Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 345 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Газ саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Мұнай және мұнай-химия салаларындағы мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу

саны

-

-

8

3

3



»;

      «Мұнай және газ саласының нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның ішінде: мұнай саласында» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Мұнай, газ, мұнай-химия салаларының нормативтік құжаттармен, оның ішінде: мұнай саласында қамтамасыз етілуі




55





»;

      мынадай жолмен толықтырылсын:

«

мұнай-химия саласында

%



50





»;

      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Газ саласындағы 1 нормативтік-құқықтық актіні, оның ішінде техникалық-регламенттерді, әзірлеудің орташа құны» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бір мемлекетаралық стандарт әзірлеудің орташа құны:
мұнай саласында
мұнай-химия саласында












2000








3301





»;

      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2011» деген бағанда:
      «Аяқталған инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «78,3» деген сандар «79,2» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жалғастырылатын инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «21,7» деген сандар «20,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Елді мекендердің қажеттіліктерін газбен қамтамасыз ету» деген жолдағы «50» деген сандар «54» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «12720717» деген сандар «13562642» деген сандармен ауыстырылсын;
      064 «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу және аумағын қоршау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2011» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «351173» деген сандар «357662» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген кіші бөлімде:
      «2011» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың барлығы» деген жолдағы «14037883» деген сандар «14886297» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «13071890» деген сандар «13920304» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдағы «12720717» деген сандар «13562642» деген сандармен ауыстырылсын.
      064 «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу және аумағын қоршау» деген жолдағы «351173» деген сандар «357662» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады