Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері;
2) Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 807 қаулысына
қосымша
Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері
1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияларды (бұдан әрі – Декларация) табыс ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Биоотын айналымының көлемін декларациялау осы қаулымен бекітілген белгіленген нысанға сәйкес биоотын айналымы туралы мәліметтерді көрсететін декларацияларды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Декларацияны биоотын айналымын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тапсырады.
Декларация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде немесе қағаз тасығышта салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны және (немесе) тіркелген орны бойынша салық органына (бұдан әрі – салық органы) тапсырылады.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тапсыру мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда Декларация тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын салық органына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес қағаз тасығышта және электронды түрде Декларация тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
5. Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғадан Декларция тапсыру мерзімі басталғанға дейін жазбаша өтініш алған кезде салық органы оны он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
6. Декларация заттай көрсеткіштерде (тонна) тапсырылады.
7. Осы Қағидаға сәйкес тапсырылатын Декларацияларға дара кәсіпкер, заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.
8. Осы Қағиданың талаптарын бұзған, биоотын айналымын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
Биоотын айналымы бойынша
декларация тапсыру
қағидасы мен мерзімдеріне
қосымша
Биоотын айналымы бойынша декларация тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтініш
Салық төлеушінің атауы ______________________________________________
СТН__________________________________________________________________
ЖСК/БСК______________________________________________________________
Тапсыру мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз)
__________________________________________________________________
Нысан коды:__________________________________________________________
Салық органының коды:________________________________________________
Есепті кезең: Айы |___________| Жылы |________|
Басшының қолы________________________________________________________
МО
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 807 қаулысына
қосымша
Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны
СОК____________________________________
СТН____________________________________
ЖСН/БСН________________________________
Субьекьтінің атауы_____________________
Есепті кезең___________________________
Декларация түрі________________________
Р/с № |
Био отын түрі |
Био отынның ЖСН коды |
Қызметін жүзеге асыру мекенжайы |
Өнім беруші/ алушының атауы |
Өнім берушінің/алушының атауы |
Өнім берушінің/алушының СТН (ЖСН/БСН) |
Есепті кезең басына қалдығы (тоннада) |
Биоотын түсімі (тоннамен) |
|||
Барлығы |
өз өндірісінен |
ДК және заңды тұлғалардан |
импорт бойынша |
||||||||
Жиыны |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
кестенің жалғасы
Өткізілді (тоннамен) |
Ілеспе жүкқұжат |
Өзінің өндірістік қажеттіліктеріне пайдалынылады |
Бүліну, жоғалту (тоннамен) |
Норма шегінде шығындар (тоннамен) |
Өнімді қайтару (тоннамен) |
|||||
Барлығы |
көтерме сатушыларға |
өз бөлшек сауда желісі-ЖҚС арқылы (түпкі тұтынушыға) |
Заңды тұлғаларға және ДК-ге өндірістік мұқтажы үшін |
экспортқа |
нөмірі |
күні |
||||
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Дара кәсіпкер____________________
(Т.А.Ә)
Ұйымының басшысы_________________
(Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер____________________
(Т.А.Ә)