Іргелес жер учаскесі бар тұрғын емес ғимаратты жеке меншікке мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 449 Қаулысы

      «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сәбитова шағын ауданы, 37 үй мекенжайы бойынша орналасқан, теңгерімдік құны 75266684 (жетпіс бес миллион екі жүз алпыс алты мың алты жүз сексен төрт) теңге, алаңы 0,49 гектар іргелес жер учаскесі бар, жалпы алаңы 937,4 шаршы метр тұрғын емес ғимаратты (бұдан әрі - Объект) республикалық меншікке Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Қарағанды облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне ерікті және өтеусіз беру туралы ұсыныспен қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады