"Кентауэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурстық массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 701 Қаулысы

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кентауэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Серіктестік) конкурстық массасын өткізудің:
      1) өндірістің технологиялық циклын қамтамасыз ететін мүліктік кешенді бірыңғай лотпен (бұдан әрі - лот) сатуды;
      2) лотты сатудың ең төменгі бағасын әкімшілік шығыстар мен бірінші және екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес белгілеуді;
      3) технологиялық циклдың үздіксіздігін сақтай отырып, банкроттық рәсімін өткізуді;
      4) конкурстық басқарушыға меншік құқығы сатып алушыға өту сәтіне дейін тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. Конкурстық масса объектісін сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
      1) электр және жылу энергиясын өндіру, беру мен тарату, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалануға арналған лицензиялардың болуы;
      2) қызмет бейінін, тұтынушылармен шарттарды және көрсетілетін қызметтер көлемін сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдау;
      3) технологиялық үдерісте жұмыс істейтін Серіктестіктің қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады