Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 876 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  K. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 29 шілдедегі
№ 876 қаулысымен 
      бекітілген 

Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін айқындайды.
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалау, байқау кеңестерінің мүшелері қызметінің тиімділігін және сыйақы мөлшерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындардың аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

2. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру тәртібі

      2. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды осы қызметтегі оның бір жылдық жұмыс қорытындылары бойынша жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүргізеді.
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметіне бағалау жүргізу мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) құрамын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қалыптастыратын және бекітетін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      3. Комиссия алқалық орган болып табылады.
      4. Комиссия құрамына міндетті түрде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасары енгізіледі.
      5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқаратын, Комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлап, Комиссия шешімін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшының орынбасары болып табылады.
      6. Комиссияның күн тәртібін, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия мүшесі болып табылмайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      7. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда жүргізіледі. Отырысқа қызметіне Комиссия бағалау жүргізетін байқау кеңесінің мүшесі қатысады.
      8. Комиссия төрағасы Комиссия отырысының өту уақытын айқындайды.
      9. Хатшы Комиссия отырысына қатысу үшін Комиссия мүшелеріне, байқау кеңесінің мүшесіне шақыру жібереді.
      10. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері мен оның хатшысы қол қоятын хаттама жасалады.
      11. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, Комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс болатын ерекше пікірге құқығы бар. Комиссия мүшесі болмаған жағдайда Комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі мен осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
      12. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалау мынадай түрде жүргізіледі:
      1) Комиссияның байқау кеңесі мүшесінің және мемлекеттік кәсіпорын басшысының жылдық есебін қарауы;
      2) Комиссияның мүшелерінің байқау кеңесі мүшесінің қызметіне балдық жүйе бойынша бағалау жүргізуі;
      3) Комиссияның байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды қорытындылауы.
      13. Байқау кеңесі мүшесінің жылдық есебінде мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:
      байқау кеңесінің жұмысына қатысу;
      мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысына байқау кеңесінің мүшесі дайындаған мәселелер, сондай-ақ олар бойынша қабылданған шешімдер, байқау кеңесінің мүшесі берген, қабылданған шешімдердің мемлекеттік кәсіпорын қызметіне үлесі, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның қызметін жетілдіру бойынша байқау кеңесі мүшесінің іске асырылған ұсыныстарының әсері;
      мемлекеттік кәсіпорынды дамыту бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар.
      14. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының есебінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның есепті жылдағы қызметі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
      15. Есептерді тыңдау қорытындысы мен мұндай есептерде айқынсыздықтардың туындауы бойынша Комиссия мүшелері байқау кеңесінің мүшесіне және мемлекеттік кәсіпорын басшысына сұрақтар қояды.
      16. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалау үшін Комиссия мүшелері бағалаудың үш балдық жүйесін қолданады.
      17. Алқалық талқылау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелері мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағында осы Қағиданың қосымшасына сәйкес балл қояды және балдардың жалпы сомасын шығарады.
      18. Мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағында оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі қамтылады.
      19. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
      20. Байқау кеңесі мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу қорытындысы жалпы баллдар сомасына негізделеді:
      10-нан 12 баллға дейін – байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша құзыретті, мемлекеттік кәсіпорынның және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) мүддесінде байқау кеңесінде өзіне жүктелген функцияларды шеберлікпен орындайды;
      6-дан 9 баллға дейін – байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша құзыретті, бірақ мемлекеттік кәсіпорын туралы негіз қалаушы шешімдер қабылдауға белсенді қатыспайды;
      0-ден 5 баллға дейін – өзіне жүктелген міндеттерге ықылассыз қарайды.
      21. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының байқау кеңесінің мүшесі ретінде қызметін бағалау жүзеге асырылмайды.
      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілі болып табылатын байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) Комиссия мәлімет үшін жолдайды.
      22. Байқау кеңесі мүшесін бағалау нәтижелері туралы есепті тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесіне өткен жұмыс кезеңіне сыйақы мөлшерін айқындау кезінде қолданады және жиналған балл санын негізге алып айқындайды:
      10-нан 12 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 75-тен 100 пайызына дейін құрайды;
      6-дан 9 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 40-тан 75 пайызына дейін құрайды;
      0-ден 5 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 0-ден 40 пайызына дейін құрайды.

3. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі

      23. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке аударғаннан кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның билігінде қалған таза табыстың бір бөлігінің бес пайызынан аспауы тиіс шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы лимитін айқындайды.
      24. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның бір жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.
      25. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысына, сондай-ақ мемлекеттік қызметші болып табылатын байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.

Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін 
бағалау және байқау кеңесінің   
мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін  
айқындау қағидасына қосымша    

20___ жылғы байқау кеңесі мүшелерінің
қызметін бағалау парағы*

Т.А.Ж. ______________
Ұйым ______________

р/с
Көрсеткіштер Түсіндірме Балл
1 2 3 4

1.
 

Байқау кеңесі мүшесінің функционалдық міндеттерін орындауы

байқау кеңесінің мүшесі өзіне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады және байқау кеңесінің барлық отырыстарына белсенді қатысты

2
 
 

байқау кеңесінің мүшесі өзіне жүктелген міндеттерді адал орындады, бірақ байқау кеңесінің отырыстарына енжар қатысты, байқау кеңесінің барлық отырыстарына қатысқан жоқ

1
 
 

байқау кеңесінің мүшесі өзіне жүктелген міндеттерді орындамады және байқау кеңесінің отырыстарына қатыспады

0
 

2.

Байқау кеңесі мүшесінің мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесіне шығарылатын мәселелерді талқылауға қатысуы

байқау кеңесінің мүшесі қойылған мақсаттарға жетуге түрткі болған жаңашыл ұсыныстарды үнемі ұсынды және байқау кеңесінің шешімдерін қарау және дайындау кезінде кәсіби білімін барынша пайдаланды

2
 
 

байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорынның қызметі үшін айтарлықтай емес сипатта ұсыныстар енгізді

1
 

байқау кеңесінің мүшесі қойылған мақсаттарға жетуге түрткі болатындай жаңашыл ұсыныстар енгізбеді

0
 

3.

Байқау кеңесінің мүшесі талқылау барысында қажеттілігі туындаған мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесіне шығарылатын мәселелер бойынша қосымша материалдар дайындауы

байқау кеңесінің мүшесі дайындаған материалдар сапалы болды, қаралатын мәселелер бойынша дұрыс және негізді шешім қабылдау үшін нақты негіздемелері бар, толық көлемде ұсынылды

2
 
 
 

байқау кеңесінің мүшесі дайындаған материалдар шешім қабылдау үшін негіздемелері жеткіліксіз болды

1
 

байқау кеңесінің мүшесі байқау кеңесіне материалдар ұсынбады

0

4.

Нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорын үшін тиімді болған байқау кеңесі мүшесінің бастамалары

мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің мүшесі бастама жасаған ұсыныстарды іске асырудан белгілі бір пайда алды немесе алады

2
 
 

мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің мүшесі бастама жасаған ұсыныстарды іске асырудан белгілі бір пайда алған жоқ немесе алмайды

1
 
 

байқау кеңесінің мүшесінен бастамашылық ұсыныстар жыл бойы түскен жоқ немесе байқау кеңесінің мүшесі бастама жасаған ұсыныстарды іске асыру мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне кері әсер етті

0
 
 
 

5.

Мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсартуға байқау кеңесі мүшесінің әсері

байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар берді, мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша конференцияларға, отырыстарға белсенді қатысты

2
 
 
 
 

байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша негізсіз ұсыныстар берді, конференцияларға, отырыстарға, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, бірақ мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша қатыспады

1
 
 
 
 
 

байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша ешқандай ұсыныстар бермеді, мемлекеттік кәсіпорынның имиджін жақсарту бойынша іс-шараларға қатыспады

0
 
 
 

6.

Мемлекеттік кәсіпорынды шығынға ұшыратқан шешімдерге байқау кеңесі мүшесінің қатысу дәрежесі

мемлекеттік кәсіпорынды шығынға ұшыратқан шешімдер бойынша қарсы дауыс берді

2
 

мемлекеттік кәсіпорынды шығынға ұшыратқан шешімдер бойынша дауыс беру кезінде қалыс қалды.

Егер, байқау кеңесінің мүшесі бір жыл бойы байқау кеңесінің барлық шешімдері бойынша қалыс қалуы 50% болса, онда осы көрсеткіш бойынша балл 0 көлемінде айқындалады

1
 
 
 
 
 

мемлекеттік кәсіпорынды шығынға ұшыратқан шешімдер бойынша оң дауыс берді

0
 

7.

Жиыны



      Комиссия төрағасы                        ____________
                                               қолы
 
      Комиссия төрағасының орынбасары          ____________
                                               қолы

      Комиссия мүшелері                        ____________
                                               қолы

      Комиссия хатшысы                         ____________
                                               қолы

_______________________________________________________________
*Бағалау байқау кеңесі отырысының хаттамалары негізінде жүргізіледі. Отырыс хаттамаларында отырыстың жүргізілу барысы, сондай-ақ күн тәртібі мен байқау кеңесінің отырысына шығарылатын мәселелер бойынша жазбаша түрде баяндалған байқау кеңесінің отырысына байқау кеңесі мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары қамтылуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады