Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 438 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 403 қаулысымен.

      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі - Жарлық) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 333-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Жарлықта айқындалған мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша бір ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын тиісті бағыттар бойынша бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін. V11007044
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша бір ай мерзімде жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қортындының және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағлау нәтижелері туралы Өңірлік сараптау комиссиясының сараптама қорытындысының форматтарын әзірлесін және бекітсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 сәуірдегі
№ 438 қаулысына  
ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 573 қаулысымен 
БЕКІТІЛГЕН    

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне
бағалау жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» (бұдан әрі - Жүйе) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалаудың негізгі ережелерін, қағидаттарын, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесі мен жүргізу, нәтижелерін айқындау және оларға шағымдану тәртібін айқындайды.
      3. Атқарушы орган қызметінің тиімділігін бағалаудың (бұдан әрі - тиімділікті бағалау) мақсаты оған жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылу тиімділігін айқындау болып табылады.
      4. Тиімдікті бағалау үшін ақпарат көздері:
      1) атқарушы органдардың есепті кезеңде жүргізілген жұмыс туралы есептері;
      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты және бағалауға уәкілетті атқарушы органдар жүргізген тексеру нәтижелері;
      3) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының бақылау нәтижелері;
      4) атқарушы органдардың бақылау актілері;
      5) ресми статистикалық деректер;
      6) тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;
      7) тиімділікті бағалаудың белгілі бір бағыты бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері;
      8) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау кезіндегі үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты болып табылады.
      5. Тиімділікті бағалау осы Ереженің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілетті атқарушы органдар (бұдан әрі - бағалауға уәкілетті атқарушы органдар) жүргізеді.
      6. Тиімділікті бағалау жыл сайын кестеге сәйкес есепті (күнтізбелік) жылдық қорытындылары бойынша және осы Ереженің 46, 49, 51, 53-тармақтарында көрсетілген мерзімдерді міндетті түрде сақтай отырып, жүзеге асырылады.
      7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:
      1) бағаланатын атқарушы органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат;
      2) бағалауға уәкілетті атқарушы органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бағалаудың нәтижелері туралы қорытындылар;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының Өңірлік сараптау комиссиясына бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындылар;
      4) Өңірлік сараптау комиссиясының облыстың, республикалық маңызы бар қала, астананың әкіміне бағалау нәтижелерін;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бағалау нәтижелері бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерін қамтиды.
      8. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді.

2. Тиімділікті бағалау қағидаттары

      9. Тиімділікті бағалау қағидаттары:
      1) заңдылық қағидаты - тиімділікке бағалауды қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізу;
      2) объективтілік қағидаты - тәуелсіз бағалауды жан-жақты және толық жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
      3) дәйектілік қағидаты - тиімділікті бағалаудың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау;
      4) ашықтық қағидаты - ақпараттың шығу көздерін тексеру мүмкіндігі;
      5) жариялылық қағидаты - құпиялылық режимін және қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, тиімділікті бағалаудың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

3. Бағалау жүргізуге уәкілетті атқарушы органдар

      10. Бағалау жүргізуге уәкілетті атқарушы органдар:
      1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.
      11. Тиімділікті бағалауды жалпы әдіснамалық жетекшілік етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес бағалауға уәкілетті атқарушы органдар беретін қорытындылар негізінде бағаланатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды (бұдан әрі - жалпы  бағалау) жүзеге асырады.
      13. Бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптау қорытындысын қалыптастыру мақсатында облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының лауазымды адамдары арасынан Өңірлік сараптау комиссиясы құрылады, сондай-ақ Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы айқындалады.
      14. Өңірлік сараптау комиссиясы өз қызметінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітілетін Ережені басшылыққа алады.

4. Тиімділікті бағалау бағыттары

      15. Тиімділікті бағалау бағаланатын атқарушы органдар қызметінің мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
      1) қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру;
      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау;
      3) бюджет қаражатын басқару;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсету;
      5) персоналды басқару;
      6) ақпараттық технологияларды қолдану.
      16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір бағыты бойынша Жүйенің 10-тармағында айқындалған тиімділікті бағалауға уәкілетті орталық мемлекеттік органдар атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді.
      17. Мынадай ережелер тиімділік өлшемдері мен көрсеткіштеріне қойылатын міндетті талаптар болып табылады:
      1) өлшемдер мен көрсеткіштер ресми статистикалық деректерге, атқарушы органдардың деректері мен тексерілуге жататын басқа да ақпаратқа негізделуі тиіс;
      2) шығыс ақпаратты жинау және өңдеу тәсілі алынған деректердің дәлдігін тексеру мүмкіндігіне жол беруі тиіс;
      3) көрсеткішті айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын атқарушы органның да, бір мәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс;
      4) қажетті деректерді алу мүмкіндігінше аз уақыт пен ресурстар шығындарымен жүргізілуі тиіс;
      5) өлшемдер мен көрсеткіштерді деректерді үздіксіз жинақтау қажеттілігін және жеке кезеңдер үшін олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып айқындаған жөн;
      6) өлшемдер мен көрсеткіштер мемлекеттік органның барлық қызметін қамтуы және барлық мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиіс.
      18. Тиімділіктің өлшемдері мен көрсеткіштері ретінде халықаралық практикада қолданылатын өлшемдер мен көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.
      19. Өлшемдер мен көрсеткіштер нақты атқарушы органның тікелей қызметін көрсетуі тиіс.

4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау

      20. Осы бағыт бойынша бағалау қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытудағы атқарушы органдар шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      21. Атқарушы органдар қадағалайтын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.
      22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты жүзеге асырады.
      23. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекітуді және әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау

      24. Осы бағыт бойынша бағалау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің оның орынбасарларының және облыс, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      25. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты жүзеге  асырады.
      26. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен  тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

4.3. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау

      27. Осы бағыт бойынша бағалау бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      28. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару тиімділігі бойынша  қызметін бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.
      29. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органын осы бағыт бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты бағалайды.
      30. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау

      31. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, соның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      32. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты жүзеге асырады.
      33. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.
      34. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

4.5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау

      35. Осы бағыт бойынша бағалау атқарушы мемлекеттік органда персоналды басқару шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      36. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты жүзеге асырады.
      37. Персоналды басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау

      38. Осы бағыт бойынша бағалау үдерістерді оңтайландыру және атқарушы органдар қызметінің ашықтығын арттыру үшін атқарушы органның  ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      39. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты жүзеге асырады.
      40. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. Бағаланатын атқарушы органдардың тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібі

      41. Атқарушы органдар жыл сайын бағалауға уәкілетті атқарушы органдарға бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат тапсырады.
      42. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар бағаланатын атқарушы органдардың есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексеру бойынша ұйымдастыру шараларының кешенін қабылдауға міндетті.
      43. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар тиімділікке бағалау жүргізу кезінде есепті кезеңдегі басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерін есепке алады.
      44. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар бағаланатын және басқа да атқарушы органдардан бағалаудың тиісті бағыты бойынша  қажетті ақпарат пен құжаттаманы құпиялық режимін, қызметтік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды сақтай отырып, өздері белгілеген мерзімде сұратуға және алуға құқылы.
      45. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар бағалау үдерісінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпиялылығына жауап береді.
      46. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына тиісті бағыттар бойынша қорытындылар ұсынады.
      47. Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептен, бағаланатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдар  мен ұсыныстардан тұруы тиіс.
      48. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен коммерциялық емес негізде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді) және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
      49. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын атқарушы органдарды бір мезгілде хабардар ете  отырып, Өңірлік сараптау комиссиясына енгізеді.
      50. Атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындының және атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы Өңірлік сараптау комиссиясының сараптама қорытындысының форматтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      51. Өңірлік сараптау комиссиясы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындылары негізінде атқарушы орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ағымдағы  жылдың 15 тамызынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне енгізеді.
      52. Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы бағалау нәтижелерін атқарушы орган қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарымен бірге атқарушы органдардың басшыларына тиісті шаралар қолдануы үшін жібереді.
      53. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиімділікке бағалау жүргізгені туралы есептік ақпаратты береді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің есептері негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қорытылған ақпаратты жібереді.
      54. Тиімділікті бағалаудың қорытындылары бойынша нәтижелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимін, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып жариялайды.

6. Нәтижелерге шағымдану тәртібі

      55. Атқарушы орган тиімділікті бағалау нәтижелерін алған сәттен бастап бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органына растау  құжаттарымен бірге наразылығын жіберуге құқылы.
      56. Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы растау құжаттарымен бірге наразылықтарды алған жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті атқарушы органдарға қайта тексеруге жібереді.
      57. Наразылықты растау құжаттарынсыз алған жағдайда Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы оларды ақпарат ретінде бағалауға уәкілетті атқарушы органға жібереді. Атқарушы органға қайта тексерудің орынсыз екендігі туралы жауап жіберіледі.
      58. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдарда нәтижелерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына атқарушы органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
      59. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар күнтізбелік отыз күн ішінде қайта тексеру нәтижелері бойынша наразылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органына және атқарушы органдарға жібереді.
      60. Бағалауға уәкілетті атқарушы орган наразылықтарды қабылдаған жағдайда тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізеді.
      61. Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы егер бағалау үрдісінде бағалаудың түпкі нәтижесіне әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, қайта тексеру жүргізуге дербес бастамашылық етуге құқылы.

7. Бағалауға қатысушылардың жауапкершілігі

      62. Осы Ереже қағидаларының уақтылы және сапалы орындалуына атқарушы органдардың бірінші басшылары дербес жауапты болады.
      63. Тиімділікті бағалауға жататын атқарушы органдардың бірінші басшылары тиімділікке бағалау жүргізу үшін есепті кезеңге ақпараттың дұрыстығына, толықтығына және уақтылы берілуіне дербес жауапты болады.
      64. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарының, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне дербес жауапты болады.
      65. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар бағалау жүргізу үдерісінде алынған мәліметтерді жария еткені үшін атқарушы органдардың бірінші басшылары дербес жауапты болады.
      66. Осы Ереженің бұзылуы айқындалған жағдайда Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органы тиісті лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы ұсыныс енгізу құқылы.

8. Өтпелі ереже

8.1. 2011 жылы тиімділікке бағалау жүргізудің және нәтижелері туралы қорытындыларды ұсыну мерзімі

      67. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына тиісті бағыттар бойынша қорытындылар ұсынады.
      68. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен кешіктірмей бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын атқарушы органдарды бір мезгілде хабардар ете  отырып, Өңірлік сараптау комиссиясына енгізеді.
      69. Өңірлік сараптау комиссиясы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындылары негізінде атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ағымдағы жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне енгізеді.
      70. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі ағымдағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиімділікке бағалау жүргізгені туралы есептік ақпаратты береді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің есептері негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қорытылған ақпаратты жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады