Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 420 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мыналарға:
      1) Батыс Қазақстан облысының әкімдігін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысындағы 2011 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2011 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 100000000 (жүз миллион) теңгеден Батыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару;
      2) ұлттық компанияларға белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне 2011 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады