Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1679 қаулысымен қолданыстағы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының "Бюджеттік бағдарламалар" 7-бөліміне өзгерістер енгізілген.

      Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының талаптарына сәйкес "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері" 3.1-кіші бөліміне түзетулер енгізілген.

      Толықтыруларға сәйкес, әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің өзара байланысты, санмен өлшенетін кемінде үш көрсеткіші келтірілген.

      Өзгерістер шеңберінде "ҚР НҚА Эталондық бақылау банкін электрондық түрде -енгізу жолымен заңнама қолжетімділігін және оны пайдалану қолайлылығын қамтамасыз ету" жаңа міндеті көзделген.

      Қосымша жаңа нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткiштері белгіленуде, мысалы:

      - ЖБИ рейтингiндегi "Үкiметтiң iс-қимылының заңдылығын даулауда құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi", "Азаматтық дауларды реттеудегi құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi", "Меншiкке құқық", "Зияткерлiк меншiктi қорғау" индикаторлары бойынша ұстанымын жақсарту;

      - Парламентке енгізілуге жататын Үкіметпен әзірленген заң жобаларына жүргізілген лингвистикалық сараптамалар үлесі;

      - Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінде "Келісім-шарттарды орындау" индикаторы бойынша ұстанымын жақсарту;

      - ISO 9001 халықаралық стандарты бойынша сертификат алған Сот сараптамасы орталығы зертханаларының саны.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз