Тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1024 Қаулысы

      2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, азық-түлік тауарларының ішкі нарығында күрделі тапшылық пен баға өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сай тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ, Кедендік одақ комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
      2) Кедендік одақ комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды басқа да кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабардар етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 1024 қаулысына 
қосымша      

Шығаруға тыйым салынатын тауарлар

Позицияның атауы

СЭҚ ТН коды

Қарақұмық

1008 10 000

Қарақұмық дәндерінен алынған жарма

1103 19 900 9-дан

Ұсатылған немесе ұсатылмаған соя бұршақ қаптары

1201 00

Ұсатылған немесе ұсатылмаған күнбағыстың тұқымдары

1206 00

Ұсатылған немесе ұсатылмаған қоза тұқымдары

1207 20

Ұсатылған немесе ұсатылмаған өзге майлы дақылдардың өзге де тұқымдары мен жемістері: өзгелері

1207 99

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген қытайбұршағының майы және олардың фракциялары

1507

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, сафлор және мақта майлары және олардың фракциялары

1512

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген рапс (рапстан немесе кользадан жасалған) немесе қыша майлары және олардың фракциялары

1514

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген зығыр майы және оның фракциялары: шикі май

1515 11 000 0

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген зығыр майы және оның фракциялары: өзгелері

1515 19

Толық немесе жартылай сутектендірілген, қайта этерифицирленген, реэтерифицирленген немесе элаидинизирленген, тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ кейінгі өңдеуге ұшырамаған тоң майлар және жануарлардан немесе өсімдіктен алынатын тоңмайлар және олардың фракциялары

1516

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады