Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығы қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыны іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

      3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алуға, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 756 Қаулысымен.

      4. Осы қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып белгіленсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан

      Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік

      органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылауды

      қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулы қабылданғаннан кейін алты ай ішінде осы нормаларға сәйкес мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар пайдаланатын алаңдарды, қызметтік және арнайы автокөлікті түгендеуді жүргізсін және артық қызметтік алаңдар мен автокөлікті қысқарту, оның ішінде оларды қайта бөлу арқылы қысқарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі


К. Мәсімов




  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 335 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 335 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған
алаңдар нормалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 33 қаулысымен
  бекітілген

Телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік-нормалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 335 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Ұлттық медициналық холдинг," деген сөздер алынып тасталсын;

      3) тармақшада:

      екінші абзацтағы "II топтағы мемлекеттік органдардың орталық аппаратына" деген сөздер "мемлекеттік органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "уақытша", "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" және "1996 жылғы 3 қазандағы № 1217" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компанияларға дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.".


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 335 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 997 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы № 1004 және 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1753 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 149-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады