Газды экспортқа сату бойынша мәмілелер бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының (комитент) тапсырмасы бойынша 2011 жылы газды (Қарашығанақ кен орнының өңделген құрғақ газын қоспағанда) экспортқа сату кезінде «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (комиссионер) «Газпром» ашық акционерлік қоғамымен және/немесе оның уәкілетті ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы БАР шарттарымен 1000 текше метрі үшін 185 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады