"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 993 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 459-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 993 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 маусымдағы № 1590 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 303-құжат).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады