Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне
мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23, 24-құжаттар, 146-құжат; 2011 жылғы 12 наурыздағы № 90-91 «Казахстанская правда»; 2011 жылғы 10 наурыздағы № 72-75 (26477) «Егемен Қазақстан»; 2011 жылғы 11 наурыздағы № 76-80 (26482) газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
152-баптың үшінші бөлігінде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады, орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) оларды экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жердің сапасын есепке алуды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің мөлшерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; онда жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, елдi мекендердегі бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларының есебін; ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кездегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны айқындауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
7) жер-кадастры карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
8) жер-кадастры кітабі мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық байланысты жұмыстарға:
белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекарасын белгiлеу;
жер пайдалануды қалыптастыру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жердi жаңғырту жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерi берілген кезде белгiлi бiр жерде олардың шекарасын белгiлеу;
мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.».
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
4-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы – орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
55-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «анықтау» деген сөз «белгілеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «негізгі» деген сөз «жалпы» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
«Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
77-баптың 3-тармағындағы «уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның маманданған ұйымдары» деген сөздер «уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада мамандандырылатын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
78-баптың 3-1-тармағындағы «уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен» деген сөздер «уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада мамандандырылатын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар):
28-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның іс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректер жобаның тапсырыс берушiсi немесе меншік құқығында не өзге де заң негізінде материалдық-техникалық базасы мен білікті мамандары бар гидрометеорология саласында мамандандырылатын ұйымдардың жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етіледi.
274-баптың 8-тармағындағы «мамандандырылған кәсіпорынның» деген сөздер «осы салада мамандандырылатын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
292-бапта:
4-тармақта:
«тасымалдауды» деген сөзден кейін «және жинауды» деген сөздермен толықтырылсын;
«мамандандырылған кәсіпорындар» деген сөздер «осы салада мамандандырылатын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын құруды және пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада мамандандырылатын өзге де ұйымдар жүзеге асырады.».
4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестігін растау мемлекеттік монополияға жатады және тек қана дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бағалау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және тек қана дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж. № 1, 2-құжат):
мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Банкноттарды, сондай-ақ құжаттамалық бағалы
қағаздарды, чек кітапшаларын және арнайы қорғау
дәрежесі талап етілетін басқа да баспа өнімін жасап
шығару саласындағы мемлекеттік монополия
Банкноттарды, сондай-ақ құжаттамалық бағалы қағаздарды, чек кітапшаларын және арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін басқа да баспа өнімін жасап шығару мемлекеттік монополияға жатады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік монополия субъектісі ұсынатын қызметтердің бағасын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі белгілейді.».
6. «Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 жылғы № 1, 7-құжат):
7-баптың 2-тармағындағы «республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар) және аумақтық» деген сөздер «мемлекеттік мекемелер» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., наурыз, № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 жылғы № 1, 3-құжат):
1-баптың 49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«49) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – осы Заңның талаптарындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.»;
18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы
мемлекеттік монополия
1. Орталық мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы, біржолғы төлемдер мен өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
2) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды жүзеге асыруды;
3) әлеуметтiк жеке кодтар берудi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және міндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
5) уәкілетті органның төлемді тағайындауы үшін зейнетақыларды, жәрдемақыларды алушылардың іс-қағаздар макетін қалыптастыруды;
6) салымшы зейнетақы төлемдеріне құқық алған кезде нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейін ескеріп анықтауды;
7) зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыруды және дербес тұрғыдан есепке алуды;
8) мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына, жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы қорға аударуды және:
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған;
әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлігі жоқ;
деректемелерінде қателер жіберілген;
жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) жоқ тұлғалардан міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды;
9) міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелері жөнінде агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимылды;
10) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір жыл ішінде екі рет шарт жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тартуларды ресімдеуді;
11) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыруды;
12) мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға агенттердiң Орталық есебiнен аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзілімдер мен төлем құжаттарын табыс етудi;
13) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
14) жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талабын ескере отырып, әлеуметтік-еңбек саласында заңды және жеке тұлғаларға және Орталықтың қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтерді, оның ішінде қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынуды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
8. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 жылғы № 1, 2, 3-құжаттар):
1-баптың 12) тармақшасындағы «мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздер «шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын.
7-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы
мемлекеттік монополия
1. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды;
2) импорттық, эспорттық, транзиттік карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімді фумигациялауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және импорттық, экспорттық, транзиттік карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру жөніндегі қызмет түрлерімен технологиялық байланысты болып табылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
9. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 жылғы № 1, 7-құжат):
3-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2-бап. Селекциялық жетістіктерді қорғау
саласындағы мемлекеттік монополия
1. Селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау, селекциялық жетістіктерге алдын ала сараптама жүргізу, патентті немесе селекциялық жетістікке патент алу құқығын басқаға беру шарттарына, лицензиялық немесе сублицензиялық шарттарға сараптама жүргізу, Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу, қорғау құжаттарын беруге дайындау жөнінде қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында және халықаралық шарттарда көзделген функциялар мемлекеттік монополияға жатады және шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Сараптама ұйымының негізгі қызметімен технологиялық байланысты қызметтер көрсету кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Заңдық маңызы бар әрекеттерге ақы төлеу
Уәкілетті органның патент беру, шарттарды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
10. «Қазақстан Республикасының патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi,
өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы
мемлекеттік монополия
1. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау және өтінімдер сараптамасы, күзет құжатын беруге құжаттар дайындау, күзет құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау, күзет құжатын күшiнде ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, күзет құжаттарын басқаға беру және оларды алу құқығын басқаға беру туралы шарттарға, сондай-ақ лицензиялау шарттарына (сублицензиялау шарттарына) сараптама жүргізу, Өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттік тізілімін жүргізу жөнінде қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында және халықаралық шарттарда көзделген функциялар мемлекеттік монополияға жатады және шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Сараптама ұйымының негізгі қызметімен технологиялық байланысты қызметтер көрсету кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның күзет құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
11. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):
3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын,
тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау
саласындағы мемлекеттік монополия
1. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау және өтінімдер сараптамасы, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына құқықтар беру туралы шарттарға, лицензиялау (сублицензиялау) шарттарына сараптама жүргізу, қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының, тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, кәуіліктерді беруге дайындау жөнінде қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген қызметтер мемлекеттік монополияға жатады және шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Сараптама ұйымының негізгі қызметімен технологиялық байланысты қызметтер көрсету кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның куәлiктердi, сертификаттарды беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi aттecтaттay және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
12. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):
9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетуді мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
3-тармақ алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 15) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-баптың 15-2) тармақшасы алып тасталсын;
64-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалардың (жобалау алды және жобалау-смета құжаттамасының) мемлекеттік сараптамасын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және тек қана Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
14. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат):
1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде топологияларды құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.».
15. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 жылғы № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 жылғы № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 жылғы № 1, 2, 7-құжаттар):
10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
16. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат, № 15, 71-құжат; 2011 жылғы № 1, 2, 3, 7-құжаттар):
4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
жануарларға арналған ферменттер, гормондар, аминқышқылдар, дәрумендер, парфюмерлік-косметикалық өнімдер жемшөптерін өндіруде пайдаланылатын жемшөптерді, толтырғыштарды, хош иістендіргіштерді, бояғыштарды қоспағанда, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
4-тармақта «ұйымдар» деген сөз «мекемелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік монополияға жатқызылған» деген сөздер «осы Заңның талаптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.».
17. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):
5-бапта:
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының функциясын іске асырады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Сенім білдірілген үшінші тарап
1. Сенім білдірілген үшінші тарап Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де электрондық цифрлық қолтаңбаның дұрыстығын тексеру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Сенім білдірілген үшінші тарап ақпараттық жүйелерге қатысушылармен келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
саласындағы мемлекеттік монополия
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталықтың, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және сенім білдірілген үшінші тараптың қызметі мемлекеттік монополияға жатады және шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтер мен жұмыстардың бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
18. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақшадағы «почта маркалары» деген сөздерден кейін «(стандартты почта маркалары, көркем почта маркалары)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:
39-1) стандартты почта маркалары – оңайлатылып көркем жасалған және сюжетті (бір және екі түсті баспада) ұсақ номиналды жалпы таралымдағы, сондай-ақ почта конвертімен бір уақытта басып шығаруға арналған почта маркалары (маркалы конверт);
39-2) көркем почта маркалары мен марка блоктары – жоғары сапамен көркемдеп жасалған, филателиялық қызығушылықты тудыратын сюжетті, аз таралымдағы почта маркалары мен марка блоктары;»;
2) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) почта төлемінің мемлекеттік белгілерін сатуды ұйымдастырады;»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Почта байланысы саласындағы мемлекеттік монополия
Стандартты почта маркаларын және маркалы конверттерді жасау мемлекеттік монополияға жатады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Көркем почта маркаларын және маркалар блогын жасау мемлекеттік монополияға жатады және көркемдеп жасаудың жоғары сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
4) 8-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы «және олардың шығарылуын ұйымдастырады» деген сөздермен толықтырылсын;
19. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 7, 28-құжат):
1-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) бар шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы
мемлекеттік монополия
1. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларының міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербес тұрғыдан есепке алуды және орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыруды;
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
3) құжаттар қабылдау, тағайындауларға іс-қағаздар макеттерін қалыптастыру, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасасуды;
4) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ақпараттық қызметтер ұсынуды жүзеге асырады.
2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара іс-қимыл жасасады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
20. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат; 2011 жылғы № 1, 2, 7-құжат):
43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту
саласындағы қызметті жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жануарлар дүниесiнiң саны азаюға ұшыраған жекелеген түрлерiнің популяциясын қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелердi құрады.
2. Тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiруді қоса алғанда, молайтуды сондай-ақ биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының және уәкілетті орган рұқсатының негізінде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.».
21. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):
4-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы растау жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау қағидаттарына негiзделедi.»;
20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта аталған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі мәні стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік институттармен өзара іс-қимыл болып табылатын стандарттау жөнiндегi ұйымдар жүзеге асырады.»;
21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды өз құзыреті шегінде уәкiлетті орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі мәні стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік институттармен өзара іс-қимыл болып табылатын стандарттау жөнiндегi ұйымдар әзiрлейдi.»;
22. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 17-18, 111-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):
барлық мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздер «мемлекеттік техникалық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік техникалық қызмет – ақпараттық инфрақұрылымды техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
4) тармақша «функциялары жүктелген» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен толықтырылсын;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы – осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
5-бапта:
9) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақша «ақпараттандыру саласындағы операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын» деген сөздермен толықтырылсын;
6-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын, ақпараттандыру саласындағы операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын айқындау;»;
9-бапттың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Ұлттық» деген сөз алып тасталсын;
9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) аудит және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық тексеру жүргізуді;
2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес жүйелердің мониторингін және оларды қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруды;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;
4) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ақпараттық жүйелерін құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларын оларды қорғау мәніне сараптауды;
5) ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурстарының мониторингін;
6) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының, сондай-ақ Интернетке шығудың бірыңғай нүктесінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
7) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамалардың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;
8) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсетуді қоса алғанда, компьютерлік инциденттерге ден қоюды;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларға қызмет көрсететін домендік атаулар серверлерінің жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз етуді және олардың мекенжай кеңістігін таратуды;
10) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домен атауына қызмет көрсететін домендік атаулар серверлерінің үзіліссіз орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
11) Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі мекенжай кеңістігінің домендік атауларының жедел және өзекті мұрағатын жүргізуді;
12) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ІР-желілерінің адрестеу жоспарларының тізілімін сүйемелдеуді;
13) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын баспалық және электрондық бұқаралық ақпарат құралының электрондық мұрағатын жүргізуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
28-баптың 4) тармақшасындағы «ұлттық» деген сөз алып тасталсын;
23. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 жылғы 11 наурыздағы № 76-80 (26482) «Егемен Қазақстан»; 2011 жылғы 12 наурыздағы № 90-91 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
18-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік монополия»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимараттарды, құрылыстарды және/немесе олардың құрамдастарын техникалық тексеру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.».
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
19-бап алып тасталсын;
24. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы № 1, 2-құжат):
1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аккредиттеу жөніндегі орган – конкурстық негізде айқындалатын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
5-бапта:
2) тармақшадағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау конкурсын өткізу ережесін айқындау және аккредиттеу жөніндегі органға біліктілік талаптарын бекіту жатады.»;
6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурстық негізде аккредиттеу жөніндегі органды айқындайды және оны осы мәртебеден айыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын заңды тұлға.».
25. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 жыл, № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік монополия – осы Заңда көзделген тәртіппен енгізілетін бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, сатуға немесе сатып алуға мемлекеттің айрықша құқығы;»;
32-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін немесе өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу тәртібін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп, монополияға қарсы орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
3-тармақта:
3) тармақшадағы «қайтадан беруге тыйым салынады.» деген сөздер «қайтадан беруге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік монополия субъектісінің өзі өндіретін немесе өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген бағалардан ерекшеленетін бағалар белгілеуіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік монополия субъектілерінің осы баптың 3-тармағында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
26. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 жыл, № 1, 1-құжат; 2011 жылғы 3 ақпандағы № 35 (26437) «Егемен Қазақстан; 2011 жылғы 3 ақпандағы № 38-39 (26459-2646) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
12-баптың 3-тармағының 14) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. 2011 жылғы 10 наурыздағы № 86-87 (26507-26508) «Казахстанская правда»; 2011 жылғы 10 наурыздағы № 72-75 (26477) «Егемен Қазақстан»; 2011 жылғы 10 наурыздағы № 76-80 (26482) газеттерінде жарияланған «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;»;
12-баптың 10) тармақшасы «кәсіпорындар» деген сөзден кейін «, оның ішінде мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар» деген сөздермен толықтырылсын;
134-бапта:
2-тармақта:
8) тармақшада «мемлекеттік жер кадастрын,» деген сөздер алып тасталсын;
10), 17), 18) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «еңбек» деген сөз «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық жүзеге асыратын қызметті қоспағанда, еңбек» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев