"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 719 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:

      7-тармақтың 5)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 086 /у нысандағы медициналық анықтама;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша әр пәннен ең көп ықтимал балдың отыздан жоғары пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен комиссияның қарауына ұсынылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Грант иегері мектептің ішкі тәртібін бұзғаны, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, қылмыстық жазаланатын қылмыс жасағаны, оқу жылын бейінді және бейінді емес пәндердің бірінен "қанағаттанарлықсыз", оқу жылын бейінді пәндердің бірінен "қанағаттанарлықпен", оқу жылын бейінді емес екі пәннен "қанағаттанарлықпен" аяқтағаны, оқудан 10 күннен артық себепсіз қалғаны үшін, басқа мектепке ауысуды қоспағанда, басқа оқу орнына ауысқан жағдайда гранттан айырылады. Білім алушыны оқудан шығару Педагогикалық кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады;";

      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Конкурстық іріктеудің екінші кезеңінде ең көп ықтимал балдың отыздан жоғары пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер оқу жылының ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға тарту мақсатында комиссия бекіткен резервтік тізімге енгізіледі.

      15-2. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлерге оқу жылы ішінде қосымша конкурссыз грант тағайындалады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен және ескертпемен толықтырылсын:

      "16-1. Резервтік тізімнен грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      16-2. Конкурстық іріктеуді өткізу немесе резервтік тізімнен үміткерді айқындау кезінде оқушыларды мектепке қабылдау балл саны тең болған кезде:

      1) соңғы оқу жылындағы үлгерім табелінің орташа балы жоғары болған;

      2) бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы ең жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.

      Ескертпе: дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады