"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 558 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және
газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат;, 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат, № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; 2011 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 147-11-баппен толықтырылсын:
      «147-11-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзу
      1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы -
      лауазымды адамдарға бір жүз елу, заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өздері өндірген шикі газды қайта өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иесінің, өндіруші ұлттық оператордың иеліктен шығарылатын тауарлық газды сатып алуға басым құқығын бұзуы -
      лауазымды адамдарға бір жүз, заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Газбен жабдықтау жүйесі объектісі меншік иесінің иеліктен шығарылатын газбен жабдықтау жүйесі объектілерін сатып алуға ұлттық оператордың басым құқығын бұзуы -
      лауазымды адамдарға бір жүз, заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Газбен жабдықтау жүйесі субъектісінің тауарлық және (немесе) сұйытылған газды өндіру, тасымалдау, сақтау, сату және (немесе) тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып беру -
      лауазымды адамдарға жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау -
      лауазымды адамдарға отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сату тәртібін бұзу -
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден жеті жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кіріс (түсім) алуға әкеп соқтырған осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген іс-әрекеттер -
      дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырмашылық түсініледі.»;
      2) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «226-бап. Газ пайдаланудың қағидалары мен нормаларын бұзу
      1. Тауарлық газды газ тұтыну жүйелеріне заңсыз беру -
      жеке тұлғаларға - бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды сұйытылған мұнай газымен толтыру -
      лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сұйытылған мұнай газын қабаттылығы жағынан екі қабаттан жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сақтау және пайдалану -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - бестен онға дейінгі, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 227-баптағы «Газ пайдалану қондырғыларын», «газ пайдалану қондырғысының» деген сөздер «Газ тұтыну жүйелерін», «газ тұтыну жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 228-бапта «Газ тұтынушы ұйымдар» деген сөздер «Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар» деген сөздермен, «газ пайдалану қондырғыларын» деген сөздер «өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын»;
      5) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «229-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін зақымдау
      1. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін зақымдау немесе оларды заңсыз орнату, ауыстыру, қосу, сондай-ақ қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі талаптарының өзге де бұзылуы, -
      жеке тұлғаларға оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған, аварияға себеп болуы мүмкін іс-әрекеттер
      жеке тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - елуден сексенге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».
      6) 541-баптың бірінші бөлігі «147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «147-11,» деген сандармен толықтырылсын;
      7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      елу тоғызыншы абзацтағы «(147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздер «(147-бап);» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын:
      «мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж. № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 12 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 69-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «жылумен жабдықтауды,» деген сөздерден кейін «газбен жабдықтауды,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 113-бапта:
      1-тармақ «әуе» деген сөзден кейін «, құбыр тасымалы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «әуе» деген сөзден кейін «, құбыр тасымалы» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж. № 1, 2-құжат):
      1) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы шикі және (немесе) тауарлық газды сақтау, тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану жөніндегі;»;
      2) 7-1-баптың 1-тармағында:
      «және газ» деген сөздер алып тасталсын;
      «байланысы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, газ» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 14-баптың 1-тармағының 18-1)тармақшасында:
      «облыстардағы» деген сөзден кейін «газ тарату жүйелерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «, газ тарату» деген сөздер алып тасталсын.
      4. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж. № 1, 2-құжат):
      мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
      «2-1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеді және тауар биржалары қызметінің және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылады.
      2. Тауар биржалары арқылы сұйытылған мұнай газын сату ерекшеліктері «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.».
      5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж. № 1, 2-құжат):
      1) 1-бапта:
      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «табиғи газ - басым түрде құрамында өзге де көмірсутек және көмірсутек емес газдар бар метаннан тұратын, мұнай-газ кен орындарының газ кен шоғырлары немесе газ бүркемелері түрінде газ тәрізді күйде қабаттық жағдайда тұрған көмірсутек газы;»;
      111) тармақшадағы «табиғи газдан» деген сөздер «табиғи және (немесе) ілеспе газдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 86-бапта:
      1-тармақтағы «мұнай-газ кен орындарын» деген сөздер «көмірсутек шикізаты кен орындарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «Көмірсутекті кен орнын» деген сөздер «Көмірсутек шикізаты кен орнын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады