Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі – тауар өндірушілер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар тауар өндірушілерге:
      1) сиыр етін, шошқа етін, бройлерлік құс еті мен күрке тауық етін (бұдан әрі - құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі - тағамдық жұмыртқа) өндіру үшін пайдаланылатын құрама жемнің және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрі - маңыздандырылған азық) құнын ішінара (45%-ға дейін) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнін (бұдан әрі - биязы жүн), қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндірушілерге сиыр еті, шошқа еті, сүт, қой еті, жылқы еті және биязы жүннің есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарына (бұдан әрі - қайта өңдеу кәсіпорындары), сою алаңдарына (пункттеріне) немесе қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін пайдалану шартымен еркін нарықта, ал құс еті, тағамдық жұмыртқа, қымыз және шұбаттың облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квоталар шегінде еркін нарықта сатылған іс жүзіндегі көлеміне төленеді;
      2) ірі қара малдың аналық басын (бұдан әрі - сиырларды) азықтандыру үшін пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрі - азықтың) құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға арналады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталарды айқындау тұқым мен өнімділік бағытына байланысты өнім шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға облысқа жеткізілген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшін негіз ретінде өнімділіктің орташа аудандық статистикалық көрсеткіші алынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшамен белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер өндірген сиыр еті, шошқа еті, биязы жүн, қой еті, жылқы еті, қымыз, шұбат, құс еті, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрі – өнім);
      2) тауар өндірушілер одан әрі қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшін басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнім;
      3) өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге беруді немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндірушілер айырбас бойынша сатқан өнім;
      4) жеке аулада сойылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
      5) жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндік және шектеу іс-шараларының әрекет ету кезеңінде тауар өндірушілер алған өнім;
      6) тауар өндірушілер бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшін пайдаланатын азық.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнімінің 1 (бір) килограмына, 1 (бір) данасына, сондай-ақ 1 (бір) бас сиырға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:
      1) субсидиялар алуға өтінімдер нысаны;
      2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнімін сату туралы жиынтық актінің нысаны, сондай-ақ сиыр саны;
      3) субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталар мен бюджеттік субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімінің нысаны;
      4) мал шаруашылығы өнімінің сатылған көлемі, сондай-ақ сиыр саны мен субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомость нысаны;
      5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнінде есеп (ақпарат) нысаны;
      6) мал шаруашылығы өнімін сату көлемі жөнінде есеп (ақпарат) нысаны.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен анықталады.
      8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге аударады.

2. Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      9. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте құс фабрикалары өздерiнiң бюджеттiк субсидияларды алуға арналған өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiсiп, содан соң Бөлiмге тапсырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының белгіленген өлшемдерге сәйкестігін тексереді және олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны аудан әкіміне бекітуге жібереді, ал өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған өтінімдерді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып, оларды тауар өндірушілерге кері қайтарады.
      Бөлім жиынтық тізімді бекіткеннен кейін, оны тауар өндірушілердің өтінімдерімен бірге облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
      11. Комиссия:
      1) жеті жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
      2) тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындысы бойынша облыс әкіміне:
      тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, субсидияланатын мал шаруашылығы өнімдерін сатудың жоспарланған көлеміне квоталар бөлуді және субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың арасындағы бюджеттік субсидиялар мөлшерін;
      тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында азық бағасын арзандатуға бюджеттік субсидия алуға арналған квоталарды бөлуді бекітуге ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Тауар өндірушілер өтінім білдірген бюджеттік субсидиялар көлемі облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, Комиссия өлшемдердің неғұрлым жоғары деңгейіне жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдерін басымдық ретімен қанағаттандырады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Облыс әкімі өз шешімімен Комиссияның ұсынуы бойынша мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімін бекітеді. Бекітілгеннен кейін Басқарма Министрлікке, тиісті Бөлімдерге, ал құс өнімдері бойынша «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін бір-бір данадан жібереді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14. Сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан жағдайда:
      сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;
      сатылған өнімге төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесін – банктің төлем тапсырмасы немесе кіріс-кассалық ордер, сондай-ақ шот-фактура (бұдан әрі – төлем құжаттары);
      2) өнімді дербес сатқан жағдайда:
      сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесі;
      өнімді бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтер үшін (өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесі;
      сиыр етін сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме.
      3) өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпордарына немесе цехына берген жағдайда:
      белгіленген үлгідегі жүкқұжат;
      сатылған өнімге тауарлы-көліктік жүкқұжаттардың тізімі;
      сиыр етін сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме.
      Қымыз және шұбат бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер мен құс фабрикалары Бөлімге сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады.
      Азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидия алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің селекциялық және асылдандыру жұмысына қатысқанын растайтын селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан деректердің үзінді көшірмесі;
      заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 24-аш статистикалық есептілік нысанынан есептің көшірмесі немесе үзінді көшірме, ал жеке тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – сиыр басы санының болуын растауға арналған шаруашылық кітабынан үзінді көшірме.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      15. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша бюджеттік субсидияларды алушылардың жиынтық актісін жасайды және аудан әкімі бекіткеннен кейін жиналған құжаттарды осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша біріктірілген жиынтық ведомость пен төлеуге берілетін шоттар қалыптастыратын Басқармаға қарауға және төлеуге ұсынады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушілерге қайтарады.
      17. Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың 2 данасымен қоса төлеуге берілетін шоттардың тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      18. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      19. Басқарма Министрлікке ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей бекітілген нысандар бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің мал        
шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін  
және сапасын арттыруды субсидиялауға  
2011 жылғы республикалық бюджеттен  
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасына          
1-қосымша               

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қолда бары

1. Ірі қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге (1 -деңгей)

1.

Бір мезгілде кемінде 3 000 бас ірі қара малды бордақылайтын қуаты және дамыған инфрақұрылымы бар мамандандырылған алаңның болуы:
- алаңы 1 басқа кемінде 15 ш.м. болатын малды күтіп-бағуға арналған ашық қоралар;
- ені 3 метрден кем емес бетон жиекті азық беруге арналған науа;
- 1 басқа кемінде 50 л. есебінен жылытылатын автоматтандырылған суару көзімен қамтамасыз етілуі;
- қалдық су мен қар суын шығарып тастауға арналған бұрышы еңіс мүйізі бар дренаждық жүйе;
- қуаты тәулігіне 1 басқа кемінде 8 кг құрама жем дайындау не тарату есебінен азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының қажетті саны;
- бекіткіші бар жіктегіштің болуы, таразы құрылғысы;
- ветеринариялық пункттің, азық сақтау қоймасының болуы.

2.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

3.

Ірі қара (союға өткізілетін) малдың тірілей салмағы

кг

450-ден кем емес

4.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Малдың сәйкестендіру нөмірінің және Қазақстан Республикасының бірыңғай сәйкестендіру дерекқорында тіркеуінің болуы

2. Ipi қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге (2-деңгей)

1.

Бір мезгілде кемінде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты және дамыған инфрақұрылымы бар мамандандырылған алаңның болуы:
- алаңы 1 басқа кемінде 15 ш.м. болатын малды күтіп-бағуға арналған ашық қоралар;
- ені 3 метрден кем емес бетон жиекті азық беруге арналған науа;
- 1 басқа кемінде 50 л. есебінен жылытылатын автоматтандырылған суару көзімен қамтамасыз етілуі;
- қалдық су мен қар суын шығарып тастауға арналған бұрышы еңіс мүйізі бар дренаждық жүйе;
- қуаты тәулігіне 1 басқа кемінде 8 кг құрама жем дайындау не тарату есебінен азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының қажетті саны;
- бекіткіші бар жіктегіштің болуы, таразы құрылғысы;
- ветеринариялық пункттің, азық сақтау қоймасының болуы.

2.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

3.

Ірі қара (союға өткізілетін) малдың тірілей салмағы

кг

400-ден кем емес

4.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Малдың сәйкестендіру нөмірінің және Қазақстан Республикасының бірыңғай сәйкестендіру дерекқорында тіркеуінің болуы

3. Ipi қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге (3-деңгей)

1.

2011 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мал басының болуы

бас

300-ден кем емес

2.

Ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:
- алаңы 1 басқа кемінде 10 ш.м. болатын малды күтіп-бағуға арналған ашық қоралар;
- 1 басқа кемінде 50 л. есебінен жылытылатын автоматтандырылған суару көзімен қамтамасыз етілуі;
- азық дайындау техникасының болуы;
- жіктегіштің және таразы құрылғысының болуы;

3.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

4.

Ірі қара (союға өткізілетін) малдың тірілей салмағы*

кг

370-тен кем емес

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің болуы

7.

Малдың сәйкестендіру нөмірінің және Қазақстан Республикасының бірыңғай сәйкестендіру дерекқорында тіркеуінің болуы

4. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (1-деңгей)

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншікті аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

600-ден кем емес

оның ішінде асыл тұқымды мал

%

100-ден кем емес

сауын сиырлардың орташа жылдық саны (2010 жылдың қорытындысы)

бас

400-ден кем емес

табын бойынша орташа сауым 2010 жылдың қорытындысы)

кг

4500-ден кем емес

тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешенінің (механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару және азық цехі) болуы

Немесе асыл тұқымды мал жиналған және 2007 жылдан бастап пайдалануға енгізілген жаңа өндіріс (жаңа сүт кешені)

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Азық базасының болуы

5.

Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы**

5. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (2-деңгей)

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншікті аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

300-ден кем емес

оның ішінде асыл тұқымды мал

%

50-ден кем емес

сауын сиырлардың орташа жылдық саны (2010 жылдың қорытындысы)

бас

200-ден кем емес

табын бойынша орташа сауым (2010 жылдың қорытындысы)

кг

3000-нан кем емес

2.

Сүт жинағышы бар машиналы сауынның (танк) болуы

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4.

Шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

5.

Азық базасының болуы

6.

Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы**

6. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (3-деңгей)

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

100-ден кем емес




сауын сиырлардың орташа жылдық саны (2010 жылдың қорытындысы)

бас

60-тан кем емес

табын бойынша орташа сауым (2010 жылдың қорытындысы)

кг

2200-ден кем емес

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Азық базасының болуы

5.

Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы**

7. Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшін мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша аналық мал басының болуы

бас

50-ден кем емес

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Малды күтіп-бағуға арналған үй-жайдың болуы

4.

Аналық мал басын сақтау бойынша міндеттеменің болуы

5.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

6.

Жем-шөп дақылдарының және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарының және (немесе) жем-шөп сатып алуға арналған шарттың болуы

7.

Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы

8. Шошқа бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға негізгі және мал басын толықтыратын мегежіндердің болуы

бас

50

оның ішінде асыл тұқымды мал немесе тұқымаралық шағылыстырудан алынған мал

%

70-тен кем емес

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы шошқаның орташа жылдық саны) болуы (2010 жылдың қорытындысы)

бас

100-ден кем емес

3.

Оның ішінде өз төлінен өсірілген

%

80-нен кем емес

4.

Шошқаны бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

5.

Шошқаны бордақылау тұрақты болуы тиіс

6.

Шошқаның (союға өткізгенде) тірілей салмағы*

кг

90-нан кем емес

7.

Азықтың болуы

8.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

9. Қой етін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға саулықтардың (2 жастан ересек) болуы

бас

600-ден кем емес

2.

Қойды күтіп-бағуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

3.

Қойдың (союға өткізгенде) тірілей салмағы болуы тиіс*

кг

40-тан кем емес

4.

Азық базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10. Жылқы еті өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға биенің (3 жастан ересек) болуы

бас

75-тен кем емес

2.

Жылқының (союға өткізгенде) тірілей салмағы болуы тиіс*

кг

300-ден кем емес

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11. Қымыз өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға биенің (3-жастан ересек) 1 бас болуы

бас

35-тен кем емес

2.

Сауын биенің орташа жылдық саны

бас

15-тен кем емес

3.

Цехтің (үй-жай, қымыз өндіретін және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Азық базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12. Шұбат өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға түйенің аналық басының (3-жастан ересек) болуы

бас

30-дан кем емес

2.

Сауын інгендердін, орташа жылдық саны

бас

10-нан кем емес

3.

Цехтің (үй-жай, шұбат өндіретін және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Азық базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

13. Биязы жүн өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылғы 1 қаңтарға саулық қой басының (2 жастан ересек) болуы

бас

600-ден кем емес

2.

Асыл тұқымды малдың болуы

%

100-ден кем емес

3.

Қойларды күтіп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

4.

Қырқылған жүннің физикалық салмағы (2010 жылдың қорытындысы)

кг

3-тен кем емес

5.

Жүннің сапасы ***

64 сападан кем емес

6.

Биязы жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу

7.

Азық базасының болуы

8.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

14. Құс етін өндіретін тауар өндірушілерге (1-деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торда немесе еденде ұстау үшін 8 жылдан аспаған технологиялық жабдықтың болуы, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнім» белгісі, ХАССП азық-түлік қауіпсіздік жүйесі) бірінің немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа объектінің (жаңа құс фабрикасы) болуы.

2.

Өндірістің жылдық көлемі (2011 жылдың жоспары)

тонна

300-ден кем емес

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(2-деңгей)

1.

Өндірістің жылдық көлемі (2011 жылдың жоспары)

тонна

300-ден кем емес

2.

Ветеринариялық қолайлылық

15. Тауарлық жұмыртқа өндіретін тауар өндірушілерге (1-деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торда немесе еденде ұстау үшін 8 жылдан аспаған технологиялық жабдықтың болуы, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнім» белгісі, ХАССП азық-түлік қауіпсіздік жүйесі) бірінің немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа объектінің (жаңа құс фабрикасы) болуы.

2.

Жұмыртқалайтын тауықтардың орташа жылдық саны ****

бас

100 000-нан  кем емес

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(2-деңгей)

1.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

2.

Жұмыртқалайтын тауықтардың орташа жылдық саны ****

бас

100 000-нан кем емес

      Ескертпе:
      * Малдың (союға өткізілетін) тірілей салмағы тауар өндіруші қызметтерін пайдаланған (малды сою жөніндегі), есепке алу нөмірі (коды) бар мал шаруашылығы өнімдері сатылған, тіркеу нөмірі (коды) бар өңдеуші кәсіпорын берген анықтамамен расталуға тиіс.
      ** Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасына тіркелуге тиіс.
      *** Жүннің сапасы жүн сапасын бағалау жөніндегі зертхана берген анықтамамен расталады.
      ***** Құс фабрикалары үшін тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлеміне квотаны жеткізген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негіз ретінде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа 280 данадан көп емес).

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігін және сапасын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы
республикалық бюджеттен берілетін 
ағымдағы нысаналы трансферттерді 
пайдалану қағидасына       
2-қосымша           

1. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Өнімнің түрі

Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1.

Сиыр еті - 1 деңгей

құрама азық

220

2.

Сиыр еті - II деңгей

құрама азық

170

3.

Сиыр еті - III деңгей

құрама азық

120

4.

Сиыр еті - III деңгей

құнарлы жемшөп

100

5.

Шошқа еті

98

6.

Құс еті - 1 деңгей

66


Құс еті - II деңгей

60

7.

Күрке тауық еті

60

8.

Жұмыртқа - І деңгей

2,6

Жұмыртқа - II деңгей

2

2. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі

Р/с

Өнімнің түрі

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмының өзіндік құны, теңге

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмын арзандату нормативі, %

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1.

Сүт - І деңгей

68

36,7

25

2.

Сүт - II деңгей

47

32

15

3.

Сүт - III деңгей

47

21,3

10

4.

Жүн (биязы)

360

29,2

105

5.

Қой еті

420

11,9

50

6.

Жылқы еті

460

20

92

7.

Қымыз

345

17,4

60

8.

Шұбат

341

16,1

55

3. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар нормативі 

Р/с №

Өнімнің түрі

Сиырдың 1 басына бюджеттік субсидия нормативі, теңге

1.

Ірі қара мал

4500

«Бекітемін»
______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы _______ (аты-жөні, қолы, мөрі)
2011 жылғы «__» ___________

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігін және сапасын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы
республикалық бюджеттен берілетін 
ағымдағы нысаналы трансферттерді 
пайдалану қағидасына       
3-қосымша           

         ___________ облысы бойынша 2011 жылғы ___________
___________________________________өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі

біріктірілген жиынтық ведомосі

Атауы

Өнім өткізудің жылдық квотасы, тонна, мың дана

1 кг, дана өнімді арзандату нормативі, теңге

Субсидиялардың жалпы қажеттілігі, теңге

Іс жүзінде сатылған өнім, тонна, мың дана

Өнім өндірісі және оны өткізу үшін іс жүзінде пайдаланылған құрама азықтар (құнарлы азықтар), тонна

Жыл басынан бастап субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге

Төленуге жатады, теңге

тауар өндірушілер

өнімдер

жыл басынан бастап

есепті айда

жыл басынан бастап

есепті айда














Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға)
________________ (аты-жөні, қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) ________________ (аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады