"Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 4 Нормативтік қаулысы.

      Сот практикасында адамның жеке бас бостандығын, жеке өмiріне қол сұқпаушылықты, жеке және отбасылық құпияны, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарламалардың құпиясын қамтамасыз ететін конституциялық нормалар мен заңдарды біркелкі түсіну және қолдану, сондай-ақ оларды соттың қорғауының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге "Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-тармақта "медициналық мекемеге" деген сөздер "медициналық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Алу жүргізілмей, қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ҚІЖК-нің 232-бабының талаптарын сақтай отырып, оны қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізуге болады".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б.БЕКНАЗАРОВ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Д.НҰРАЛИН


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады