Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 242 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 306-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлін бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне тіркеуді қамтамасыз етуі;
3) асыл тұқымды малдардың тізілімін, ал, ірі қара мал шаруашылығында жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорын жүргізу үшін тиісті деректер ұсынуы тиіс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сатып алынған асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбiр түрiне бюджеттiк субсидиялар нормативi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 1 қарашадан кеш емес мерзiмде аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан асыл тұқымды мал төлін, тұқымдық бұқалар ұрығын, сондай-ақ отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан ата-тектiк және ата-енелiк нысаннан құралған балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алудың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте отандық тауарлы құс фабрикалары өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiседi.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 24 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Сатып алынған малдар асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімінде, ал асыл тұқымды ірі қара мал бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорында және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасап, оны бекітеді және төлем құжаттарының көшірмелерімен қоса, Басқармаға ұсынады.
Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтару себептерін көрсетіп, оларды тауар өндірушілерге қайтарады.
Сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлінің арзандатылғаны туралы мәліметті Басқарма бюджеттік субсидияны тауар өндірушінің банктік шотына аударған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Бөлім бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне енгізуі тиіс.";
осы қаулыға 1-қосымшаның ескертпесінде:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Малдың бірдейлендіру нөмірінің және ірі қара мал өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін талапты Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорында тіркеудің болуы»;
2) «Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте құс фабрикалары өздерiнiң бюджеттiк субсидияларды алуға арналған өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiсiп, содан соң Бөлiмге тапсырады.»;
14-тармақтың екінші бөлігінде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің селекциялық және асылдандыру жұмысына қатысқанын растайтын селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан деректердің үзінді көшірмесі;»;
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 24-аш статистикалық есептілік нысанынан есептің көшірмесі немесе үзінді көшірме, ал жеке тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – сиыр басы санының болуын растауға арналған шаруашылық кітабынан үзінді көшірме.»;
осы қаулыға 1-қосымшада:
7-бөлімде:
5-жол алынып тасталсын;
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жем-шөп дақылдарының және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарының және (немесе) жем-шөп сатып алуға арналған шарттың болуы».
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов