Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурстың жеңiмпаздарын айқындау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi – Комиссия) шешiмi негiзiнде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
2) iрi кәсiпкерлiк субъектiсi санаттары бойынша берiледi.»;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы «__» ________
№ __ Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 523 Жарлығына
қосымша
Бизнестің әлеуметтік жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз»
конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Басшысы – төраға
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрi – төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi
Еңбек және әлеуметтік әріптестік
департаментінің директоры – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Әлеуметтiк-мәдени
даму комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының төрағасы (келiсiм бойынша)
«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазақстанның тауар өндiрушiлерi мен экспорттаушылары одағының
президентi (келiсiм бойынша)
Қазақстан кәсiпкерлерi форумының президентi (келiсiм бойынша)