«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3637923 (үш миллион алты жүз отыз жеті мың тоғыз жүз жиырма үш) теңге бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 509 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі
Р/с |
Сот органының атауы және шешім шығарылған күн |
Талапкер |
Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) |
Өндіріп алушының пайдасына мемлекетті баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешімі, |
Е.И. Пак |
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде - 17280 |
|
2 |
Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2009 жылғы 26 мамырдағы шешімі, |
Г.К. Закиров |
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде - 36951 |
|
3 |
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегі шешімі, |
Ф.М. Каримов |
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде - 93732 |
|
4 |
Қостанай облысының Қостанай қаласы № 2 сотының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы, |
Б.З. Жұмабаев |
218053 |
|
5 |
Қостанай қалалық сотының 2007 жылғы 24 мамырдағы шешімі, |
Т.С. Болатова |
297125 |
|
6 |
Қостанай қалалық сотының 2007 жылғы 24 мамырдағы шешімі, |
«Центр Кредит Банкі» АҚ |
2674134 |
|
7 |
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2010 жылғы 1 наурыздағы шешімі, |
Я.В. Сафронович |
300000 |
648 |
Жиыны: 3637275 648 |
||||
Жалпы сомасы: 3637923 |