"Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 426 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 3) тармақшасындағы «мүлікті бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.» деген сөздер «мүлікті бергенде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға ақылы автомобиль жолдарын бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады