"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" жобасын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 447 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына 041 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредит есептелген сыйақыны және мерзімі өткен сыйақы мен негізгі борыш үшін айыппұлды капиталдандыра отырып, бюджеттік кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі шотынан «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының шотына алғаш аударған сәттен бастап 2015 жылғы 15 қарашаға дейін бюджеттік кредитті игеру кезеңін ұзарту арқылы қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады