Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 61 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Газды өзара айырбастау бойынша жүзеге асырылатын мәмілелердің бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 372 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі «9» деген сан «10» деген сандармен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «2009 - 2010» деген сандар «2009 - 2011» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады