Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 164 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Премьер-Министрі                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 164 қаулысымен  
мақұлданған    

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келген адамдардың
реадмиссиясы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
      мен
      ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ,
      Заңсыз иммиграцияға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешім қабылдай отырып;
      Мигранттар контрабандасы жөніндегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс-әрекетінің айтарлықтай өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып;
      Осы Келісімді жасасу жолымен өзара негізде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және оларды қауіпсіз және реттелген қайтару үшін жылдам және тиімді рәсімдер жасауға, мұндай адамдардың транзитіне ынтымақтастық аясында ықпал етуге ниет білдіре отырып,
      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын және қабылдаған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімде пайдаланатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      1) реадмиссия – осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келген, болатын немесе тұрып жатқан Сұрау салынатын тарап мемлекетінің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Сұрау салатын тараптың құзыретті органының қайтаруы және Сұрау салынатын тараптың құзыретті органының қабылдауы білдіреді.
      2) Қазақстан Республикасының азаматы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
      3) Чех Республикасының азаматы – Чех Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
      4) үшінші мемлекеттің азаматты – Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адам;
      5) азаматтығы жоқ адам – ешбір азаматтығы жоқ адам;
      6) тұруға рұқсат – баспана беру туралы қолдаухат немесе тұруға рұқсат беру туралы қолдаухатты қарау рәсіміне байланысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумағында болуға уақытша рұқсаттарды қамтымайтын, адамға Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумағында тұруға құқық беретін Уағдаласушы Тараптар құзыретті органдары берген кез келген түрдегі рұқсат;
      7) виза – әуежайларда берілетін транзиттік визаларды қамтымайтын, Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіру немесе оның аумағы арқылы транзит үшін қажетті Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары берген рұқсат;
      8) транзит – Сұрау салатын тарап мемлекетінен баратын мемлекетке өту кезінде үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын тарап мемлекетінің аумағы арқылы өтуі;
      9) Сұрау салатын тарап – осы Келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келісімнің 10-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жіберетін Уағдаласушы Тарап;
      10) Сұрау салынатын тарап – осы Келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келісімнің 11-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жіберетін Уағдаласушы Тарап;
      11) құзыретті орган – осы Келісімді іске асыру үшін жүктелетін, осы Келісімді іске асыру Хаттамасында көрсетілген Уағдаласушы Тарап мемлекетінің органы;
      12) шекарамаңы ауданы – Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің халықаралық әуежайлары.

1 – БӨЛІМ.
РЕАДМИССИЯҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР 2-бап
Уағдаласуши тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы

      1. Сұрау салынатын тарап Сұрау салатын тараптың қолдаухаты бойынша осы Келісімнің шеңберінде өз мемлекетінің аумағында Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағында кіру, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды егер осы адам Сұрау салынатын тараптың азаматы болып табылатыны анықталса, қабылдайды.
      Осы Ереже Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағына кірген соң Сұрау салынатын тарап мемлекетінің азаматтығынан айырылған немесе бас тартқан  және Сұрау салатын тарап мемлекетінің азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың реадмиссиясымен бір уақытта Сұрау салынатын тарап мыналардың:
      1) Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының;
      2) егер Сұрау салынатын тарап мемлекетінің аумағына келуге, болуға және тұруға құқығы болса немесе олар осы құқықты алса және Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағында болуға және тұруға тәуелсіз құқығы болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардан басқа азаматтығы бар жұбайларының  реадмиссиясын жүзеге асырады.
      3. Сұрау салынатын тарап реадмиссиясы келісілген адамның тілек білдіруіне қарамастан, қажет болғанда, реадмиссиямен келісімге қол жеткізілген күннен кейін 3 жұмыс күн ішінде осы адамды қайтару үшін қажет, 6 айдан кем емес жүру құжатын береді.
      Егер заңды немесе нақты себептер бойынша көрсетілген адамды жол жүру құжатының жарамдылық ішінде беру мүмкін болмаса, Сұрау салынатын тарап 14 күнтізбелік күн ішінде жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзартады немесе қажет болғанда сондай жарамдылық мерзімімен жаңа жол жүру құжатын береді.
      Егер 14 күнтізбелік күн ішінде Сұрау салынатын тарап жаңа жол жүру құжатын бермесе және оның жарамдылық мерзімін ұзартпаса, онда Сұрау салынатын тарап мерзімі өтіп кеткен құжатты қабылдауы тиіс.

3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы

      1. Осы Келісімнің шеңберінде Сұрау салынатын тарап Сұрау салатын тараптың қолдаухаты бойынша өз мемлекетінің аумағына егер:
      1) бұл адамға бір Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына тікелей екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағынан заңсыз кіргеніне; немесе
      2) кіру сәтінде Сұрау салынатын тарап берген жарамды тұруға рұқсаты бар екендігіне; немесе
      3) кіру сәтінде Сұрау салынатын тарап берген жарамды визасы бар екендігіне және Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағына тікелей Сұрау салынатын тарап мемлекетінің аумағынан кіргеніне дәлел берілсе, Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағында кіру, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез-келген үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды қабылдайды.
      2. Егер:
      1) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салынатын тарап мемлекетінің аумағында тек халықаралық әуежайдың транзиттік аймағында ғана болса; немесе
      2) Сұрау салатын тарап:
      осы адамның Сұрау салынатын тарап берген және ұзақ қолданылу виза немесе тұруға рұқсаты болған; немесе
      Сұрау салатын тарап берген виза немесе тұруға рұқсат қолдан жасалған немесе жалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайларды қоспағанда, өз мемлекетінің аумағына кіргенге дейін немесе одан кейін үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға тұруға виза немесе рұқсат берген болса;
      3) Сұрау салатын тарап мемлекетінің аумағына үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам кіру үшін визаны қажет етпесе, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндет қолданылмайды.
      3. Сұрау салынатын тарап реадмиссия туралы қолдаухатқа оң жауап бергеннен кейін, Сұрау салатын тарап реадмиссиясы келісілген адамға Сұрау салынатын тарап мойындайтын жол жүру құжатын береді.

4-бап
Қате реадмиссия

      Сұрау салатын тарап егер осы адамды берген күннен кейін 3 ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарындағы талаптар сақталмағаны анықталса, Сұрау салынатын тарап қабылдаған кез келген адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайларда қажетті өзгерістерді ескере отырып, осы Келісімнің іс жүргізу ережелері қолданылады және Сұрау салынатын тарап  қайтаруға жататын адамның жеке басы және азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.

2-БӨЛІМ
РЕАДМИССИЯ РӘСІМІ 5-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат

      1. Осы баптың 2-тармағын сақтай отырып, осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген міндеттемелердің бірінің негізінде реадмиссияға жататын адамды кез келген беру үшін Сұрау салынатын тараптың құзыретті органына реадмиссия туралы қолдаухат жіберу қажет.
      2. Егер реадмиссияға жататын адамда жарамды жол жүру құжаты немесе жеке басын куәландыратын құжаты болса, Сұрау салынатын тараптың құзыретті органына реадмиссия туралы қолдаухат немесе жазбаша өтініш білдіру, ал осы адам үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда, Сұрау салынатын тарап берген жарамды виза немесе тұруға рұқсат талап етілмейді.
      3. Егер Сұрау салатын тараптың шекаралас ауданында адам мемлекеттік шекараны заңсыз өткеннен кейін 48 сағаттың ішінде осы адам ұсталса, осы баптың 2-тармағына зиян келтірмей, егер ол тікелей Сұрау салынатын тараптың аумағынан өткен болса (жеделдетілген рәсім) Сұрау салатын тарап осындай адамның реадмиссиясы туралы қолдаухатты осындай адам ұсталғаннан кейін 2 күн ішінде жібере алады.
      4. Реадмиссия туралы қолдаухат, атап айтқанда:
      1) осы Келісімді іске асыру Хаттамасына сәйкес реадмиссияға жататын адам туралы қолда бар барлық мәліметтерді;
      2) осы Келісімнің 6-бабына сәйкес дәлелдемелерді қамтуы тиіс:
      5. Қажет болған жағдайда реадмиссия туралы қолдаухат сондай-ақ:
      1) осы адам осындай өтінішке нақты айтылған келісім берген жағдайда, беруге жататын адам көмекке немесе медициналық күтімге мұқтаж екені туралы куәландыратын арызды;
      2) беру жағдайында қажет болуы мүмкін қорғаныс және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

6-бап
Дәлелдемелер

      1. Осы Келісімнің 2-бабына сәйкес азаматтыққа қатыстылық дәлелдемелерінің түрлері және осы Келісімнің 3-бабына сәйкес үшінші мемлекеттердің азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты дәлелдемелер осы Келісімді іске асыру Хаттамасында қамтылған.
      2. Егер азаматтыққа қатыстылық дәлелдемелерінің бір де бірі осы Келісімнің 2-бабына сәйкес ұсынылмаса, Сұрау салынатын тараптың дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде реадмиссияға жататын адаммен оның азаматтығын анықтау мақсатында әңгімелесу өткізеді.

7-бап
Мерзімдер

      1. Реадмиссия туралы қолдаухат үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам кіру, болу немесе тұру шарттарын орындамағаны немесе орындауды тоқтатқаны туралы Сұрау салатын тараптың құзыретті органы білген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде Сұрау салынатын тараптың құзыретті органына беріледі.
      Егер мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы қолдаухат жоғарыда көрсетілген мерзім өткен соң берілген жағдайда, реадмиссияға қатысты міндеттеме туындамайды.
      Қолдаухатты уақтылы беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда негізделген сұрау салу негізінде жауап беру мерзімі оларды жойғанға дейін ұзартылады.
      2. Реадмиссия туралы қолдаухатқа жауапты Сұрау салынатын тарап дәлелсіз  кешігусіз және кез келген жағдайда мұндай қолдаухатты алған күннен бастап  14 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жіберілуі тиіс.
      Қолдаухатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде негізделген сұрау салудың негізінде жауап беру мерзімі барлық жағдайда 30 күнтізбелік дейін ұзартылады.
      3. Осы Келісімнің 5-бабының 3-тармағында көзделген жеделдетілген рәсім бойынша реадмиссия туралы қолдаухат жіберілген жағдайда реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жауап беріледі.
      4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдер ішінде жауап алынбаған болса, беру туралы мәселе келісілген деп есептеледі.
      5. Сұрау салатын тарапқа реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап бермеу себептері көрсетіледі.
      6. Келісімге қол жеткізілгеннен кейін немесе бұл қолайлы болғанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін реадмиссияға жататын адам 90 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Осы Келісімнің 5-бабының 3-тармағына сәйкес жеделдетілген рәсім қолданылған жағдайда адам 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
      Сұрау салатын тараптың өтініші бойынша бұл мерзім заңдық немесе практикалық кедергілерді жою үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.

8-бап
Беру шарттары және көлік түрлері

      1. Осы Келісімнің 5-бабының 2-тармағы үшін зиян келтірмей, реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары алдын ала жазбаша нысанда беру күні, шекара арқылы өткізу пункті, ықтимал ілесіп жүру және беруге қатысты басқа да мәселелер туралы келіседі.
      2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшін әуе және құрлық көлік түрі пайдаланылуы мүмкін.
      Мұндай адамды әуе көлігімен тасымалдау кезінде таңдау Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық әуе компанияларын пайдаланумен шектелмейді. Бұл мақсаттар үшін тұрақты да, чартерлік те рейстер пайдаланыла алады.
      Ілесіп жүру қажет болғанда ол Уағдаласушы тараптардың бірінің уәкілетті адамдарымен шектеледі.

3-БӨЛІМ
ТРАНЗИТ ТӘРТІБІ 9-бап
Қағидаттар

      1. Уағдаласушы тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитін мұндай адамдар баратын мемлекетке тікелей қайтарыла алмаған жағдайларда шектейді.
      2. Егер басқа транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы одан әрі жол жүруі мүмкіндігіне және баратын мемлекеттің оларды қабылдауына кепілдік берілсе, Сұрау салынатын тарап үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
      3. Сұрау салынатын тараптың талабы бойынша үшінші мемлекет азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзиті ілесіп жүрумен жүзеге асырылады.
      4. Сұрау салынатын мемлекет:
      1) егер баратын мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам азаптау, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлауға ұшырау, қарым-қатынасқа немесе жазалауға, өлім жазасы немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілілігі бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси көзқарастары үшін қудалану қаупі болса;
      2) егер Сұрау салынатын тарап мемлекетінде немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға тартылатын болса;
      3) халық денсаулығын қорғау, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік немесе Сұрау салынатын тараптың басқа да ұлттық мүдделері себебінен транзиттен бас тартуы мүмкін.
      5. Сұрау салынатын тарап, егер кейіннен осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергі жасайтын жағдайлар туындаса немесе анықталса немесе адамның басқа транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы жол жүруіне немесе баратын мемлекеттің қабылдау кепілдігі берілмесе, кез келген берілген рұқсатты кері қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда, Сұрау салатын тарап үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамды еш кідірусіз қабылдауы тиіс.

10-бап
Транзит рәсімі

      1. Транзит туралы қолдаухат Сұрау салынатын тараптың құзыретті органдарына жазбаша нысанда ұсынылады және ол мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) транзит түрі, транзит маршруты, транзит мемлекеттері, егер осындайлар болса, және баратын мемлекет;
      2) осы Келісімді іске асыру Хаттамасына сәйкес транзитке жататын адам туралы барлық қолда бар мәліметтер;
      3) пайдалануы ықтимал шекараны кесіп өту пункті, адамды беру уақыты және ықтимал ілесіп жүру;
      4) Сұрау салатын тараптың, оның пікірінше, осы Келісімнің 9-бабының 2-тармағында көзделген шарттардың орындалғаны және оған осы Келісімнің 9-бабының 4-тармағына сәйкес транзитті қабыл алмауға негіз болып табылатын жағдайлар туралы белгісіз екені туралы өтініші.
      2. Сұрау салынатын тарап осындай қолдаухатты алғаннан кейін 10 күнтізбелік ішінде жазбаша нысанда өзінің транзитке келісімі туралы Сұрау салатын тараптың құзыретті органына хабарлайды және шекараны кесіп өту пункті мен транзиттің жоспарланған уақытын растайды немесе транзиттен бас тарту және оның себептері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса, онда транзитке жататын адам және оған ілесіп жүруі мүмкін адамдар транзиттік визалар алу қажеттілігінен босатылады.
      4. Сұрау салынатын тараптың құзыретті органдары транзитті жүзеге асыруға, атап айтқанда аталған адамдарды қадағалауға және қажетті мүмкіндіктерді беруге жәрдемдеседі.
      5. Сұрау салатын тараптың ілесіп жүретін адамдары өздерімен бірге Сұрау салынатын тараптың транзитке келісімін растайтын құжаттардың көшірмелерін алып жүруі тиіс.
      Сұрау салатын тараптың ілесіп жүретін адамдары Сұрау салынатын тараптың аумағында ешқандай өкілеттілікке ие болмайды және қаруланбаған болады.

4-БӨЛІМ
ШЫҒЫСТАР 11-бап
Шығыстар

      Осы Келісімге сәйкес соңғы баратын мемлекеттің шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін реадмиссияны және транзитті жүзеге асыру кезінде туындайтын барлық шығыстар, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабына сәйкес адамдарды қайтаруға байланысты Сұрау салынатын тарап көтеретін оның шығыстары мұндай шығыстарды өтеуге Сұрай салатын тараптың құзыретті органдарының құқығына зиян келтірмей Сұрау салатын мемлекет реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен жабады.

5-БӨЛІМ
ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ 12-бап
Деректерді қорғау

      Дербес деректерді беру, егер бұл Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Дербес деректерді беру, өңдеу және қолдану кезінде Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары өз заңнамаларына сәйкес әрекет етеді.
      Осыған қосымша ретінде мынадай қағидаттар қолданылуы тиіс:
      1) дербес деректер әділ және заңды негізінде өңделуі тиіс;
      2) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты нақты, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуы тиіс, ал дербес деректерді беретін құзыретті органның да, оны алатын құзыретті органның оларды кейіннен өңдеуі көрсетілген мақсатқа келмейтіндей етіп жүзеге асыруы тиіс.
      3) дербес деректер бара-бар, іске қатысы бар және/немесе оларды жинау және/немесе кейіннен өңдеу жүзеге асырылатын мақсаттар аясы шамадан тыс болмауы тиіс.
      Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек қана мыналарға:
      реадмиссияға немесе транзитке жататын адам туралы мәліметтерге (аты, тегі, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе ол белгілі болған аттары, жынысы, азаматтық жағдайы, туған күні мен жері, қазіргі және бұрынғы кез-келген азаматтығы);
      паспорттарына, жеке куәлігіне, жүргізуші куәліктеріне немесе басқа да жеке куәліктеріне немесе жол жүру құжаттарына (нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берілген жері);
      аялдау орындары мен қозғалыс маршрутына;
      егер бұл өзінің мүддесі мен қоғамдық саулықты сақтау мүддесі үшін болса, оның денсаулығының жай-күйі туралы деректерді қоса алғанда, реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды сәйкестендіруге қажетті, осы Келісімге сәйкес реадмиссия үшін негіз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселесін зерттеу үшін өзге де ақпаратқа қатысты бола алады;
      4) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылған болуы тиіс;
      5) дербес деректер осы деректердің субъектілерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау және кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімнен ұзақ емес мерзімде сақталуы тиіс;
      6) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган, егер оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайда дербес деректердің түзету, жою немесе жауып тастау үшін, атап айтқанда бұл деректер іске қатысты барабар, дәл болып табылмаса немесе оларды өңдеу мақсаты аясында шектен тыс болып табылса, барлық саналы шараларды қолданады. Бұл басқа Уағдаласушы Тараптың аталған деректерді кез келген түзетулер, жою немесе жауып тастау туралы хабардар етуді көздейді;
      7) дербес деректерді алатын құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін құзыретті органды жіберілген деректерді қолданғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
      8) дербес деректер құзыретті органдарға ғана беріледі. Олардың басқа органдарға кейіннен берілуі дербес деректерді беретін құзыретті органның алдын ала жазбаша түрде келісімін талап етеді;
      9) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган дербес деректерді жіберуді және қабылдауды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті;
      10) Уағдаласушы Тараптар жеке деректерді заңсыз алудан, өзгертуден немесе жариялаудан тиімді қорғайды, деректері берілетін адам Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес берілген деректер туралы ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

6-БӨЛІМ
ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ 13-бап
Орындаушы ережелер

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Чех Республикасының Ішкі істер министрлігі осы Келісімді іске асыру жөніндегі Хаттама жасасады, ол атап айтқанда мыналарды:
      1) осы Келісімнің 6-бабына сәйкес құжаттар мен басқа да дәлелдерді,
      2) осы Келісімнің 5 және 10-баптарына сәйкес реадмиссия және транзит туралы қолдаухаттардың үлгі нысандарын,
      3) өзара іс-қимыл жасасу тәсілдерін қоса алғанда, осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдарды,
      4) осы Келісімді іске асыру үшін қолданылатын Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің әуежайларын және мемлекеттік шекараларын кесіп өту пункттерін.
      5) осы Келісімнің 11-бабына сәйкес шығыстардың толық сипаттамасын және оларды қайтару тәртібін қамтиды.

7-БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 14-бап
Басқа халықаралық міндеттемелерге қатысы

      Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің өздері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

15-бап
Дауларды шешу 

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты ықтимал даулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.

16-бап
Келісімге түзетулер

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және  осы Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

17-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама  дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен кейінгі екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
      2. Осы Келісімнің 3-бабының ережелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімнен бастап 18 ай өткеннен кейін қолданылады. Осы 18 айлық кезең ішінде олар Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тұруға жарамды рұқсаты бар азаматтығы жоқ адамдарға немесе үшінші мемлекеттердің азаматтарына немесе Уағдаласушы Тарап реадмиссия туралы келісім жасасқан мемлекеттермен үшінші мемлекеттердің азаматтарына ғана қатысты қолданылады.
      3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      4. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптың бірі екінші Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық арналар арқылы өзінің осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 ай өткенге дейін күшінде қалады.

      _______________ қаласында 20__ «__» _______ екі түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, чех, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының                  Чех Республикасының 
            Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 1 қарашадағы
№ 455 бұйрығымен  
мақұлданған    

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех
Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келетін адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру жөніндегі Қазақстан
Республикасы ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ арасындағы хаттамасы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Чех Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын),
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келетін адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабына сәйкес Келісімді орындау мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында:
      1. «Сұрау салатын Тарап» Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жіберетін құзыретті органды білдіреді;
      2. «Сұрау салынатын Тарап» Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жіберілген құзыретті органды білдіреді.
      3. «Үшінші мемлекеттің азаматы» - Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінен өзге азаматтыққа ие адам;
      4. «Азаматтығы жоқ адам» - азаматтығы жоқ адам.

2-бап
Өз азаматтарын реадмиссиялау

      1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы Келісімнің 
2-бабының 1-тармағына сәйкес:
      1) осы Хаттамаға 1-қосымшада санамаланған құжаттардың кез келгенімен олардың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе де дәлелденуі мүмкін. Егер осындай құжаттар ұсынылса, онда Сұрау салынатын тарап одан әрі тексерусіз азаматтықты таниды.
      Азаматтықты дәлелдеу жасанды немесе бұрмаланған құжаттардың негізінде анықтала алмайды;
      2) Осы Хаттамаға 2-қосымшада санамаланған құжаттардың кез келгені негізінде олардың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе де анықталуы мүмкін. Егер осындай құжаттар ұсынылатын болса, онда Сұрау салынатын Тарап егер оны  керісінше дәлелдей алмайтын болса, азаматтық анықталған болып есептеледі.
      Азаматтықты дәлелдеу жалған немесе бұрмаланған құжаттардың негізінде анықтала алмайды.

3-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау

      1. Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар болуы:
      1) осы Хаттамаға 3-қосымшаның А бөлігінде санамаланған құжаттардың кез келгенімен дәлелденуі мүмкін. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса, онда Сұрау салынатын тарап одан әрі тексермей, адамды реадмиссиялау үшін  шарттардың  бар екенін мойындайды;
      2) осы Хаттамаға 3-қосымшаның В бөлігінде санамаланған  құжаттардың кез келгені негізінде анықталуы мүмкін. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және  Сұрау салынатын тарап керісінше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшін  шарттардың  бар екенін мойындайды.
      2. Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес  үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін шарттардың бар екені:
      1) осы Хаттамаға 4-қосымшаның А бөлігінде санамаланған  құжаттардың кез келгенімен немесе басқа да дәлелдемелермен  дәлелденуі мүмкін Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және Сұрау салынатын тарап керісінше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшін  шарттардың бар екенін мойындайды.
      2) осы Хаттамаға 4-қосымшаның В бөлігінде санамаланған  құжаттардың кез келгені немесе басқа да дәлелдемелердің негізінде анықталуы мүмкін. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және Сұрау салынатын тарап керісінше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшін  шарттардың  бар екенін мойындайды.
      3. Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін шарттардың бар екенін дәлелдеу қолдан жасалған немесе бұрмаланған құжаттардың негізінде анықтала алмайды.

4-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат

      1. Реадмиссия туралы қолдаухат Келісімнің 5-бабына сәйкес осы Хаттамаға 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады. Реадмиссия туралы қолдаухат және оған жауап алдын ала факсимильдік байланыс арқылы жолданады.
      2. Егер Келісімнің 6-бабының 2-тармағына сәйкес әңгімелесу жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, онда әңгімелесу туралы сұрау салу реадмиссия туралы қолдаухаттың F бөлімінде көрсетіледі.
      3. Қолдаухатқа оларға сәйкес Сұрау салынатын тарап мемлекетінің азаматтығы дәлелденген болса немесе оның негізінде үшінші мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін жағдайлардың болуы белгіленген болса, құжаттардың көшірмелері тіркеледі.
      4. Уағдаласушы тараптар Келісім мен осы Хаттама күшіне енген соң он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей оларға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының азаматтығы дәлелденетін үлгі құжат нысандарымен, сондай-ақ Келісімнің 3-бабының 3-тармағына сәйкес жүру құжатының үлгі нысанымен алмасады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды және оған құжаттың өзгертілген немесе жаңа нысанын жолдайды.

5-бап
Ілесіп жүріп беру

      1. Егер реадмиссияға жататын адамға көмек көрсету немесе оның денсаулығы жай-күйіне не болмаса жасына байланысты медициналық көмек көрсетуде мұқтаж болса немесе оны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса, онда оған ілесіп жүру ұсынылады.
      2. Реадмиссияға жататын адамға ілесіп жүру қажеттілігі реадмиссияға жататын адамды беру есебінде көрсетіледі, ол осы Хаттамаға 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша екі данада жасалады.

6-бап
Транзит туралы қолдаухат

      1. Транзит туралы қолдаухат осы Хаттамаға 7-қосымшада көрсетілген нысан бойынша Келісімнің 10-бабына сәйкес жасалады.
      2. Транзит туралы қолдаухат транзит көзделген уақыттан 14 күнтізбелік күн бұрын жолданады. Транзит туралы қолдаухат және оған жауап алдын ала факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі.

7-бап
Құзыретті органдар

      1. Келісімді және осы Хаттаманы іске асыру үшін құзыретті органдар:
      1) Қазақстан Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      2) Чех Республикасы үшін
      Чех Республикасының полициясы
      Шетелдіктер ісі жөніндегі полиция қызметінің басқармасы.
      2. Уағдаласушы тараптар осы Хаттама күшіне енуі алдында осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды мекенжайларымен, құзыретті органдардың телефон нөмірлері мен факсимильдік аппараттардың нөмірлерімен алмасады.
      Осы тармақта көрсетілген байланыс мәліметтері өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы  Тарапқа дереу хабарлайды және оларға өзгертілген немесе жаңа байланыс мәліметтерін жібереді.

8-бап
Шекарадан өту пункттері

      1. Келісімді және осы Хаттаманы іске асыру үшін құзыретті органдар осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес мемлекеттік шекарадан өтудің мынадай пункттерін пайдаланады:
      1) Қазақстан Республикасы үшін
      - Астананың халықаралық әуежайы,
      - Алматының халықаралық әуежай;
      2) Чех Республикасы үшін:
      Прага қаласының Ruzynе әуежайы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік шекаралардан өту пункттерінің тізімінде өзгерістер болған жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды және оларға өзгертілген мәліметтерді жібереді.

9-бап
Шығыстарды өтеу

      1. Келісімнің 11-бабына сәйкес Сұрау салатын тараптың мемлекеті Сұрау салынатын Тараптың мемлекетіне шотты алған соң, 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей Сұрау салынатын тарап мемлекетінің шотына банктік аударым арқылы барлық келген шығыстардың орнын толтырады. Жоғарыда аталған шығыстар мыналарға қатысты:
      1) тасымалдау
      2) отырғызу,
      3) тұру,
      4) жедел медициналық қызмет көрсету,
      5) қажет болған жағдайда аудармашымен қамтамасыз ету,
      6) осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес алдын ала құзыретті органдар келіскен басқа да шығыстар.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өтелетін шығыстардың сомасы Сұрау салатын Тараптың заңнамасымен реттеледі және нақты шығындарды дәлелдейтін құжаттардың негізінде белгіленеді.
      3. Тасымалдау шығыстары дегеніміз қызмет көрсету автомашинасын немесе қоғамдық көлікті пайдалану арқылы жол жүру шығындарын білдіреді; таксиді пайдалануға арналған шығындар болмайды. Басқа негізгі шығыстар барынша көп тиімділік қағидатын негізделген шығындарды ғана қамту қажет.
      4. Сұрау салынатын тарап мемлекеті осы баптың 1-тармағына сәйкес алдағы күнтізбелік айы ішінде шығыстарды өтеу шотын ұсынуы тиіс.
      5. Шығындарды өтеу шотына нақты шығындарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      6. Осы баптың 1-тармағының ережелері ілесіп жүретін адамдарға да қолданылады.

10-бап
Тілдер

      Келісімді және осы Хаттаманы іске асыру үшін құзыретті органдар ағылшын және орыс тілдерін пайдаланады.

11-бап
Дауларды шешу

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты ықтимал даулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.

12-бап
Өзгертулер мен толықтырулар

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға хаттамамен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

13-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Хаттама Келісім күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтауымен бір уақытта өз әрекетін тоқтатады.
      3. Осы Хаттаманың ережелері Келісім тоқтата тұрылған кезең ішінде қолданылмайды.

      ________________ қаласында 20___жылғы  «___» ________ екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, чех, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы                 Чех Республикасының
   Ішкі істер министрлігі үшін            Ішкі істер министрлігі үшін

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
1-қосымша         

АЗАМАТТЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕУ ТІЗІМІ
(осы Хаттаманың 2-бабының 1-тармағы)

      1. Қазақстан Республикасы үшін:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      тұруға рұқсаты;
      азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
      Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;
      Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
      туу туралы куәлігі;
      оралуы құжаты.
      2. Чех Республикасы үшін
      кез келген жол жүру құжатының түрі (ұлттық паспорт, дипломаттық паспорт, қызметтік паспорт, төтенше паспорт);
      Чех Республикасының жеке куәлігі;
      азаматтық куәлігі.

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
2-қосымша         

АЗАМАТТЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТІЗІМІ
(осы хаттаманың 2-бабының 2-тармағы)

      Осы Хаттамаға 1-қосымшада санамаланған кез келген құжаттардың фотокөшірмелері;
      азаматтығы көрсетілген немесе айтылған кез келген ресми құжат немесе оның фотокөшірмесі;
      әскери билет, тіркеу куәлігі, әскери қызмет кітапшасы, әскери жеке куәлік немесе оның фотокөшірмелері;
      теңізшінің тіркеу кітапшасы немесе оның фотокөшірмесі;
      жүргізуші куәлігі немесе оның фотокөшірмесі;
      туу туралы куәлік немесе оның фотокөшірмесі;
      қызметтік куәлік немесе оның фотокөшірмесі;
      куәлардың дәлелді сөздері;
      адамның өзінің дәлелді сөздері;
      Чехия Республикасы азаматтарының жағдайында қосымша мыналар ұсынылады: Чехия Республикасының азаматтығын көрсететін Чехословакия Республикасының, Чехословакия Социалистік Республикасының, Чех және Словакия Федеративтік Республикаларының жеке куәлігі;
      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің азаматтығын анықтауға көмектесе алуы мүмкін кез келген құжат.

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
3-қосымша         

ҮШІНШІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ
АЗАМАТТЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕУ ТІЗІМІ
(осы Хаттаманың 3-бабының 1-тармағы)

A

      - жеделдетілген рәсім мақсатында, атап айтқанда қаралатын адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына кіргенін куәландыра алатын Сұрау салатын Тарап мемлекетінің уәкілетті шекаралық органының қызметкері жасаған ресми арызы;
      - қаралып отырған адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына кіргенін куәландыратын халықаралық тасымалдардың әуе рейстеріне, пойыздарына, автобустарына арналған атаулы билеттер;
      - қаралып отырған адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына кіргенін куәландыратын әуе, теміржол және автобуспен жүрген жолаушылардың тізімі.

B

      - атап айтқанда қаралатын адамның Сұрау салынатын тарап мемлекетінің аумағынан тікелей Сұрау салушы тарап мемлекетінің аумағына кіргенін куәландыра алатын Сұрау салушы тарап мемлекетінің уәкілетті шекаралық органының қызметкері және басқа да куәлар жасаған ресми арыздары;
      - қаралып отырған адамның Сұрау салатын мемлекеттің аумағында анық қалғанын көрсететін құжаттар, куәліктер, кез келген түрдегі шоттар (мысалы қонақ үй шоты, дәрігерлер/дантисттер үшін тағайындау карталары, қоғамдық/жеке ұйымдар үшін кіру карталары, автомобильдерді жалға алу туралы келісімдер, кредиттік карталары бойынша қолхаттар және т.б.);
      - қаралып отырған адамның курьердің немесе туристік агенттіктің қызметтерін пайдаланғанын көрсететін ақпарат;
      - қаралып отырған адамның сот немесе әкімшілік сот іс жүргізуінде жазған ресми арызы.

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
4-қосымша         

ҮШІНШІ МЕМЛЕКЕТТЕР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ
АДАМДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТІЗІМІ
(осы Хаттаманың 3-бабының 2-тармағы)

А

      Сұрау салынатын Тараптың мемлекеті берген жарамды виза және/немесе тұруға рұқсаты;
      Қаралып отырған адамның жүру құжатындағы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің кіру/шығу мөрі немесе басқа кіру/шығу куәлігі.

B

      осы қосымшаның А бөлігінде санамаланған құжаттардың кез келгенінің фотокөшірмелері;
      қаралып отырған адамның сот немесе әкімшілік сот іс жүргізуінде жасалған ресми арызы.

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
5-қосымша        

      [эмблема ….]   

...........................           ...........................
........................... (орны және күні)
(Сұрау салатын мемлекеттің
уәкілетті органының атауы)
                                     _
Reference: ..................       |_| жеделдетілген рәсімдер

...........................
...........................
...........................
(Сұрау салынатын мемлекеттің
құзыретті органының атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех
Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз келетін адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ҚОЛДАУХАТ

A. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ
1. Толық аты (тегін сызу қажет):                 ____________
.........................................        |           |
2. Бұрынғы тегі / туған кезіндегі тегі:          |           |
.........................................        | Photograph|
3. Туған күні және орны:                         |           |
.........................................        |___________|
4.  Шығу мемлекетінде тұру немесе тұрақты тұратын жердің мекенжайы:
...................................................................
...................................................................
5. Ұлты және тілі:
...................................................................
...................................................................
6. отбасы жағдайы:  __ үйленген/тұрмыста   __ бойдақ   __ ажырасқан
   __  тұл еркек
7. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсі,
ерекше белгілері және т.б..):
...................................................................
................................

8. Сонымен бірге мыналар бойынша белгілі (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгілі аттары немесе лақап аттары):
...................................................................
................................

Егер үйленген/тұрмыста болса: жұбайының аты
...................................................................

      балалардың аты және жасы (егер бар болса)
....................................................
....................................................
....................................................
....................................................

9. Сұрау салатын мемлекеттегі соңғы мекенжайы:
..................................................................

B. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ (ЕГЕР БАР БОЛСА) 
1. Толық аты (тегін сызу қажет):
..............................................................
2. Бұрынғы тегі / туған кезіндегі тегі:
..............................................................
3. Туған күні және орны:
..............................................................
4. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсі,
ерекше белгілері және т.б..):
..............................................................
........................
5. Сонымен бірге мыналар бойынша белгілі (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгілі аттары немесе лақап аттары):
...................................................................
6. Ұлты және тілі:
...................................................................

C. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ (ЕГЕР БАР БОЛСА)
1. Толық аты (тегін сызу қажет):
..............................................................
2. Туған күні және орны: ..............................................................
3. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсі,
ерекше белгілері және т.б..):
..............................................................
4. Ұлты және тілі:
.................................................................
..........................................................
D. ҚОСА БЕРІЛЕТІН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ТҮРЛЕРІ
1...........................            ............................
(Паспорт нөмірі.)                        (берген күні және орны)
............................            ............................
(берген орган)                           (жарамдылық күні)
2...........................            ............................
(жеке куәлігінің нөмірі.)                (берген күні және орны)
............................            ............................
(берген орган)                           (жарамдылық күні)
3...........................            ............................
(жүргізуші куәлігінің нөмірі.)           (берген күні және орны)
............................            ............................
(берген орган)                           (жарамдылық күні)
4...........................            ............................
(басқа да ресми құжаттың нөмірі)         (берген күні және орны)
............................            ............................
(берген орган)                           (жарамдылық датасы)

E. ТАСЫМАЛДАУҒА ЖАТАТЫН ЕРЕКШЕ МӘН-ЖАЙЛАР
1. Денсаулық жағдайы
(e.g. арнайы медициналық жүгіну бойынша ықтимал сілтемелер;
аурудың латын тіліндегі атауы):
..................................................................
..................................................................
2. қауіпті адамдарды бөлек көрсету
(e.g. suspected of offence; агрессиялық мінез):
.................................................................
.................................................................
F. ЕСКЕРТУЛЕР:
.................................................................
.................................................................
.................................................................

...................................................
(Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органының қолы) (мөрі)

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
6-қосымша         

.......................................
Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы

                                                   сілтеме №:
.......................................
Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз келетін адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімді іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы ІІМ мен Чех
Республикасы ІІМ арасындағы хаттаманың 5 (2)-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯҒА ЖАТАТЫН АДАМДЫ БЕРУ ЕСЕБІ

А. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ
1. Толық аты (тегін сызу қажет): .................................
2. Туған күні және орны:..........................................
3. Ұлты:
..................................................................
4. Жынысы
..................................................................
B. ІЛЕСІП ЖҮРЕТІН ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ
1. Толық аты (тегін сызу қажет):..................................
2. Туған күні және орны: .........................................
3. Жынысы:........................................................
4. Ұлты:
C. Ілесіп жүретін балалардың жеке деректері
1. Толық аты (тегін сызу қажет): ................................
2. Туған күні және орны: ........................................
3. Жынысы: ......................................................
4. Ұлты: ........................................................

D. РЕАДМИССИЯҒА ЖАТАТЫН АДАМҒА ТИЕСІЛІ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛМА ҚОЛ
АҚШАСЫ
1. .............................
2. .............................
3. .............................

Ескерту: .......................................

(Күні) ...............
(Орны) ...............

Сұрау салатын мемлекеттің                Сұрау салынатын мемлекеттің
құзыретті органы үшін                    құзыретті органы үшін
Аты:                                     Аты:
Тегі:                                    Тегі:
Лауазымы:                                Лауазымы:
Қолы:                                    Қолы:

Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз 
келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасы
ІІМ мен Чех Республикасы ІІМ
арасындағы хаттамаға   
7-қосымша         

       [эмблема ….]   

...........................           ...........................
........................... (орны және күні)
(Сұрау салатын мемлекеттің
уәкілетті органының атауы)
 
Сілтеме: ..................

...........................
.........
...........................
.........
...........................
.........
(Сұрау салынатын мемлекеттің
құзыретті органының атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының
Үкіметі арасындағы Заңсыз келетін адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімнің 10-бабына сәйкес
ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ ҚОЛДАУХАТ

A. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ (егер бар болса)

1. Толық аты (тегін сызу қажет):                 ____________
.........................................        |           |
2. Бұрынғы тегі / туған кезіндегі тегі:          |           |
.........................................        | Photograph|
3. Туған күні және орны:                         |           |
.........................................        |___________|
4. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсі,
ерекше белгілері және т.б..):
.........................................
5. Сонымен бірге мыналар бойынша белгілі (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгілі аттары немесе лақап аттары):
.........................................................
.........................................................
6. Ұлты және тілі:
.........................................................
.........................................................

B. ТРАНЗИТ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯ
1. Транзит түрі
      әуе бойынша     жермен
2. Баратын мемлекет
.........................................................

3. Транзиттің басқа да ықтимал мемлекеттері
.........................................................
4. Шекарадан өтудің болжамды пункттері, тасымалдау күні, уақыты
және ықтимал ілесіп жүрудің детальдары (ілесіп жүруші мүшелерінің
аттарын қамти отырып)
.........................................................
.........................................................
.........................................................
5. Кез келген транзит мемлекетке және баратын мемлекетке кепілденген
кіруі Келісімнің 9 (2)-бабы
     иә         Жоқ
6. транзитте бас тарту үшін қандай да бір себептердің болуы
Келісімнің 9 (4)-бабы
     иә         Жоқ
C. ЕСКЕРТУЛЕР
.........................................................
.........................................................
.........................................................
(Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органының қолы) (мөрі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады