«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 2010 жылы Монғолияға ізгілік көмек көрсету шеңберінде материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша көлік шығыстарын өтеу үшін 27166883,12 теңгені (жиырма жеті миллион бір жүз алпыс алты мың сегіз жүз сексен үш теңге он екі тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов