"Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасын дәйектеу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 144 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасын дәйектеу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов      

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы
Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың
жобасын дәйектеу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышевқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттың сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол көрсетілген шарттың жобасын дәйектесін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2011 жылғы «__» ________
№ ___ Жарлығымен   
мақұлданған     

Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы
Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы
шарт

      Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы,
      екі ел арасындағы достық пен сот және құқықтық салада жемісті ынтымақтастықтың байланыстарын нығайтуға ниет ете отырып,
      осы Шарт шеңберінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді жеңілдету қажеттігін тани отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты іске асыру шеңберінде және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тараптар бір-біріне азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді.
      2. Осы Шартқа сәйкес құқықтық көмек:
      1) Соттың шақыру қағазын және басқа да сот материалдарын тапсыруды;
      2) сұрау салу немесе тапсырма арқылы куәгерлік айғақтар алуды;
      3) сот және төрелік шешімдерді тану мен орындауды қамтиды.
      3. Осы Шарттың ережелері Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
      4. Осы Шарт ол күшіне енгеннен кейін туындаған азаматтық істерге қатысты өзара құқықтық көмек көрсету туралы барлық сұрауларға қолданылады.

2-бап
Орталық органдар және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау

      1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұраулар Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арқылы жүзеге асырылады.
      2. Орталық органдарға:
      Қазақстан Республикасы тарапынан - Әділет министрлігі,
      Үндістан Республикасы тарабынан - Құқық және әділет министрлігі жатады.
      Әрбір Уағдаласушы Тарап Орталық органды ауыстыру құқығын өзінде қалдырады және ол туралы баска Уағдаласушы Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
      3. Егер өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты
барлық құжаттарға уәкілетті тұлға қол қояды және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың Орталық органы куәландыратын соттың немесе басқа құзыретті органның мөрімен бекітіледі.
      4. Барлық сұрау салулар және ілеспе құжаттар екі данада беріледі және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік тіліне аудармамен жүруі тиіс.

3-бап
Сот шақыру қағазын және басқа да құжаттарды тапсыру

      1. Соттың шақыру қағаздары және басқа да іс материалдары:
      1) Қазақстан Республикасы жағдайында заңды құзырына тиісті тұлғалардың қатысумен іс қарау жататын соттар немесе басқа да уәкілетті органдар арқылы;
      2) Қазақстан Республикасы жағдайында заңды құзырына тиісті тұлғалардың қатусымен іс қарау жататын соттар арқылы беріледі.
      2. Соттың шақыру қағаздарын және басқа да сот құжаттарын тапсыру сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес не егер осы әдіс сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап анықтаған арнайы әдіспен жүзеге асырылады.
      3. Осы Шарт шеңберінде жолданатын бір Уағдаласушы Тарап аумағында ресми ретінде қаралатын соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттардың дәлелді күшіне ие.
       4. Осы баптың 1-тармағының ережелері Уағдаласушы Тараптардың қандай да бір күш қолдану әдістерін қолданусыз өздерінің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктері арқылы басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өз азаматтарына шақыру қағаздарын және басқа сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыру құқығын бұзбайды. Осындай жағдайларда тапсыру жүзеге асырылған аумақтағы мемлекеттің тарапынан жауапкершілікке алып келмейді.
      5. Осы баптың 2-тармағына жататын мәселелер соттың шақыру қағаздары және баска сот құжаттары пошта арналары арқылы жіберілуі немесе оларды еркімен қабылдайтын адресатқа жеткізілуі мүмкін.
      6. Тапсыру жүзеге асырылуы тиіс аумақтағы Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адресатқа қатысты кез келген талап осы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес анықталуы тиіс.

4-бап
Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салудың мазмұны

      Шақыру қағазын және басқа сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салуға қатысы бар тұлғалардың аты-жөнін, олардың азаматтығы, кәсібі және тұрғылықты жері немесе келу орны туралы мәліметтерді және осы тұлғаға тапсырылуға тиіс құжаттар тізімін қамтуы тиіс. Егер құжаттарды тапсыру тапсырудың өзге тәсілін көздейтін жағдайда, онда сұрау салудың мазмұнында бұл да көрсетілуі тиіс.

5-бап
Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салуды орындау

      1. Соттың шақыру қағазын тапсыру барысында сұрау салу істің мәні бойынша жеткілікті заңды негіздемелерді қамтымайтындығы негізінде бас тартылуы мүмкін.
      2. Егер соттың қағазын тапсыру орындалмаса, сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа оның себебі туралы дереу хабарлайды.

6-бап
Сот құжаттарын тапсыру

      1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың уәкілетті органы құжаттарды тапсыруды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Құжаттарды тапсырғаны үшін төлем немесе шығыстар ұсталмайды.
      2. Тапсыру сұрау салған Тарап көрсетілген тәсілімен, егер ол сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайта келеді, тапсырудың арнайы тәсілімен байланысты шығыстардың одан әрі төлем мәнін көрсете отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.

7-бап
Құжаттарды және сот шақыру қағаздарын тапсыруды растау

      1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының өкілеттігі алушыға сот құжаттарын тапсырумен шектеледі.
      2. Тапсыру сот құжатының немесе шақыру қағазының көшірмелеріне немесе құзыретті орган берген анықтамаға алушының қолымен расталады, алда алушының аты, тапсыру күні және тәсілі көрсетіледі және тапсыру жүзеге асырыла алмаған жағдайда, тиісті себептері көрсетіледі.
      3. Сот құжатының немесе құжаттарды алғанын растайтын адресат қол қойған құжаттың көшірмесі сұрау салған құзыретті органға Орталық Орган арқылы жіберілуі кажет.
      4. Жеткізілмеген жағдайда, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың Орталық Органы сот құжаттарының түпнұсқаларын және жеткізілмеу себептерін жазбаша баяндаумен құжаттарды сұрау салған Уағдаласушы Тараптың Орталық органына дереу қайтаруы тиіс.

8-бап
Дәлелдемелерді алу

      1. Бір Уағдаласушы Тараптың сот органдары және басқа уәкілетті органдары өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органдарына жазбаша сұрау салу жолымен азаматтық істер бойынша дәлелдемелерді сұрата алады.
      2. Осы Шарттың мақсаттары үшін дәлелдемелерді алу мыналарды:
      1) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес тараптардың өтініштерін және куәгерлік айғақтарын алуды;
      2) айғақтар осы баптың 1-тармақшасына сәйкес алынған тұлға сұрау салған және ұсынған құжаттарды, жазбаларды, материалдық дәлелдемелерді алуды, анықтауды немесе тексеруді қамтиды.
      3. Жазбаша сұрау салуда:
      1) дәлелдемелерге сұрау салған сот органы немесе басқа уәкілетті орган;
      2) дәлелдемелер сұратылып жатқан істің сипаты және осы мәселе бойынша барлық қажетті ақпарат;
      3) іс тараптарының атауы және мекенжайы;
      4) сұрау салынған дәлелдемелер;
      5) жауап алуға жататын тұлғалардың аты-жөндері және мекенжайлары көрсетіледі.
      4. Қажет болған жағдайда жазбаша сұрау салу дау нысанасы бойынша куәгерлерге немесе басқа да мүдделі тұлғаларға қойылуы тиіс сұрақтар тізбесімен не тиісті тұлғалардан жауап алынып жатқан дау нысанасының сипаты, сондай-ақ дәлелдемелерді немесе өтінішті алу үшін қажетті құжаттармен бірге жүруі тиіс.

9-бап
Дәлелдемелерді алу үшін сұрау салуды орындау

      1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдары сұрау салуды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды және дәлелдемелерді алған кезде мәжбүрлеу әдістерін қолдануды коса алғанда, ұлттық заңнамада рұқсат етілген әдістерді және рәсімдерді қолданады.
      2. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап сұрау салуда көрсетілген арнайы тәртіпті немесе рәсімді егер бұл оның қолданыстағы ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, ұстанады.
      3. Сұрау салу мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалады.
      4. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап өз қалауы бойынша іс бойынша тараптар немесе егер ондайлар бар болса, олардың өкілдері оған қатыса алатындай сот талқылауы өтетін уақыт пен орны туралы хабарлайды. Ақпарат сұрау салған Уағдаласушы Тараптың сұрау салумен бірге тараптарға немесе олардың өкілдеріне жіберіледі.
      5. Егер сұрау салу орындалса, оның орындалғанын растайтын қажетті құжаттар сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа жіберіледі.
      6. Егер сұрау салу толық орындалмаған немесе ішінара орындалған жағдайда, сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа орындалмау себептерін көрсете отырып, бұл туралы хабарлайды.

10-бап
Сұрау салуды орындаудан бас тарту

      1. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың сұрау салуын орындаудан мынадай жағдайларда:
      1) егер сұрау салуды орындау сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың соттарының немесе басқа құзыретті органдарының құзыретіне жатпаса;
      2) егер сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салуды орындау мемлекеттің егемендігін және қауіпсіздігін бұзады деп есептесе, бас тартылуы мүмкін.
      2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап заңнамаға сәйкес сот талқылауының нысаны бойынша ерекше құзыретке ие немесе оны жүргізуге құқығы жоқ деген негізде ғана сұрау салуды орындаудан бас тарта алмайды.

11-бап
Сұрау салуды орындау кезінде шығыстарды өтеу

      1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың сұрау салуды орындауы және дәлелдемелерді алуы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың кез келген нысандағы шығыстарды ұлғайтуына әкеп соқпайды. Алайда, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап:
      1) куәгерлерге, сарапшыларға немесе аудармашыларға төленген шығыстармен, шығындармен;
      2) сұрау салуды орындау әдісті арнайы тәсілді қолдану нәтижесінде келген шығыстармен, шығындармен байланысты өтемақыны талап етуге құқығы бар.

12-бап
Дипломатиялық өкілдің немесе консулдық қызметшінің
дәлелдемелерді алуы

      Уағдаласушы Тараптардың бірінің дипломатиялық немесе консулдық қызметшісі басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ол өкілдік ететін Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолданбай, ол өкілдік ететін Уағдаласушы Тараптың соттарында басталған сот талқылауына көмекке дәлелдемелер ала алады.

13-бап
Басқа тұлғалардың дәлелдемелерді алуы

      Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың соттары тиісті түрде тағайындаған тұлға мәжбурлеусіз, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында, осы тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес дәлелдеме ала алады.

14-бап
Сот шешімін мойындау және орындау

      1. Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес азаматтық істер бойынша басқа Уағдаласушы Тараптың соттары шығарған шешімдерді мойындайды және/немесе орындайды.
      2. Осы Шартта қолданылатын «сот шешімі» термині Уағдаласушы Тараптардың құзыретті соттары сот ісін жүргізу бойынша қабылдайтын кез келген шешімді білдіреді.
       3. Осы Шарт банкроттық жағдайында кредиторлық талаптар сондай-ақ салықтар, айыппұлдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша уақытша шараларға немесе сот шешімдеріне қолданылмайды.

15-бап
Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесі

      Тұлғаның өкілеттіктері немесе мәртебесі мәселесін көздейтін істі қарауды талап арыз берген сәтте осы тұлға азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзырлы шешуі тиіс.

16-бап
Меншік құқықтарын анықтау

      Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын осы мүліктің орналасқан жері бойынша Уағдаласушы Тараптың соттары анықтайды.

17-бап
Соттардың заңды құзыры

      Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесіне немесе жылжымайтын мүлікке қатысты істерді қоспағанда, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың соттары заңды құзырын мынадай жағдайда жүзеге асырады:
      1) егер талап-арыз берген сәтте жауапкердің тұрғылықты жері болса немесе оның аумағына келсе;
      2) егер талап-арыз берген сәтте жауапкердің, оның аумағында заңды тұлғасы (кәсіпорны/мекемесі) немесе оның филиалы болса және оның аумағында осындай заңды тұлғаның (кәсіпорынның/мекеменің) немесе оның филиалының қызметімен байланысты болса;
      3) егер талапкер мен жауапкер арасындағы тікелей немесе жанама келісім бойынша сот ісін жүргізу қозғалған шарттық міндеттемелер оның аумағында орындалса немесе орындалуы тиіс болса;
      4) егер оның аумағында шарттық емес жауапкершілікке әкелетін әрекет жүзеге асырылған жағдайда;
      5) егер жауапкер оның соттарының заңды құзырын нақты немесе жанама мойындаса және ол оның ұлттық заңнамасына қайшы келмесе;
      6) егер оның соттары осы Шарт ережелеріне орай негізгі дауды тыңдауға уәкілетті болса, қосымша шаралар қабылдау.

18-бап
Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін негіздемелер

      1. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынған соты сот шешімін оның ұлттық заңнамасына сәйкес мойындайды және орындайды.
      2. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынған соты сот шешімін оның осы Шарттың талаптарына сәйкестігіне қарайды.
      3. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынған соты осы Шартқа сәйкес сот шешімін мойындауға немесе/және орындауға қатысты рәсімдерге қатысты қосымша ақпаратқа сұрау сала алады.

19-бап
Сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тарту

      Сот шешімін мойындаудан және орындаудан, егер сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бұл сот шешімі мойындалмаған және орындалмаған болса, бас тартылуы мүмкін.

20-бап
Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер

      Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылуы тиіс.

21-бап
Құзыретті сот

      1. Сот шешімін мойындаған және/немесе орындаған кезде сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы істі мәні бойынша қайта қарамайды және сот шешімі осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес келетініне сенімді болуы және мұның нәтижелерін өз шешімінде көрсетуі тиіс.
      2. Егер бұл ұлттық заңнамада көзделмесе, сот шешімін орындаған кезде сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы жұртшылықтың қол жеткізуі үшін сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында қарау кезінде орын алатын осындай қажетті шараларды қабылдайды.
      3. Сот шешімін орындауды, егер сот шешімін орындау ішінара жүзеге асырылуы мүмкін болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы толығымен немесе ішінара жүргізуі мүмкін.

22-бап
Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін ұсынылатын
құжаттар тізімі

      Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың Орталық органы арқылы сот шешімін мойындау немесе орындау туралы сұрау салуды жіберетін сұрау салған Уағдаласушы Тараптың орталық органы мыналарды:
      1) тиісінше орындалған нысандағы сот шешімінің ресми көшірмесін;
      2) егер бұл сот шешімінің өзінде көрсетілмесе, сот шешімнің түпкілікті және орындауға жататыны туралы анықтаманы;
      3) сот шешімі сырттай қабылданған жағдайда - жауапкерге тиісті түрде хабарланғанын куәландыратын шақыру қағазының немесе өзге де құжаттардың куәландырылған көшірмесін;
      4) егер ішінара орындауға жол берілсе, сот шешімінің ішінара орындалуын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

23-бап
Талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім)

      1. Талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім) Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің олардың ұлттық заңнамасына сәйкес талапты қарауға уәкілетті құзыретті соты қол жеткізген және мақұлдаған талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім) басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында, ол оны жасаған мемлекетте орындалғаннан кейін және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, мойындалады және орындалады.

24-бап
Төрелік шешім

      1. Осы Шарттың 20 және 23-баптарының ережелерін бұзбай, Уағдаласушы Тараптың бірінің аумағында шығарылған төрелік шешімді:
      1) төрешілердің шешімі құқықтық қатынастардан туындаған кез келген дауды шешуде оларға беру мақсаты бар сот талқылауы тараптарының жазбаша келісіміне негізделген;
      2) төрелік шешім сұрау салған Уағдаласушы Тараптың сот шешімін мойындау және орындау үшін сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың мәні болуы мүмкін мәселеге қатысты шығарылған кезде басқа Уағдаласушы Тарап мойындайды және орындайды.
      2. Төрелік шешімді мойындауға немесе орындауға сұрау салған Уағдаласушы тарап төрелік шешімнің көшірмесін және төрелік шешім орындалатын болса, растайтын сот анықтамасын ұсынады.
      3. Төрешілерге даулы мәселені шешуге уәкілеттік беретін дауласушы тараптар арасындағы келісімнің куәландырылған көшірмесі ұсынылады.

25-бап
Толықтырулар және түзетулер

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Шартқа тиісті хаттамамен ресімделген, осы Шарттың 27-бабы 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

26-бап
Консультациялар

      Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша олар осы Шартты түсіндіру мен қолдануға қатысты консультация алады.

27-бап
Ратификациялау және қолданылуын тоқтату

      1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және ратификациялау грамоталарымен алмасқан күні күшіне енеді.
      2. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.

      _______________ қаласында ______ жылғы «__» _________ әрқайсысы орыс, хинди және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.

      Қазақстан Республикасы                    Үндістан Республикасы
             үшін                                          үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады