Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 662 Қаулысы

      «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қарыз алушы) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі» (бұдан әрі - Банк) акционерлік қоғамына одан әрі кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 15000000000 (он бес миллиард) теңге мөлшерінде бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берілсін.
      2. Банкке кредит беру үшін Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты қаржылық лизингтің қор құнын төмендету болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      3) Қарыз алушы Банкке кредит бергеннен кейін кредит Банктің еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамына Бағдарламаны іске асыру шеңберінде оның лизингтік қызметін қаржыландыру мақсатында уәкілетті органның «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамының лизингтік мәмілелерін мақұлдауына қарай қарыз нысанында беріледі;
      4) Банк үшін сыйақы ставкасы жылдық 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан аспауы тиіс;
      5) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді Қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңында негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен бір мезгілде жүзеге асырады;
      6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жартыжылдық кезеңділігімен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит игерілген күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      7) кредит әкімші Қарыз алушының шотына қаражатты аударған күнінен бастап игерілді деп есептеледі.
      3. Кредит шартының тараптары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Кредит беруші), Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) және Қарыз алушы болып табылады.
      4. Кредит Қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуді енгізуінсіз бөлінеді.
      5. Кредит беруші мен Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      6. Кредиттің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақтылы және толық өтелуін бақылауды Кредит беруші мен Әкімші жүзеге асырады.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады