатын талаптарға
қосымша











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады