Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Тікелей шетелдік инвестициялардың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 890 Қаулысы

     Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Тікелей шетелдік инвестициялардың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Тікелей шетелдік инвестициялардың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

      жоба  

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Тікелей шетелдік
инвестициялардың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы»
жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы» жобасын
іске асыру туралы келісім 

      Мыналарды:
      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) осы жұмысты атқаратын халықаралық ұйым ретінде Қаржы және кәсіпкерлік істері директоратының Жұмыстар және Бюджет бағдарламасының бір бөлігі ретінде «Тікелей шетел инвестицияларының кіші және орта бизнесті дамытуға арналған қатысуы» деп аталатын жобасын (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жобаға қатысуға келісім берді.
      Осы Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Жоба үшін ЭЫДҰ Еуропалық Одақтың (бұдан әрі ЕО деп аталады) жәрдем беруінде өтінеді.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭДСМ) және ЭЫДҰ төмендегілер туралы келіседі: 

      1-бап. Жобаның мақсаты мен сатылары

      1. Жобаның негізгі мақсаты өңірлік дамуға және Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға, өңірлік деңгейде тікелей шетелдік инвестициялар әлеуетін пайдалану тәсілін қолданып, шағын және орта бизнестің өңірлік мүмкіндіктерін нығайту стратегиясын әзірлеу және іске асыру болып табылады.
      2. Жоба 42 ай ішінде үш сатыда жүргізіледі:
      1-саты: Өңірлік инвестицияларға жәрдемдесудің жол картасын әзірлеу;
      2-саты: Таңдалған үш пилоттық өңірде жол картасын іске асыру;
      3-саты: Қазақстанның билік органдарына басқа да барлық өңірлерде өңірлік инвестицияларға жәрдемдесу стратегиясын іске асыруға мүмкіндік беретін сенімді тетік жасау.

      2-бап. Бюджет және ресурстар

      2.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаның барлық үш сатысына да субсидия түрінде екі миллион евро мөлшерінде үлес қосады. ЭЫДҰ-ның Жобаны қаржыландыру үшін жетпей тұрған төрт миллион евро мөлшерінде субсидия беру туралы ЕО-мен жеке Шарт жасау ниеті бар. Осыған байланысты осындай Шартқа қол қойылған жағдайда Жоба орындалуы мүмкін.
      2.2. ЭЫДҰ-ның 2012 жылдың шегінен тыс қандайда бір қызмет түрін жалғастыруы қызметтің осы түрін ЭЫДҰ Кеңесінің Жұмыс Бағдарламасына және 2013-2014 жылдарға арналған ЭЫДҰ Бюджетіне енгізу шартына жатады. ЭЫДҰ хатшылығы осы Келісімнің мәні болып табылатын қызметті Жұмыс Бағдарламасына және 2013-2014 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның Бюджетіне енгізу үшін ұсынуға ниеттенiп отыр. Алайда, осы қызмет Жұмыс Бағдарламасына және ЭЫДҰ-ның 2013-2014 жылдарға арналған бюджетіне енгізілмеген жағдайда, ЭЫДҰ осы Келісімді тоқтату құқығын өзінде қалдырады, мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржыландыру объектісі ЭЫДҰ-ның Келісім күшін тоқтату күніне дейінгі жұмсалған шығыстары ғана болады. 

      3-бап. Қызметті орындау тәртібі

      3.1. ЭЫДҰ осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қоса беріліп отырған ұсынысқа сәйкес Жобаның орындалуына жауапты болады.
      3.2. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған жұмыс туралы мәліметтер қамтитын жыл сайынғы қысқаша есептерді және Жобаның аяқталуы бойынша атқарылған жұмыс туралы қорытынды есепті ұсынады. Жоғарыда көрсетілген есептер есептi кезең аяқталғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. ЭЫДҰ сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақша қаражатының алынғанын растайтын банктік шоттың үзінді көшірмесімен бірге ЭЫДҰ-ның бұғалтірлік бөлімінің басшысы растаған және қол қойған евродағы ақша салымы бойынша қорытынды шығыс ведомосын ұсынады. Бұл есеп Жоба аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылады. 

      4-бап. Қаржыландыру тетіктері

      4.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімнің 2-бабына сәйкес Жобаға ақша салымын енгізеді. Осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес осы Жоба үшін ЭЫДҰ ЕО-дан да жәрдем сұрайды.
      4.2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 42 ай бойы Жобаның барлық үш сатысын қолдауға арналған жалпы салымы екі миллион евроны құрайды.
      4.3. ЕО-дан 42 ай бойы Жобаның барлық үш сатысын қолдауға арналған сұралып отырған салымы төрт миллион евроны құрайды.
      4.4. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі миллион евроны ЭЫДҰ-ның шотына екі жарнамен төлеуге келісті: бір миллион евро көлеміндегі бірінші салым осы Келісімге қол қойылғаннан кейін және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алғаннан кейін төленетін болады; бір миллион евро көлеміндегі екінші салым бір жылдан кейін осы Келісімге қол қойылғаннан кейін және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алғаннан кейін төленетін болады.
      4.5. ЭЫДҰ факторингтік қызмет көрсетілгені үшін ұсыныс сомасының 5,8 % мөлшерінде комиссия алуды қамтамасыз ететін халықаралық жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есептің қағидаттары мен қаржылық регламенттерге, сондай-ақ басқа да қолданылатын ережелерге, рәсімдер мен әдістемелерге сәйкес ақша салымын бақылайды және пайдаланғаны үшін есеп береді. 

      5-бап. Жалпы талаптар

      5.1. Жоба бойынша қорытынды есепті пайдалану.
      ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез-келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсатта Жоба бойынша ЭЫДҰ-ның қорытынды есебін пайдалануға, көшіруге және таратуға ерекше емес өтеусіз жаһандық лицензия береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі әрқашан ЭЫДҰ-қа қатысты өзінің ілтипатын тиісінше білдіреді және қажет болған жағдайларда ЭЫДҰ-ның авторлық құқығы туралы хабарламаны енгізеді. ЭЫДҰ есепті кез-келген тілде және кез-келген ақпарат құралында алғашқы жариялау құқығын өзінде қалдырады. Есепті қоса алғанда, осы Жобаның шеңберінде орындалған жұмыстың барлық нәтижелері ЭЫДҰ-ға тиесілі.
      5.2. Ілтипат.
      ЭЫДҰ-ның жарияланымдарға қатысты ережелеріне мен тәртібіне сәйкес ЭЫДҰ-ның қорытынды есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жобаға салымы үшін ілтипат білдіруін қамтиды.
      5.3. Ақпарат.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЭЫДҰ бір-біріне өзара көмек және осы Жобаны орындау үшін қажетті ақпарат ұсынады.
      5.4. Тараптар арасындағы кез келген хабар:
      ҚР ЭДСМ-ге:
      010000 Қазақстан, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, факсі: + 7 (7172) 74-38-24
      ОЭСР-ге:
      2, rue Andrй-Pascal
      75775 Paris Cedex 16
      France жіберіледі.
      5.5. Келісіміге өзгерістер мен толықтырулар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге жеке жазбаша хаттама жолымен Тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі. 

      6-бап. Дауларды шешу тәртібі

      Осы Келісімнің әрекеттін, заңдылығын немесе қолданылуын тоқтатуды қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан туындайтын, бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмайтын кез-келген дау, келіспеушілік немесе талаптар осы Келісім күшіне енген сәттен бастап жұмыс істеп тұрған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен Гаагадағы Төрелік соттың Тұрақты палатасының төрелік ережелеріне сәйкес төрелік сотта шешілетін болады. Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес тағайындалатын төрешілер саны - үшеу.
      Төрелік Францияда, Парижде қаралады және барлық іс бойынша іс жүргізу және берілетін құжаттар ағылшын тілінде жүргізіледі. 

      7-бап. Күшіне енуі

      Осы Келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      Жобаны іске асыруды бастау 2011 жылдың 1 желтоқсаны белгіленді және Жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландырудың қалған бөлігіне (төрт миллион евро) қатысты ЭЫДҰ мен ЕО арасында қаржы салымы туралы жеке Келісімге алдын-ала қол қою шартына жатқызылады.
      Осы Келісімді іске асыру мерзімі 42 айды құрайды немесе оқиғалардың қайсының бұрын болуына байланысты Тараптар осы Келісімдегі барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін жалғасады.
      2011 жылғы «__» ____________ әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсіндіру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының        Экономикалық ынтымақтастық
            Үкіметі үшін                   және даму ұйымы үшін

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен     
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  
арасындағы «Тікелей шетелдік инвестициялардың
шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы» 
жобасын іске асыру туралы келiсiмге қосымша 

Техникалық ерекшлік  ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
 

Жобаның атауы

Қазақстан Республикасында тікелей шетелдік инвестицияларға (Бұдан әрі – ТШИ) негізделген шағын және орта бизнесті (Бұдан әрі – ШОБ) өңірлік дамыту тәсілі

Жобаны оқшаулау

Қазақстан Республикасы

Өтініш берушінің атауы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Бұдан әрі – ЭЫДҰ)

Жобаның жалпы ұзақтығы

42 ай

Акцияның құны және мемлекеттік тапсырыс берушіден сұратылатын сома

Жобаның жалпы қолайлы құны (А) Мемлекеттік тапсырыс берушіден сұралатын сома (В) Акцияның жалпы қолайлы құнының %-ы (B/Ax100)
EUR 6 000 000 EUR 2 000 000 33,33 %

Жобаның түйіндемесі

Жобаның жалпы ұзақтығы

42 ай

Жобаның мақсаттары

Жалпы мақсат: Өңірлік дамуға және экономиканы  әртараптандыруға жәрдемдесу

Жеке мақсат: ТШИ мүмкіндіктерін өңірлік деңгейде пайдалану тәсілі негізінде ШОБ-тың өңірлік әлеуетін нығайтуға жәрдемдесу.

Әріптес

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан: Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ), сондай-ақ саяси және экономикалық топтардың өңірлік өкілдері

Мақсатты топ (топтар)

Инвестицияларды тартуға және ШОБ-ты дамытуға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі жеке сектордың компаниялары мен бизнес-қауымдастықтары, сондай-ақ шетелдік инвесторлар

Түпкілікті бенефициарлар

Қазақстан Республикасының азаматтары

Болжам нәтижелер

Бағдарлама Қазақстанның өңірлерінде бизнес-аудалды жақсартуға бағытталған реформаларды әзірлеу мен іске асыру арқылы инвестицияны әртараптандыруға және жеке сектордың бәсекеге қабiлеттiлігі мен дамуын жақсартуға көмектеседі. Нақтырақ айтсақ:

  • әртүрлі өңірлерге ТШИ тарту
  • өңірлердің, секторлар мен ШОБ-тың барынша жоғары бәсекеге қабілеттілігі және осылайша теңсіздікті азайту
  • теңсіздікті жалпы өңірлік өнім деңгейіне төмендету
  • өңірлік әлеуетті айқындау
  • саяси кедергілерді өңірлік және ұлттық деңгейлерде азайту үшін саяси негізді қамтамасыз етеді.

Негізгі іс-шаралар

1-кезең мыналарға: 

  • ТШИ және ШОБ-ты дамыту үшін үш пилоттық өңір мен өңірлерден секторлар іріктеуге;
  • Шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық құжаттар әзірлеуге;
  • Инвестицияларға жәрдемдесу агенттігі (Бұдан әрі – ИЖА) желісінің ұйымдастыру жоспарын әзірлеуге;
  • үш пилоттық өңір үшін өзара байланыс стратегиясын әзірлеуге;
  • мониторинг жүйесінің жалпы стратегиясы мен өндірушілер үшін субсидияларға баға әзірлеуді қоса алғанда негізгі көрсеткіштердің тиімділігін анықтауға;
  • қазіргі негізгі өңірлік мүдделі тараптарға негізделетін ақпарат жинауға арналады. 

2 және 3-кезеңдер 1-кезең ішінде әзірленген бағдарламаларды, сонымен бір мезгілде негізгі өңірлік қатысушыларды оқытумен және дайындауға салмақ түсіріле отырып, іске асыруға бағытталған:

  1. Іріктелген үш пилоттық өңір үшін инвестицияларды ынталандыру бойынша жол карталарын іске асыру (1-кезеңде әзірленген)
  2. Өңірлік және сол сияқты ұлттық деңгейлерде ТШИ тарту үшін басқару тетіктерін іске асыру (1-кезеңде әзірленген)
  3. Инвестицияларды ынталандырудың жалпы өңірлік стратегиясының мониторинг жүйесін іске асыру (1-кезеңде әзірленген)
  4. Өңірлерде ТШИ-ШОБ өзара байланысы бойынша бағдарламаларды іске асыру (1-кезеңде әзірленген)
  5. Жобаның негізгі өңірлік қатысушыларын оқыту және тренинг жолымен әлеует құру (1-кезеңде әзірленген).

ЖҰМЫС ТҮЙІНДЕМЕСІ

      2010 жылы өзінің жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті экономикалық әртараптандыруға бұдан да көбірек жұмылу қажеттігін атап өтті. Ол бұл туралы тіпті Қазақстан үшін «ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясының даму жоспарының неғұрлым маңызды құрауышы» ретінде бұл туралы айта отырып, әртараптандыру үдерісін алға жылжытуға жетекші рөлді өңірлік даму ойнағанын түсіндірді. Кейіннен ол «әртараптандыру үдерісінің негізгі элементі ШОБ-ты дамыту болуы тиіс» екенін нақтылай отырып, осы үдірістегі ШОБ-ның рөлін көрсетті.
      2009 жылы Қазақстан Республикасының төрт өңірі еліміздің жалпы өңірлік өнімінің (Бұдан әрі - ЖӨӨ) шамамен жартысын өндірді. Экономиканың секторларында инвестицияларды әртараптандыру шектелген және негізінен еліміздің өнеркәсіптік ЖӨӨ-нің жартысын өндіретін үш өңірде ғана орын алған. Мұндай теңсіздік негізінен бірнеше өңірде шоғырланған тікелей шетелдік инвестицияларға да әсерін тигізуде. Бұл факторлар «Қазақстан Республикасының «ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясының даму жоспарының неғұрлым маңызды құрауышы» әзірлеу кезінде де ескерілген болатын.
      Осы себептен де экономиканы әртараптандыру бір жағынан және ТШИ мен өңірлік даму екінші жағынан олардың арасында бұдан әрі байланыс қажет. Сұраныс пен ТШИ-ге негізделген көзқарас ЖӨӨ-нің біркелкі емес проблемаларын шешуде, өңірлік әлеуетті айқындау мен саяси кедергілерді қысқартуға көмек болар еді. Түпкілікті қорыта келгенде бұл өңірлердің, секторлар мен ШОБ-тың неғұрлым жоғары бәсекеге қабілеттілігіне және осылайша экономикалық даму деңгейінде теңсіздікті азайтуға әкеп соғар еді. Бұл тәсіл ЭЫДҰ–ның экономикасы энергетикалық кешенге негізделген бірнеше елінде табысты іске асырылды, мұның нәтижесі неғұрлым тез және негізінен қажеттілікке негізделген өңірлік даму болды.
      Ұсынылып отырған тәсіл бес құрамдауышқа негізделген, олар төрт саяси сала және әлеует құру үшін қажетті тренинг элементін қамтиды.
      Төрт саяси сала:
      - Инвестицияларды ынталандыруды келісу: Инвестицияларды ынталандыру бойынша ұлттық және өңірлік шаралар синергиясын қалай үйлестіруге және қамтамасыз етуге болады.
      - Басқару және стратегия: ТШИ тарту үшін басқару және стратегиялық жоспарлаудың тиісті тетіктерін қалай іске қосуға болады.
      Іскерлік байланыстар орнату жөніндегі бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік әлеуетін күшейту: ТШИ арқасында алынған дағдылар мен білімді беру арқылы, яғни ТШИ-ШОБ өзара байланыс орнату бағдарламалары арқылы өңірлік деңгейде кәсіпкерлік әлеуетін қалай күшейтуге болады.
      Тиімділік көрсеткіштері: Стандарттық көрсеткіштерді пайдалана отырып, ТШИ мен ШОБ-ны дамытуды қоса алғанда, өңірлік даму мен бәсекеге қабілеттілікті қалай өлшеуге және немен салыстыруға болады.
      Тренинг элементі:
      Әлеует құру: жоғарыда аталған төрт құрауышты іске асыру үшін өңірлік саясаткерлер мен бизнес-делдалдарды (мәселен, сауда-өнеркәсіп палаталарының) оқыту мен даярлаудың тиісті деңгейін қалай қамтамасыз етуге болады.
      Алдын ала қабылданып жатқан күш-жігер мен іске асырылып жатқан жобаларды толықтыру үшін сарапшылар білімі мен ТШИ көздерін әртараптандыру мақсатында ЭЫДҰ, ЕО және Қазақстан Республикасы жүргізіп жатқан жұмыстарға жүгіну және оларды негіз ретінде пайдалану ұсынылады. Бір мезгілде ұлттық және өңірлік құрауыштарды қамтитын толық жоба шеңберінде Еуразиядағы Бәсекеге қабілеттілік бойынша ЭЫДҰ Бағдарламасы аясында екі әдістемені де салыстыру мақсатында сараптама бағасын алу үшін жұмыс топтарының отырыстары өткізілетін болады. 

1. ТҮПМӘТІН: НЕГЕ ТШИ ШОБ-ты ӨҢІРЛІК
ДАМЫТУ ҮШІН ТӘСІЛДІҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ?

      1.1 Өңірлік саясат: негізгі ұлттық басымдық
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа таяудағы жолдауында 2020 жылға дейінгі елдің экономикалық саясатының негізгі ережелері белгіленді және «жаңа өңірлік саясат «ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясының даму жоспарының неғұрлым маңызды құрауышы» маңызды бөлігі болып табылатыны» атап көрсетілді.
      2. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамытуға, өңірлерде шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға және құруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты «өңiрлердегі әлеуітін қолдау жолымен жаңа қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру» болып табылады.
      3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мынадай бағыттарда іске асырылуда:
      ЭДСМ әрбір өңір үшін қаржыландыру лимиті туралы шешім қабылдайды
      - Қаржыландыру лимиті туралы шешім:
      1) халықтың жалпы санындағы өңірдің үлесі;
      2) жалпы өңірлік өнімнің шикізаттық емес үлесі негізінде қабылданады.
      ЭДСМ-нен келісім алғаннан кейін өңірлік және жергілікті атқарушы органдар әрбір бағдарлама үшін қаржыландыру лимиті туралы шешім қабылдайды
      - жаңа және қолданыстағы жобаларды iске асыру үшiн пайыздық ставканы субсидиялау
      - жаңа жобалар үшін кредиттерге iшiнара кепiлдiк беру схемасы;
      - өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту;
      - кәсіпкерлерді сервистiк қолдау;
      - мыналарға бағытылған кәсіпкерлік әлеуметті күшейту:
      Жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап-жобалары);
      қолданыстағы бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдау;
      шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
      шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату жолымен өндірісті жаңғырту және кеңейту (бұдан әрі – «Іскерлік байланыстар» жобасы);
      еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау.
      4. Осы жаңа Бағдарламаға байланысты қаржы қаражаты кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, кредиттерге iшiнара кепiлдiк беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу, кәсіпкерлерді сервистiк қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуді қоса алғанда, «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ШОБ-ты қолдауға бағытталатын болады. Жергiлiктi атқарушы орган бағдарламаның үйлестіруші болады, ол Бағдарлама шеңберінде жобаларды іріктеу және мониторинг жүргізетін болады, қаржыландыру республикалық бюджеттен жүргізіледі. 1-иллюстрация Бағдарламаның негізгі қағидаттарын көрсетеді.

1-иллюстрация.
Өңірлік даму бағдарламасының негізгі принциптері
_____________________________________
Кәcіпкерлер
  Жан-жақты қолдаудан пайдалана алады
- жеңілдікті кредиттер мен кредиттерді
кепілдендіру схемасы
_____________________________________       
 ________________________________    ______________________________
Өңірлік, жергілікті билік           Банктер, қаржы ұйымдары
Пайыздың төмендетілген                 Жаңа және қолданыстағы
(субсидияланатын) ставкасы               жобаларды қаржыландыру
туралы шешімдер қабылдайды              немесе қайта қаржыландыру
немесе кредиттерді ішінара              туралы шешім қабылдайды
кепілдендіру схемасын ұсынады                                      
 ________________________________     ______________________________

      Дереккөздер: «Бизнестің Жол картасы - 2020» – Қазақстанның Ұлттық талдау орталығы

      1.2 Өңірлік дамудың мақсаттарын толықтыру үшін біріктірілген және сұрау салуға негізделген тәсілдің қажеттігі

      1.2.1 ТШИ-ді әртараптандырудың бұлтартпайтын қажеттілігі
      5. 2000 жылдан бастап 2008 жыл арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасы (нақты жалпы ішкі өнім) жылына орта қарқынмен 9%-дан аса өсіп отырды, бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2007 жылдың аяғында жалпы ұлттық кіріс халықтың жан басына шаққанда 5 000 АҚШ долларынан асты, бұл 2001 жылдың1 көрсеткішіне қарағанда 3,7 есе жоғары, алайда 2009 жылы өсу қарқыны біраз төмендейді деп күтіледі (0,3%2).
      6. Елдің экономикалық көрсеткіштері мұнай мен газды өндіру мен экспорттаудың жоғары деңгейіне байланысты, мысалы, 2008 жылы мұнай өндіру күніне3 шикі мұнайдың 1,45 миллион баррелі деңгейінде болды, кейінгі 10 жылда өндіруді үш есе көбейте отырып, - 85% экспортталды. Тұрақты түрдегі жоғарғы қарқын ТШИ-дің елеулі ағымымен байланысты болды. 1989 жылдан бастап 2008 жылдар арасындағы кезеңде ТШИ-дің кумулятивтік ағымы 48,4 миллиард АҚШ долларына дейін жетті; 2008 жылы ТШИ-дің ағымы рекордтық деңгейге – 10,7 миллиард АҚШ долларынан4 жетті.
      7. Тікелей шетелдік инвестициялар 1990 жылдардан бастап тұрақты түрде өсіп отырды. 2009 жылы, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция мен Нидерланды – ең ірі мұнай компанияларының дәстүрлі түрде штаб-пәтерлері тұратын елдер тарапынан комақты инвестициялар салынған кезде Қазақстанға ТШИ-дің жалпы ағымында ЭЫДҰ елдерінің үлесі 70%-ды құрады. ТШИ-дің 70%-дан астамы көлік, қызметтер, инфрақұрылым және инженерлік – техникалық жұмыстар үшін жабдықтар сияқты мұнай және газ салаларын жабдықтаумен байланысты қызмет түрлерінің кең спектрін қоса алғанда, мұнай және газ саласына түседі.
      8. Салалық әртараптандыру проблемаларын шешуде ЭЫДҰ-ЕО-Қазақстан бірлескен жобасын қоса алғанда, бірнеше бастама жұмыс істеді, алайда, өңірлік деңгейде ТШИ-ді одан әрі әртараптандыру үшін өңірлік дамумен көбірек байланыс қажет болады.
__________________________________
1 Дүниежүзілік Банк (Atlas әдісін пайдалана отырып)
2 2008 жылдағы “Transition Report” есебінде EBRD бағалау
3 ОББ-ның әлем елдері бойынша Анықтамалық, 2009
4 2008 жылдағы “Transition Report” есебінде EBRD бағалау

      1.2.2 ТШИ-ді әртараптандыру және өңірлік экономикалық даму арасындағы байланыс
      9. Қазақстан 14 өңірге бөлінген. Екі қала, Астана және Алматы қалалары ерекше әкімшілік мәртебеге ие.
      10. 2009 жылы Қазақстан Республикасының төрт өңірі, негізінен, мұнай мен газ өндірісінің арқасында елдің жалпы өңірлік өнімінің жартысына жуығын өндірді (2-иллюстрацияны қараңыз), алайда, экономиканың секторлары бойынша инвестицияларды әртараптандыру елдің жалпы өңірлік өнімінің жартысын өндіретін үш өңірмен шектелген.

      2-иллюстрация. Қазіргі уақытта мұнай мен газдың өндіріліп жатқан ең ірі кен орындары үш өңірде: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстауда орналасқан
                            Қазақстан картасы

      11. Мұнай мен газ қорларының орналасуы жалпы ішкі өнімнің (Бұдан әрі - ЖІӨ) өңірлер бойынша бөлінуіне едәуір әсер етеді. Мысалы, көрсеткіштері ең жоғары Атырау өңірінде жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда, көрсеткіштері ең төмен Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге қарағанда он еседен аса жоғары. Бес өңірдегі: мұнай мен газ қорлары орналасқан Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан мен елдің саяси және экономикалық астаналары Астана және Алматы қалаларында жан басына шаққандағы ЖІӨ Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен асады.
      12. Мұндай теңсіздік негізінен бірнеше өңірде шоғырланған ТШИ-ға да таралады, мысалы, жоғарыда аталған үш өңірге тіркелген активтерге шетелдік инвестициялардың 70%-ы (3-иллюстрацияны қараңыз) тиісілі.
      13. Бұдан басқа, тіркелген активтерге салынған шетелдік инвестициялар мен еңбек өнімділігінің арасындағы ауқымды алшақтық жергілікті бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін көрсететін түйінді өлшем ретіндем(R2 0,7-ден асады). атап көрсетеді. Бұл алшақтық әртүрлі өңірлік сипаттамаларға сүйене отырып, түсіндірілуі мүмкін:
      - Біріншіден, экономикасы энергетикаға негізделген, ТШИ-дің, еңбек өнімділігі мен жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) деңгейі салыстырмалы жоғары, өнеркәсібі дамыған өңірлер.
      - Екіншіден, еңбек өнімділігі мен ЖӨӨ жоғары, бірақ шетелдік инвестициялар деңгейі салыстырмалы төмен экономикалық орталықтар (Астана және Алматы).
      - Үшіншіден, экономикасы энергетикаға негізделмеген, өнеркәсібі дамыған, өнімділігі орташа ұлттық деңгейдегі өңірлер (өнеркәсіптік ЖӨӨ ұлттық деңгейден 33%-дан жоғары).
      - Ең соңында, шетелдік инвестициялар деңгейі мен өнімділігі орташа ұлттық деңгейге қарағанда неғұрлым төмен өңірлер.
      14. Осылайша, 3-иллюстрация Қазақстандағы шетелдік инвестициялар мен өңірлік бәсекеге қабілеттілік арасындағы әлеуетті өзара байланысты көрсетеді. Бұл өзара байланыс бұдан әрі өңірлік экономика мен ШОБ-ны дамыту үшін пайдаланылуға тиіс. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі осындай өзара байланыстың барлығын растайды.

      3-иллюстрация ТШИ аймақтық диспропорциялар және өнiмдiлiк - еңбек өнiмдiлiктiң көрсеткiштерi бойынша Қазақстан өлкелерiнiң ұсынысы, бекiтiлген капиталға шетелдiк инвестициялары және ЖІӨ еншiсi

Ұзақ мерзімді активтер
түрінде шетел
инвестициялары,
АҚШ млн. доллар 

      1-қосымша. Польшаның мысалы: ТШИ арқылы өңірлік
теңсіздіктер проблемаларын шешу

      Польша 1990 жылдардың ортасынан бастап өсімнің жоғары деңгейін ұстап тұра алды, ал 2006-07 жылдары ол ЭЫДҰ экономикасы ішінде тиімділік көрсеткіштері бойынша екінші орында болды, алайда, аумақтық теңсіздіктер, әсіресе ірі қала және ауылдық аумақтар арасында орын алған және ұлғайып келеді.     

Польшаның мысалы: 2008 жылғы ТШИ арқылы
өңірлік теңсіздіктер проблемаларын шешу

      

      Варшава ТШИ Тарту бойынша Польшадағы көшбасшы қала болып табылады. Польшаның ең ірі қалаларының ішінде Варшава 1995 жылдан бастап 2004 жылдар арасындағы кезеңде өсудің ең жоғары қарқынын (орташа ұлттық көрсеткіштің 151,4%-ы) және жан басына шаққанда ең жоғарғы ЖІӨ-ні (2005 жылғы орташа 263%) көрсете білді, бұл елдің қалған бөлігімен айырмашылықтың ұлғайюына әкеп соқты. ЖІӨ-нің орташа өсу қарқыны 2000-04 жылдар кезеңінде жан басына шаққанда 7,3% деңгейінде болған. 1998 жылдан бастап 2003 жылдар арасындағы кезеңде Варшаваның көрсеткіші ЭЫДҰ астаналық өңірлерінің ішінде ең жоғарғыларының бірі болды. Варшавадағы өсім көп дәрежеде қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтудың 1995 жылдағы 49,2%-дан 2005 жылғы 63,2%-ға дейін өсуіне байланысты болды (негізінен, сауда, телекоммуникация, қаржы қызметтері, сақтандыру және т.б.). Польшаның ең ірі 100 компаниясының 43-і Варшавада орналасқан. Бұдан басқа, Варшава Орталық Еуропадағы ең ірі инвестициялық алаңдардың біріне айналды және 1995 жылдан бері Польшадағы жаңа кәсіпорындарға ТШИ-дің ең жоғары үлесін тартты.
      Сондай-ақ Польшаның басқа да ірі қалалары ТШИ тартуда көп табысқа жетті, бұл өңірлік ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы күрт өсуіне әкеп соқты. Варшава жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша әлі де басқа қалалардан анағұрлым алда болса да, Варшава мен Польшаның басқа қалалары, атап айтқанда, Познань, Вроцлав және Краков қалаларымен арасындағы айырмашылық жойылып бара жатқаны көрініп тұр. Бұл Варшавамен қатарда басқа да қалаларға (жаңа кәсіпорындарға) ТШИ-дің өсіп келе жатқан үлесіне негізделуі мүмкін. 1996 жылы Варшава жаңа кәсіпорындарға 40% инвестиция тартқан, ал 2001 жылы оның үлесі 17%-ға дейін құлдырады. Варшава әлі де болса жинақталған инвестициялары бойынша көшбасшы болып табылады, оның үлесі жалпы көлемнің жартысын көбін құрайды, алайда, польшалық Нарықтық экономиканы зерттеу институтының бағасы бойынша Вроцлав, Катовице және Познань қалалары 2005-6 жылдары жоғарғы технологиялар салалары, сонымен бірге, қызмет көрсету салаларының арқасында ТШИ ағымы үшін анағұрлым тартымды қалалар болды. Катовице мен Рыбник – Ястржебьені қамтитын Силезия өңірі өнеркәсіптік өндіріспен байланысқан ТШИ үшін анағұрлым тартымды өңір болып табылады, ал Еленя-Гура-Валбжих (Төменгі Силезия) үшінші орынды алады. Лодзи қаласында да ТШИ-дің едәуір өсімі байқалды.
      Вроцлав қаласы өте әсерлі мысал болды. Вроцлав – Польшаның анағұрлым қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі. Оның тарихы әртүрлі мәдениеттермен байланысты, ашықтық дәстүрі оған тән ерекшелік болып табылады. Оның халқы 630 000 тұрғынды құрайды, ал агломерацияны ескере отырып – 1,1 миллионнан асады. Бұл Польшаның оңтүстік батысында тез өсіп келе жатқан Төменгі Силезия астанасы. 2005 жылы Төменгі Силезияның ЖІӨ-сі жан басына шаққанда ЕО –ның 25 елі бойынша орташа есептің 53%-ын құрады, бұл Польшадағы орташа көрсеткіштен біршама жоғары (103,3%) – 16 польшалық өңірдің ішінде төртінші орынды алады. Өңірдегі экономикалық белсенділіктің негізі өнеркәсіп (32,8% қамтылған) және неғұрлым көбі көрсетілетін қызмет (57% қамтылған) болып табылады. Ауылшаруашылық секторы басқа польшалық өңірлермен салыстырғанда нашар дамыған (10,2% қамтылған). Төменгі Силезия аумағында елдегі анағұрлым тығыз көлік инфрақұрылымының, сондай-ақ өздерінің неміс және чех көршілерімен жақсы трансшекаралық ынтымақтастық иесі Вроцлав үш халықаралық бағыттың қиылысында орналасқан, екі ең ірі темір жол станциясы, екі теңіз порты және халықаралық әуежайы бар өте маңызды көлік торабы болып табылады. Ол іс жүзінде Берлин, Прага және Варшава қалаларынан тең алшақтықта тұр. Өзінің сауда жолдары, сонымен бірге жуық арадағы өткен шетелдік инвестициялар толқынына да қолайлы географиялық ораласуының арқасында (әсіресе АТ секторы) Вроцлав экономикалық дамудың көшбасшысы болды. Оның Вроцлавты Германиямен және Польшаның екі ірі қалалық агломераттарымен (Катовице және Краков) байланыстыратын A4 тас жолында орналасуы маңызды рөл ойнады.
      Вроцлав бірқатар көшбасшы трансұлттық компанияларды (Volvo, LG, Toyota, Wabco, Whirpool, Electrolux, и т.д.) тартты және олардың кейбіреулері осында өздерінің зерттеу және сервистік орталықтарының негізін қалау туралы шешім қабылдады (Siemens, Capgemini, Hewlett-Packard, Macopharma). Вроцлавта тіркелген 92 954 фирмадан (2006 жылдың деректері) 27%-ға жуығы шетелдік капиталы бар компаниялар болып табылады. Бұдан басқа, Вроцлаваның агломерациясы инвестициясының көлемі бойынша Варшавадан кейінгі екінші орынды алады. Бұл сондай-ақ Польшадағы екінші ең ірі қаржылық қызмет көрсету орталық, көптеген көшбасшы ұлттық АТ фирмалар осында, бұл инвесторлар үшін оның тартымдылығын одан да арттыра түседі. Польша 2004 жылы ЕО-ға қосылғаннан бері Вроцлав 5 миллиард евроға жуық инвестиция тартты, ал 2007 жылғы қазанда жұмыссыздық деңгейі 14%-дан 5,1%-ға дейін төмендейді. Соңғы жылдарда 120 000-нан астам жұмыс орны құрылды.
      1.2.3 ЭЫДҰ-ның ТШИ мен инвестицияларды ынталандыру саясатының өңірлік дамуды қолдау үшін зор маңызын атап көрсететін мәндік зерттеулері
      1.2.3.1 ЭЫДҰ-ның өңірлік бәсекеге қабілеттілік саясатындағы басқа да сабақтары: бірінші кезекте өңірлік бәсекеге қабілеттілікке назар салу қажеттілігі5.
______________________________________
5 ЭЫДҰ-ның бәсекеге қабілетті өңірлер құрғаны туралы есебі, 2005

      1. Аумақтық деңгейдегі саясаткерлер үшін шақырылым әртүрлі өңірлік түпмәтіндер үшін тиімді және барабар саясат әзірлеуден тұрады. Соңғы жылдары ЭЫДҰ елдеріндегі аумақтық саясаттың негізгі құпиясы салыстырмалы құлдырауға байланысты қабылданған шаралар арқылы ғана емес, сонымен қатар өңірлік бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы да қол жеткізіп отырған орнықты өсімі болып отыр. Бұл ұлттық активтерге екпін қоя отырып, жеке сектордың инвестициялар өнімділігі мен оларды көтермелеу бойынша шаралардың пайдасына артта қалған өңірлер үшін қайта бөлулер мен субсидиялардан бас тартуды көздеген.
      2. Фирмалар үшін саясат инновацияларды ынталандырушы шараларға одан сайын шоғырландырыла түсуде, бірақ осы мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын қаражат сонда да анағұрлым дамыған өңірлерге басымдық беріп жатқандай көрінеді. ЭЫДҰ елдеріндегі ұлттық және өңірлік үкіметтер негізгі экономика ойыншылары арасындағы жүйелік алмасу мен өзара іс-қимылға ықпал етудегі жария саясаттың рөлін айқындай түсу үшін өз саясаттарын қайта бағдарлайды. Мұндай бағдардың негізінде білім жасауға және осы білімдермен алмасу жүргізуге көмектесетін жүйе өңірлік түпмәтіндегі өнімділіктің ең маңызды айқындаушы факторы болып табылады деген фактіні мойындау жатын. Саяси шаралардың үш негізгі санаты бар: a) ғылыми парктер, технополистер сияқты, тіркелген активтерге негізделген жобалар; b) технология «жүйелерін» жылжыту үшін зерттеу саласы мен өнеркәсіпті байланыстырып тұрған кластерлік типтегі саяси шаралар; c) инновациялар және инновацияларды ең үздік коммерциялық пайдалану.
      3. Басқа өңірлер үшін саяси шараларды іске асыру қаражаттары бейімделген болуға тиіс. Осы саяси шаралар басқа типтегі өңірлердегі жағдайларға әсер етуі үшін олар еңбекақы төлемі жоғары «озық» жоғары технологиясы бар өңірлердегіге қарағанда әсер қабылдауы төменірек орта үшін едәуір бейімделуге тиіс. Мысалы, кластерлік саяси шаралар, көріп тұрғанымыздай, орта деңгейдегі өңірлерде және ауылдық, яғни салалық маманданған, қоғамдастықтар мәдениеті және т.б. өңірлерде ешқандай жағдайда да әмбебап болып табылмайтын факторлардың болуына қарайды.
      4. ЭЫДҰ-ның жаңа өңірлік саясаты қазіргі уақытта ТШИ-ді пайдалану кезінде бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға шоғырланады. Қазіргі уақытта өңірлік саясат, аталмыш «қолайлы жағдай» жасау, яғни өңірді тұтас тартымды ету үшін сол жергілікті жерге тән сыртқы тәртіп факторларын пайдалануға екпін жасауды үрдіске айналдырған. Өңірге салынатын инвестициялардың осы өңірде орын алған осындай факторларды жандандыру мақсаты болуға тиіс, бұл өз кезегінде, анағұрлым тиімді экономикалық қызметтің нәтижесінде өсу әсерін шақыруға тиіс. Проблема осындай сыртқы тәртіп факторларының әлеуетті көздерін әрбір өңірде таба білуде болып тұр.
      1.2.3.2 Еуропалық Одақ елдерінің сабақтары6: ТШИ саласындағы саяси шаралар өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған өсудің өңірлік саясатының ажырамас бөлігі болуға тиіс.
_________________________________________
6 ТШИ және өңірлік даму бойынша ЕО-дағы зерттеулер, ЕО және Копенгаген университеті.

      1. Қабылдаушы өңірдегі өнімділікке қатысты ТШИ-дің жанама нәтижелері ЕО елдерінде оңтайлы және маңызды болып табылады. Өңірге шетелдік инвестициялар нәтижесінде жергілікті фирмалар өздерінің өнімділігін арттырады. Жергілікті фирмалардың ең жоғары әлеуеті деп өнімділігіндегі 40%-ға дейінгі ұтысын айтуға болады. Жанама нәтиже ретінде өнімділіктің өсу коэффициенті өнеркәсіптің тоғыз саласы үшін өңірлердің төрт тобында талданды (барлығы болып талдаудың 36 нұсқасы). Едәуір оң жанама нәтиже 36 неғұрлым дәл бағаның ішінде 24-інде табылды және тек екі жағдайда ғана едәуір келеңсіз нәтижелер болды. Он жағдайда жанама нәтижелер елеусіз болды. Бұл нәтиже тексерілді және өзінің орнықтылығын әртүрлі моделдердің кең спектрінде дәлелдеді.
      2. ТШИ өңірлік саясат факторларының арқасында тартылады. Көптеген өңірлер ТШИ үшін өздерінің тартымдылықтарын арттырулары мүмкін.
      ТШИ-ді жергіліктендіру моделін талдау еуропалық өңірлерде ТШИ-ді тартатын бірқатар мынадай елеулі өңірлік факторларды көрсетті: инфрақұрылым және қолжетімділік, жоғары білімді жұмыс күші және ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығыстардың жоғары деңгейі. Ақпарат пен коммуникациялық технологиялардың жақсы енуі және тиісті салада бәсекелестердің, клиенттер мен өнім берушілердің санының көптігі де ТШИ-ді тартады. Алайда, өңірлік деңгейде әсер етуі мүмкін болмайтын, фирманың ерекше жағдайлары, ұлттық макро-жағдайлар, нарық көлемі, географиялық орналасуы және тіл сияқты басқа факторлар да осындай немесе бұдан да маңыздырақ.
      3. ТШИ-дің ағымдағы моделдері мен қабылдаушы өңірлердегі өнімділіктің артуы түріндегі жанама нәтижелердің деңгейлері өсу мен конвергенцияның қарқынын арттырады. ЕО өңірлерінің екі үлкен тобы халқының өңірлік табыс деңгейі жан басына шаққанда орташадан төмен, атап айтқанда, біріккен өңірлер және Шығыс Еуропа өңірлері, өнімділіктің артуы түріндегі жанама нәтижелердің арқасында ТШМ-ден ұтып шықты, және бұл одан да үлкен конвергенцияға әкеп соқты. Бұл жалпы моделден басқашалар да бар, мысалы, ЕО-ның 15 өңірі (EU15) ТШИ-дің мүмкіндіктерімен пайдалаену үшін қажетті қаржыны игеруге жеткілікті қабілетке ие емес.
      4. ТШИ–дің қалай тарту жолдарының жұқалығы шешуші болып табылады. Дәстүрлі өңірлік жеңілдіктер пакетіне негізделген саяси шаралардан бас тарту қажеттігі жоқ емес. Саясатты қалыптастыратындар бәрінен бұрын ақпарат беру және шетелдік инвесторлардың осы өңірдің әлеуетін көруі және өңірге нормативтік кедергілерден өтуге көмек беруі үшін оларға көмек көрсетуге бағытталған өсудің өңірлік стратегияларына заманауи, өңірлік және шетелдік инвестициялық агенттіктерді бірігуді ұсынатын саяси стратегияларға өткендері жөн болады. Шынымен-ақ көптеген бұдан бұрынырақ жүргізілген зерттеулер шетелдік инвесторларды тарту мақсатындағы тікелей субсидиялар (салық демалыстары сияқты) кезінде пайданың және әл-ауқаттың қабылдаушы өңірлерден шетелдік фирмалар мен олар негізделген өңірлерге қарай көшу үрдісі бар. Сондықтан да шетелдік фирмалар үшін тікелей субсидиялар арқылы өңірлік өсуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қаржы қаражаты мен жеңілдіктер жеме-жемге келгенде артта қалған қабылдаушы өңірлердің өңірлік өсуі үшін кері өнімді болып шығуы және Еуропада өңірлік конвергенция үшін қолайсыз болуы әбден мүмкін.
      Жергілікті адамилық капитал ресурстарын жақсарту, инфрақұрылымды және экономикалық өсудің басқа да құрамдастарын жаңғырту жолымен өңір шетелдік фирмалар үшін қабылдаушы өңір ретінде тек тартымды болып қана қоймайды, сонымен бір қатарда жанама нәтижелер тетігінің арқасында шетелдік фирмалардың болуынан пайда алу мүмкіндігі де артады.
      5. Қорыта келе, зерттеулер Еуропаның артта қалған өңірлерінің өңірлік өсуінде және дамуында тікелей шетелдік инвестициялардың рөлі өте маңызды болғанын күрделі түрде, барынша жауапкершілікпен дәлелдейді, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тартуға жасалған жұқа саяси шаралардың да маңызы зор екеніне де тоқталады.

      4-иллюстрация. Салалық ТШИ-лардың Шығыс Еуропадағы экономикалық жанама нәтижелері

      

      Ескертпе: иллюстрация әрбір өңірдегі жанама нәтижелердің болжанатын көлемін көрсетеді. Күрең жасыл - жанама нәтижелердің әсер етуінің жоғары деңгейін білдіреді. Әсер ету деңгейі жанама нәтижелердің агрегирленген өңірлік әсер етуіне ТШИ секторы мен жанама нәтижелердің коэффициент нәтижелерін өлшеу арқылы есептелді.

      1.2.3.3 Ирланд сабағы: өңірлік дамуда Инвестицияларға ықпал ету бойынша агенттіктердің маңызды рөлі
      1. Ирландия өңірлерінің мысалдарын Инвестицияларға ықпал ету жөніндегі агенттіктер ұлттық және өңірлік деңгейде қалай жұмыс істейтінін көрсетеді: адамилық капиталмен байланысты әлеует осы өңірлерге ТШИ тартуда және одан кейінгі өңірлер дамуындағы ең негізгі фактор болды.
      2. ТШИ Ирландияның оңтүстік және шығыс өңірлерінде өмір сүру деңгейінің артуына ықпал етті. 1950 жылдардың екінші жартысындағы экономикалық коллапс Ирландияны бүкіл елдегі іргелі және алысқа баратын саяси өзгерістерге әкеп соқтырды. Еркін сауда заңдастырылды, ал Ирландияда әрекет ететін фирмаларға қатысты шетелдік құқық меншігіне тыйым салудың орнына ТШИ-ді жүйелі түрде көтермелейтін саясат келді. 1990 жылдардың ішінде экономиканы жандандыру тәсілінде - өңдеуші өнеркәсіптен халықаралық қызметтерге және жоғары технологиялы өнімдерге қарай маңызды өзгеріс болды. Бұл стратегиямен басқа Ирландия 1960 жылдарда басқа елдерден едәуір артта қалған адамилық капиталды жетілдіруге күрделі назар қойды, ал қазір Еуропадағы ең білімді елдердің бірі болып табылады.
      3. Тікелей нәтиже – Ирландияға әсіресе оның оңтүстік және шығыс өңірлеріне ТШИ-дің үлкен ағымы болды, осының арқасында ел бүгінде әлемдегі ТШИ алушылардың тізімінде жетінші (елдің мөлшерінен келіп шыққанда күтуге болатын орындардан неғұрлым жоғары орын) болып табылады. Соңғы он жылдықтағы ТШИ тартудағы табыстарды ескере отырып, байқаушылар мынадай тұжырымға келді: «... әлеуетті дамыту және жасаудың шамамен 40 жылынан кейін [оңтүстік және шығыс Ирландия] өмір сүру сапасын арттыру кезеңіне өтуге дайын». Ирландия өсуге ықпал ететін экономикалық саясатқа берілгендік ұзақ мерзімді тұрғыда қалай сыйақыланатынын айқын көрсетті. Өсуге ықпал ететін мұндай саясатқа: қаржылық ойламдылық, еңбек нарығының ыңғайлылығын сақтап қалу, адамилық капиталдың ғылыми-бағдарланған қалыптасуындағы құпия.
      4. Адами капитал мен Инвестицияларға ықпал ету жөніндегі агенттіктер осы өңірлерге ТШИ тартудағы екі түйінді факторлар болды Іс жүзінде, 2002-2005 жылдары шетелдік инвесторлар арасында өткізілген зерттеу білім беру факторы көріп отырғанымыздай, бизнес басшылары үшін Ирландияға инвестиция салу үшін неғұрлым маңызды себеп болып табылады. Басқа маңызды факторлар Ирландияның шетелдік инвестициялар жөніндегі агенттігі ИЖА) және нормативтік база. Бизнес басшылары, көптеген байқаушылардың пікірлері бойынша салық ставкасының деңгейі негізгі рөлді атқаратын Ирландияда корпорациялардың табыстарына төмен ставка салуға неғұрлым аз мүдделі екенін атап өткен жөн.

2. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ШОБ-НЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА
ИНВЕСТИЦИЯЛАРҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ӘЛЕУЕТ ҚҰРУ

      2.1 Мақсаттары
      Бұл тәсілдің негізгі мақсаты инвестицияларды ынталандыру бойынша ұлттық және өңірлік күш-жігерлерді біріктіру болып табылады.

      2.2 Жалпы тәсіл
      15. Жалпы ұсынылатын тәсіл саясаттың төрт саласынан және әлеует құру үшін қажетті бір тренинг элементінен тұратын бес құрамдауышты қамтиды:
      Төрт саяси сала:
      1. Инвестицияларды ынталандырудың өңірлік жоспарлары: Ұлттық және халықаралық күш-жігерлерді қалай байланыстыруға және инвестицияларды ынталандыру үшін олардың шоғырын қалай қамтамасыз етуге болады.
      2. Басқару және стратегия: ТШИ тарту үшін тиісті басқару және стратегиялық жоспарлау тетіктерін қалай тартуға болады.
      3. Іскерлік байланыстар орнату жөніндегі бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік әлеуетін күшейту: ТШИ арқасында алынған дағдылар мен білімді беру арқылы, яғни ТШИ-ШОБ өзара байланыс орнату бағдарламалары арқылы өңірлік деңгейде кәсіпкерлік әлеуетін қалай күшейтуге болады.
      4. Тиімділік көрсеткіштері: Стандарттық көрсеткіштерді пайдалана отырып, ТШИ мен ШОБ-ты дамытуды қоса алғанда, өңірлік даму мен бәсекеге қабілеттілікті қалай өлшеуге және немен салыстыруға болады.
      Тренинг элементі:
      5. Әлеуетті құру: жоғарыда аталған төрт құрамдауышты іске асыру үшін өңірлік саясаткерлер мен бизнес-делдалдарды (мәселен, сауда-өнеркәсіп палаталарының) оқыту мен дайындаудың тиісті деңгейін қалай қамтамасыз етуге болады.

      2.2.1 1-құрамдауыш: Өңірлік инвестицияларды ынталандыру бойынша жол карталарын әзірлеу 

      16. ЭЫДҰ-ның Қазақстан Республикасына жан-жақты аумақтық шолуы. ЭЫДҰ аумақтық шолуы өңірлік даму саясаты үшін әртүрлі шақырулар мен мүмкіндіктерін қарайды және басқарушылық міндеттерге ерекше назар қоя отырып, саясат саласында шаралар кешенін қалайша неғұрлым жақсы әзірлеу және іске асыру туралы ұсынымдар береді. Таяудағы ұлттық аумақтық шолулар Канада, Чехия Республикасы, Финляндия, Венгрия, Италия, Жапония, Корея, Мексика, Польша және Швейцария сияқты елдерде орындалған болатын. ЭЫДҰ аумақтық шолуы Қазақстанның ЭЫДҰ-ның аумақтық даму жөніндегі комитетінде қатысуын нәтиже ретінде қабылдайды.
      17. ЭЫДҰ-ның Қазақстан Республикасына аумақтық шолуы негізінде бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік көздері бойынша тереңдетілген жұмыс жүргізілетін болады. Ол іріктеліп алынған үш пилоттық өңірдің әрқайсысында жоғары әлеуеті бар өнеркәсіп салаларындағы ұсыныс-сұранысты талдауды, сондай-ақ табыстың негізгі факторларын анықтауды қамтитын болады.
      18. 1-кезеңнің аяқталу нәтижесі Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі өңірлік жоспарда баяндалатын ұсынымдар болады. Ұсынымдар
2 және 3-кезеңдерде де іске асырылатын болады. Жоспар содан кейін оның бәсекелес артықшылықтары негізінде әрбір өңірге инвестиция тартуға ықпал ету мақсаттары үшін пайдаланылатын болады. 

      2.2.2 2-құрамдауыш: Өңірлік деңгейде сияқты ұлттық деңгейде де ТШИ-ді тарту үшін тиісінше басқару тетігін дамыту 

      19. ЭЫДҰ ТШИ тарту мақсатында тиісінше басқару мен стратегиялық жоспарлаудың тиісті тетіктерін құру үшін Инвестицияларға ықпал ету бойынша орталық агенттікке есеп беретін Инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі агенттіктер (ИЖА) тұжырымдамасын әзірлеуді және желісін құруды қолдайды.
      20. Желі құру жоспары 1-кезең ішінде әзірленетін болады, ал оны үш пилоттық өңірде іске асыру 2-кезең ішінде жүзеге асырылатын болады. 3-кезең басқару схемасының басқа да өңірлерге таратылуында Қазақстан биліктеріне көмек көрсетуді көздейді. Бағдарламаның табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы кезеңде Әкімдіктермен ынтымақтасып жұмыс істеу айрықша маңызды болып табылады.

      2.2.3 3-құрамдауыш: ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру 

      21. Жеткізулердің ғаламдық тізбесінің фрагменттелуі шағын және орта кәсіпорындар үшін (ШОК) бірігу және осылайша технологиялар, дағдылар мен ноу-хау берудің оңтайлы жанама нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Алайда, дамушы нарықтық экономикада өзара байланыс кенет туындамауы да мүмкін, өйткені жергілікті ШОК-тар шетелдік әріптестердің талаптарына сәйкес болу үшін күрделі технологиялық жетілдіруге мұқтаж болып отыр. Мұндай жағдайларда ұлттық және өңірлік деңгейлерде әрекет ететін жария саясаткерлер не инвестицияларды ынталандыру бойынша мамандар араласуы және трансұлттық компаниялар (ТҰК) мен ШОБ арасында байланыс құруды қолдаулары мүмкін. Мұндай қолдау «ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламалары» деп аталады. ЭЫДҰ Қазақстан өңірлеріне Қазақстанның АТ секторы үшін қазіргі уақытта орындалып жатқан жұмысты негізге ала отырып, бағдарламаларды әзірлеуде және іске қосуда қолдау көрсете алады.

      5-Иллюстрация. Байланыс түрлері      

Байланыстың қандай типтері бар?
Тип Анықтама Нәтижелер

Өнім берушілермен байланыс

Шетелдік инвесторлар құрамдауыштарды, материалдар мен қызметтерді жергілікті жерде сатып алады

Жергілікті фирмалар үшін жаңа нарықтық мүмкіндіктер

Сатып алушылармен байланыс

МНК брендтік өнімді таратуды тапсырады

Жергілікті ШОБ–пен төмендеп кеткен өзара қарым-қатынасты дамытуға бастайды (франчайзинг)


МНК жергілікті фирмалар олармен бәсекеге түсуі тиіс жаңа стандарттарды белгілейді

Түпкілікті өнім және көрсетілетін қызметтің өнімділігі мен сапасын арттырады

Технология бойынша әріптестермен байланыс

МНК ШОБ-тан әріптестерімен бірге бірлескен жобаға бастамашылық етеді (БК, лицензияланған және стратегиялық альянстар)

Қабылдаушы экономика компаниясы үшін жаңа технологиялар көзі

Басқа да әсерлер

Шетелдік инвесторлар жергілікті фирмаларға  жұмыс істеудің жаңа әдістерін көрсетеді

Адамзат капиталы үшін инновацияларды және жанама нәтижелерді ынталандырады

      2.2.4 4-құрамдауыш: инвестицияларды ынталандырудың жалпы өңірлік стратегиясының мониторингі
      22. Бақылау көрсеткіштері инвестицияларды ынталандырудың өңірлік стратегияларын бағалауға және түзетуге, сондай-ақ олардың әсерін өлшеуге көмек береді. Мониторинг инвестицияларды ынталандыру бойынша шаралардың негізділігін, ШОБ-ты дамытуға бағытталған саясатты және ТШИ-ШОБ-тың өзара байланысы бойынша бағдарламалардың тиімділігін қамтамасыз ететін көп шаралы және кешенді іс-шара болып табылады. Бұдан басқа, көрсеткіштер жүйесі қосарланған болып табылады, өйткені ұлттық көрсеткіштер ұлттық деңгей үшін аударылады және бейімделеді.
6-иллюстрация инвестицияларды ынталандыру бойынша шараларды бағалау тұрғысынан өңірлік және ұлттық көрсеткіштердің айырмашылықтарын көрсетеді. Бұл құрамдауыш өндірушілер үшін субсидиялар бағасының дамуын қамтуға тиіс. 

      6-иллюстрация. Ұлттық және өңірлік деңгейлерге инвестицияларды ынталандыру көрсеткіштерінің мысалы 

Ұлттық және өңірлік көрсеткіштер едәуір өзгеше
болуы мүмкін – инвестицияларды ынталандыру
жөніндегі шаралар жақсы мысал болып табылады

Институционалдық базаны бағалау

Ұлттық деңгейдегі көрсеткіштер

Мониторинг және бағалау деңгейі

Стратегия

Іске асыру жөніндегі агенттік

Өңірлік деңгейдегі көрсеткіштер

Мониторинг және бағалау деңгейі

Іс-қимылдар жоспары

Институционалдық қолдау
(нақты өңір үшін ерекшелігі бар көрсеткіштер)

Операциялық қызметтер мен іс-қимылдарды бағалау

ТШИ – ШОБ-тың байланыстары

Бір терезе принципі

Тұтынушылармен байланысты басқару Саясатты насихаттау

Кейіннен көрсетілетін қызметтер

Жергілікті әкімшілік реттейтін инвестициялық жеңілдіктер

Титулдар және Кадастр

Индустриалдық парктар/еркін аймақтар

Байланыс бағдарламасы

Бір терезе принципі Тұтынушылармен байланысты басқару Саясатты насихаттау

Кейіннен көрсетілетін қызметтер

Нақты өңір үшін ерекшелігі бар инвестицияларды ынталандыру
жөніндегі саясаттың төрт көрсеткішінің егжей-тегжейлі мысалы


1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

4-деңгей

5-деңгей

Іс-қимылдар жоспары

Инвестицияларды ынталандыру және жеңілдету (ИЫЖ) бойынша іс-қимылдар жоспары жоқ

Әзірлеу сатысындағы ИЫЖ-ның іс-қимылдар жоспары

ИЫЖ-ның іс-қимылдар жоспарын агенттік бекітеді және онда өңірдің айқын көрінісі; бәсекелесу саласының дәл анықтамасы; бәсекелесу және мақсатқа қол жеткізу жоспары қамтылады.

Жоспарда ол көрсететін қызметтердің анықтамасы сияқты оның операцияларға бөлінуінің негізгі тетіктері қамтылмайды.

3-деңгей плюс ИЫЖ-ның жоспары басымдықтарды іске асыру және мақсатқа қол жеткізу үшін ұйымдастыру құрылымының схемасын қамтиды.

Ұйымдастыру құрылымы жоғарғы басшылықтан бастап, енгізу бөліміне дейінгі міндеттердің сипаттамасын қамтиды .

4-деңгей плюс персоналда нақты қажеттіліктер мен қаржылық мұқтаждықтар туралы нақты мәліметтерді береді.

Жоспарда жан-жақты қарау үшін мезгілдік кесте қамтылады.

Институционалдық қолдау

Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар бүкіл өңірде келісілместен қабылданады.

Агенттік инвестицияларды жылжыту бойынша бөлім құрады. Бөлімнің құрылымы бойынша шешім қабылданды, ол инвестицияларды ынталандыру жөніндегі қызметке ресми мандат алады.

2-деңгей плюс бөлімнің ішкі ұйымдастырылуы анықталған.

Бөлімді әртүрлі тілдерде сөйлейтін жеке және жария секторлардан персонал жинақтады.

3-деңгей плюс бөлімге, басқаларды қоспағанда, жолқұжат шығыстарына, барлық қызметкерлердің жалақысына, жол шығыстарына, АТ және т.б. жабуға жылдық бюджет беріледі.

4-деңгей плюс бөлімде осы бөлім жұмысының тиімділігін қолдаушы ішкі жоспарлау тетігі бар. Тетік оқиғалар күнтізбесінен және орындау мерзімдерінен, статистикалық бақылау тетіктерінен, ішкі ережелер мен персонал үшін рәсімдерден және жеткілікті АТ ресурстарынан тұрады.

      2.2.5 5-құрамдауыш: жобаның қатысушыларына оқу, бизнес-тренингтер, тағылымдамалар ұйымдастыру арқылы ШОБ-тың кәсіпкерлік әлеуетін күшейту
      23. Оқу, бизнес-тренингтер, жобаның қатысушыларына тағылымдамалар ұйымдастыру ШОБ-тың дамыту саласында инвестиция мен саясатты ынталандыру бойынша қызметтің жеткілікті түрдегі негізділігін қамтамасыз ететін кешенді шара болып табылады.
      24. Осы жобаның жетістігі – оның тиісінше іске асырылуы және нәтижесінің орнықтылығы – көбіне негізгі өңірлік қатысушылардың инвестицияны ынталандыру және ШОБ-ты дамыту бойынша жаңа саяси шаралар әзірлеу және енгізу қабілеттерінен тәуелді болады. Негізгі өңірлік қатысушылардың қатарына: өңірлік саясаткерлер, бизнес-делдалдар (сауда палаталары), сондай-ақ өңірлік даму мәселелерімен шұғылданып жүрген ұлттық деңгейдегі саясаткерлер кіруі мүмкін.
      25. Негізгі назар инвестицияларды ынталандыру бойынша, ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламалары бойынша шараларға, ШОБ-ты дамытуға бағытталған саясатқа және мониторинг мүмкіндіктеріне аударылатын болады. ЭЫДҰ-ның «жіңішке жерлерді» анықтау бойынша кең таралған тәжірибесі бар. Өз күш-жігерін осы салаларда шоғырландыра отырып, жақсаруға қол жеткізу және негізгі өңірлік ойыншыларға ноу-хау беру мақсатында ЭЫДҰ оңтайлы нәтиже үшін Қазақстанда өңірлік деңгейде ШОБ-тың кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуді қолдайтын болады.

      7-иллюстрация. ШОБ-ты дамытуды ынталандыру саясатындағы типтік салалар мен жақсартуға мұқтаж инвестициялар 

      Дереккөзі: ЭЫДҰ      

ШОБ-ты дамыту саясатының индексін өлшеу  

1. Кәсіпкерлік бойынша оқу және тренингтер

2. Неғұрлым бағасы төмен және тез бастама

3. Үздік заңнама және реттеу

4. Дағдылар қолжетімділігі

5. Онлайн қолжетімділігін жақсарту

6. Бірыңғай нарықтан көбірек пайда алу

7. Салық салу және қаржыландыруды беру

8. ШОБ-ның технологиялық әлеуетін нығайту

9. е-бизнестің табысты үлгілері және жоғары сыныпты бизнес-қолдау

Шағын кәсіпорындардың мүдделі, неғұрлым күрделі, тиімді өкілдігін дамыту

Инвестициялау үшін саяси негіз  

Инвестициялық саясат
 

Инвестицияны ынталандыру және жеңілдету

Сауда саясаты

Бәсекеге қабілеттілік саласындағы саясат

Салық саясаты
 

Бизнестің жауапты іс-әрекетін қолдаушы саясат

Кадрлық ресурстарды дамыту
 

Инфрақұрылым және қаржы секторын дамыту

Жария басқару

3. ӘДІСНАМА: КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ІС-ШАРАЛАР

      3.1 ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАТЫН ТӘСІЛ 
      26. Өңірлік ТШИ-лерді әртараптандыру бойынша Қазақстанның күш жігерін қолдау мақсатында ЭЫДҰ бұдан бұрын айқындалған құрауыштарды қамтитын үш кезеңді тәсілді ұсынады.
      1-кезең. ШОБ-тың кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуге екпін қоя отырып, өңірлік инвестициялық жол картасын әзірлеу
      2-кезең. Іріктелген пилотты үш өңірде жобаны (жол картасын) іске асыру
      3-кезең. Қазақстанның билігінде өзге өңірлерде де инвестицияларды ынталандыру өңірлік стратегияларын іске асыруға мүмкіндік беретін орнықты тетік құру.
      Бір мезгілде ұлттық және өңірлік құрамдауыштарды қамтитын толық жоба шеңберінде Еуразиядағы Бәсекеге қабілеттілік бойынша ЭЫДҰ Бағдарламасы аясында екі әдісті салыстыру мақсатында сарапшы бағасын алу үшін жұмыс тобының отырысы өткізілетін болады.

      3.2 Әдіснама 1-кезең: күтілетін нәтижелер мен негізгі іс-шаралар

      3.2.1. 1-кезең – 1-құрамдауыш – Әдіснама 
      27. Күтілетін нәтижелер
      R.1.1. ЭЫДҰ-ның аумақтық шолуын жариялау, онда өңірлік саясат үшін шақырулар мен мүмкіндіктер қаралады және атап айтқанда, басқару саласындағы шақыруларға қатысты ұсынымдар беріледі.
      R.1.2. Өңірлік жоспарларды іске асыру үшін үш пилоттық өңірді іріктеу.
      R.1.3. Экономикалық белсенділіктің әлеуетті инвесторлар мен ШОБ үшін қызығушылық танытатын түрлері қаралатын және олардың әлеуетін іске асыру бойынша ұсынымдар қалыптастырылатын елордалық қалаларды қоспағанда, әрбір өңір үшін бір-біреуден үш өңірлік жоспар.
      R.1.4. Әлеуетті шетелдік инвесторларға таныстыру үшін инвестицияларды ынталандыруға қатысты үш құжат.
      28. Іс-шаралар
      R.1.1. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Төмендететін тәсіл: сапа және сандық деректерді жинау, мысалы, Қазақстанның ағымдағы өңірлік саясаты немесе осы өңір үшін үйреншікті экономикалық көрсеткіштер туралы.
      - Жоғарылайтын тәсіл: премьер-министр кабинеті немесе президент әкімшілігі, өңірлік атқарушы биліктер, орталық және өңірлік деңгейлердегі жеке сектордың негізгі өкілдері сияқты негізгі мүдделі тараптармен консультациялар.
      - Салыстырылатын елдердің, мысалы, польшалық мамандардың қатысуымен сараптау бағасы.
      - Негізгі мүдделі тараптармен ұлттық және өңірлік деңгейлерде келісілген тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастыру.
      - Негізгі мүдделі тараптармен ынтымақтастықпен ресми жарияланым.
      R.1.2. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Ұлттық үкіметтермен консультациялар.
      - Өңірлік үкіметтермен консультациялар және әкімдіктер тарапынан қолдау көрсетілуін талдау.
      - Күш-жігерлерді біріктіру және ішінара сәйкестікті болдырмау үшін басқа ұйымдармен және әріптестермен (ЕО, Дүниежүзілік Банк, USAID, GTZ, AFD және т.б.) бірлесіп қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобаларды мұқият тексеру.
      - Қандай өңірлер пилоттық болуына қатысты келісу.
      R.1.3. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Өңірдің күшті және әлсіз тараптарын, мүмкіндіктері мен қаупін анықтау үшін ЭЫДҰ-ның аумақтық шолу нәтижелерін пайдалану.
      - Жоғарылайтын тәсіл: инвестициялар үшін әрбір өңір қайда және қалай бесекелесе алатынын анықтау үшін негізгі өңірлік мүдделі тараптармен, сыртқы және ішкі жеке сектормен консультациялар.
      - ТШИ тарту мен ШОБ-ты дамытуды қолдау әлеуеті бар өңір секторларының түпкілікті тізбесін аяқтау.
      - Осы сектордың әлеуетін іске асыру үшін ұлттық және өңірлік деңгейлерде келісілген нақты секторлар үшін ұсынымдар қалыптастыру.
      R.1.4. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Нақты секторлардың өңірлік талдауын инвестицияларды ынталандыру бойынша материалдарға трансформациялау мақсатында бірлескен жұмыс тобы мен Инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі агенттіктің күш-жігерін біріктіру.

      3.2.2 1-кезең – 2-құрауыш - Әдіснама
      29. Күтілетін нәтижелер
      R.2.1. Күш-жігерлердің келісілуі мен жалпы схеманың тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлік ИЖА желісін ұйымдастыру құрылымы: өңірлік деңгейге жатқызылған рөлдер мен функцияларды анықтау; өңірлік ИЖА мен ұлттық ИЖА арасындағы өзара байланыс пен ақпарат ағымын анықтау; өңірлік және ұлттық үкіметтермен өзара іс-қимылдар және есептілік типтерін анықтау.
      R.2.2. Өңірлік ИЖА–лардың ішкі ұйымдастырылу жобасы: есеп беру тәртібі, басқару схемасы, бизнес-үдерістер мен ақпараттық ағымдар, тиімділіктің негізгі көрсеткіштері мен сыртқы коммуникация саясаты.
      30. Іс-шаралар
      R.2.1. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ның өңірлік ИЖА желісін басқарудағы озат ұйымдастыру тәжірибесіне шолу, мысалы: ирландиялық мысал.
      - Үздік тәжірибелердің типологиясын құру: әрбір типтің негіздемесі, артықшылықтары және кемшіліктері.
      - Қазақстанның ерекшелігін және ресурстық жіңішке жерлерін түсіну мақсатында негізгі өңірлік мүдделі тараптармен консультациялар.
      - Халықаралық үздік тәжірибемен, сол сияқты Қазақстанның ұлттық және өңірлік ерекшелігімен нығайтылған схема бойынша келісу.
      R.2.2. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ның ішкі жұмыс істеу және өңірлік ИЖА ұйымдастыру саласындағы үздік тәжірибесіне шолу: есеп беру тәртібі, менеджмент, бизнес-процестер, тиімділіктің стандартталған нәтижелері мен негізгі көрсеткіштері.
      - Үздік тәжірибелердің типологиясын құру: әрбір типтің негіздемесі, артықшылықтары және кемшіліктері.
      - Қазақстанның ерекшелігін және ресурстық жіңішке жерлерін түсіну мақсатында негізгі өңірлік мүдделі тараптармен консультациялар: мысалы, сапалы семинарлар мен зерттеулер арқылы.
      - Халықаралық үздік тәжірибемен сол сияқты Қазақстанның ұлттық және өңірлік ерекшелігімен нығайтылған схема бойынша келісу.
      R.2.3. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ға Инвестициялық саясат жөніндегі агенттік өкілдерін, өңірлер өкілдерін және өңірлік ИЖА ұйымдастыру бойынша ЭЫДҰ мамандарын қамтитын басшылық комитетін құруда күрделі қолдау көрсету.
      - II кезең бойында жүйелі түрде жиналып тұратын басшылық комитетінің негізгі функциялары: өңірлік ИЖА-ларды қаржыландыру схемасын (өңірлік немесе ұлттық қаржыландыру көздері) анықтау, өңірлік ИЖА-лерді құру үшін өңірлік және ұлттық заңдар немесе нормативтік актілер жасау.
      - ЭЫДҰ-ны операциялық және өңірлік деңгейлерде күрделі қолдау, мысалы, өңірлік ИЖА-лар құру, үй-жай алу, персонал жалдау және т.б.
      R.2.4. бойынша негізгі іс-шаралар
      - R.2.3. сипатталған жалпы көзқарасқа сүйене отырып, ИЖА желілерін құру үшін қалған 11 өңірдегі тиісті органдарды қолдау.
      - Тәжірибе алмасу және өзара сабақ алмасуды ынталандыру үшін үш пилоттық өңірмен қалған 11 өңірдің арасындағы «әкімшілік әріптестікті» қолдау. 

      3.2.3 1-кезең – 3-құрауыш – Әдіснама
      31. Күтілетін нәтижелер
      R.3.1. Әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай үш пилоттық өңір үшін өзара байланыс құру стратегиясын анықтау.
      32. Іс-шаралар
      R.3.1. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ның арнаулы, ШОБ саласындағы саясат индексі сияқты құралдарын пайдалана отырып, ШОБ саласындағы өңірлік саяси стратегиялардың қазіргі уақытта қолданылатын ағымдағы мәртебесін бағалау және өңірлік инвестициялық жоспарлар әзірлеу кезінде айқындалған экономиканың басым секторларындағы негізгі өңірлік мүдделі қатысушылар арасында сауалнама жүргізу жоғардағы R.1.2-ні қараңыз.
      - ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламасының көмегімен қол жеткізілуі тиіс, оның ішінде, жергілікті фирмалар үшін жаңа нарықтық мүмкіндіктерді, өнімділікті арттыру және технология берудің басым мақсаттарын анықтауға негізгі өңірлік мүдделі тараптарды тарту.
      3.2.4 1-кезең – 4-құрауыш – Әдіснама
      33. Күтілетін нәтижелер
      R.4.1. Мониторинг жүйесінің жалпы стратегиясын анықтау.
      R.4.2. Стратегиялық ретінде анықталған саясаттың әрбір саласы үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) әзірлеу, мысалы, инвестицияларды ынталандыру саясаты, ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламасы, ШОБ-ты дамыту.
      R.4.3. Өндірушілер үшін субсидиялар бағасын әзірлеу (PSE).
      34. Іс-шаралар
      R.4.1. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Мониторинг жүйесінің жалпы, айрықша, жүйелі түрде бағалауға мұқтаж мақсаттарын анықтау: инвестицияларды ынталандыру саясаты, ТШИ-ШОБ өзара байланысы саласындағы прогресс және ШОБ-ты дамыту.
      - Бұл мақсаттарды қалайша ұлттық деңгейден өңірлік деңгейге көшіруге болатынын анықтау.
      R.4.2. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ТНК-тің жұмыс жүйесі саласында қызметтің іріктелген шешуші түрлері үшін ЭЫДҰ-ның озат тәжірибесіне шолу.
      - Қазақстанның ерекшеліктері туралы мәліметтер алу мақсатында шешуші мүдделі тараптармен консультациялар.
      - ЭЫДҰ-ның озат тәжірибесі мен Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, сол сияқты ұлттық және өңірлік деңгейде ТНК-тің жұмыс жүйесі бойынша келісім.

      3.2.5 1-кезең 5-құрамдауыш - Әдіснама
      35. Күтілетін нәтижелер
      R.5.1. Саясаттың төрт саласында қолданылатын негізгі мүдделі тараптары: инвестициялық саясат, ИЖА-ды басқару, ТШИ-ШОБ өзара байланысы бағдарламалары, ШОБ-ты дамыту саласындағы саясат, сондай-ақ мониторинг схемалары сияқты салаларда жұмыс істейтін шешуші мүдделі тараптар.
      36. Іс-шаралар
      R.5.1. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Әртүрлі шешуші ойыншылар үшін: өңірлік деңгейде саясатты айқындайтындар, сауда-өнеркәсіптік палаталар, ШОБ өкілдері үшін төрт саяси саладағы басым кажеттілікті айқындауға арналған стратегиялық аудит.
      - ЭЫДҰ-ның ішкі және сыртқы сараптау қоғамдастықтарын пайдалану.
      - ШОБ басшылары мен ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері үшін Біріккен Вена институты сияқты танымал абыройлы жоғары оқу орындарында оқыту. Сондай-ақ іріктелген оқу мекемелерімен ұзақ мерзімді әріптестіктер көзделуі де әбден мүмкін. Тренинг және сарапшылардың ұсынымдарын ЭЫДҰ–ның аталған саяси салаларда терең тәжірибе мен білімге ие меншікті маманы қамтамасыз ететін болады.

      3.3 2 және 3-кезеңдердің әдіснамасы: күтілетін нәтижелер мен негізгі іс-шаралар
      3.3.1 2 және 3-кезеңдер 1-құрамдауыш - Әдіснама
      38. Күтілетін нәтижелер
      2-кезең – үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      - R.1.5.  Шетелдік инвестициялар мен ШОБ-ты дамыту үшін әлеуеті жоғары экономиканың секторларынан екі шешуші секторын таңдау.
      - R.1.7.Әлеуеті жоғары осы екі секторды дамытуға кедергі болатын саяси кедергілерді жою.
      - R.1.8. Әлеуетті шетелдік инвесторлардың шешуші секторлардың екеуіне де қатысты жақсы хабардар болу.
      3-кезең қалған 11 өңір үшін
      - R.1.8 Үлкен әлеуеті бар ретінде анықталған экономикалық қызмет салаларында реформаларды жүзеге асыру және саяси кедергілерді жоюда саясатты айқындайтын өңірлік қайраткерлерді қолдау.
      39. 2-кезеңдегі іс-шаралар, үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      R.1.5. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Күш жігерді шоғырландыратын бұдан бұрын анықталған секторлардың түпкілікті тізімінен іріктелген екі секторын келісу мақсатында өңірлік үкіметтер мен консультация. (R.1.2.).
       R.1.6. бойынша негізгі іс-шаралар.
      - Әрбір сектор үшін жұмыс тобы арқылы іріктелген екі секторға арналған мемлекет және жеке сектордың арасында диалог құруға бастамашылық ету. Бұл топтарға жеке сектордың, өңірлік үкіметтің, мүмкін, ұлттық үкіметтің, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның және шет елдердің салалық сарапшылар өкілдері кіреді.
      - Жұмыс топтары нақты сектор үшін ұсынымдарды қайта өңдейді (R.1.2.), мысалы, ШОБ-ты дамытуға және кедергі болатын ТШИ –дің және іріктелген салаларға ағымы үшін өңірлердің бәсекеге қабілеттілігің, арттыруға тосқауыл болатын саяси кедерлегірлерді жоюға бағытталған өңірлік немесе ұлттық деңгейдегі іске асырылатын шараларды заңдар/нормативтік құжаттар бағатарының нақты секторын ұсыныстарды әзірлейді.
      R.1.7. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ны қолдау (мысалы, оның сараптау қоғамдастығын пайдалану арқылы) және нақты секторлардың және өңірлердің проблемалары бойынша конференцияларға не инвестициялық мүмкіндіктер туралы әлеуетті ішкі және шетелдік инвесторлардың хабардарлығын арттыруға бағытталған таныстырылымдарда қатысу.
      40. 3-кезеңдегі іс-шаралар қалған 11 өңір үшін
      R.1.8. бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ны өңірлік шешуші секторларын таңдауда іске асырылатын шараларда нақты сектор үшін ұсынымдарды трансформациялау үшін жұмыс топтарын құруда және осы тетіктің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін өнірлік шешуші мүдделі тараптарды қолдау.
      - Тәжірибе мен алынған сабақтарымен алмасуды ынталандыру, сондай-ақ реформаларды табысты жүзеге асыру бойынша ноу-хау беруді марапаттау үшін үш пилоттық өңірмен және қалған 11 өңірдің арасында «әкімшілік әріптестікті» қолдау.

      3.3.2 2 және 3-кезеңдер 2 құрамдауыш – Әдіснама
      41. Күтілетін нәтижелер
      2-кезең – үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      - R.2.3. Басқарудың тиімді және әрекет ететін ИЖА-ның өңірлік желілерін құру: үш өңірлік ұлттық ИЖА-мен өзара байланыста болады.
      3-кезең қалған 11 өңір үшін
      - R.2.4. ЭЫДҰ-ның қолдауы және басшылығымен елдің барлық жерлерінде өңірлік саясаткерлердің ИЖА-ның өңірлік тұтас желілерін құруы.
      41. 2-кезеңдегі іс-шаралар үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      R.2.3 бойынша негізгі іс-шаралар
      - ЭЫДҰ-ға Инвестициялық саясат жөніндегі агенттік өкілдерін, өңірлер өкілдерін және өңірлік ИЖА-ларды ұйымдастыру бойынша ЭЫДҰ мамандарын қамтитын басшылық комитет құруда қолдау көрсету.
      - II кезең ішінде жүйелі түрде жиналып тұратын басшылық комитетінің негізгі функциялары: өңірлік ИЖА-ларды қаржыландыру схемасын (өңірлік немесе ұлттық қаржыландыру көздері) анықтау, өңірлік ИЖА-ларды құру үшін өңірлік және ұлттық заңдар немесе нормативтік актілер жасау.
      - ЭЫДҰ-ны операциялық және өңірлік деңгейлерде қолдау, мысалы, кадрлық қажеттіліктерді дәл анықтауда көмек көрсету.
      43. 3-кезеңдегі іс-шаралар қалған 11 өңір үшін
      R.2.4. бойынша негізгі іс-шаралар
      - R.2.3. сипатталған жалпы көзқарасқа сүйене отырып, ИЖА желілерін кұру мақсатында қалған 11 өңірдегі тиісті органдарды қолдау.
      - Тәжірибе алмасу мен өзара оқытуды ынталандыру үшін үш пилоттық өңір мен қалған 11 өңір арасында «әкімшілік әріптестік» орнату.

      3.3.3 2 және 3-кезеңдер – 3-құрамдауыш әдіснама
      44. 2-кезеңдегі күтілетін нәтижелер үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      R.3.2. ШОБ-ТШИ бағдарламасын әзірлеу және ұйымдастыру.
      R.3.3. ШОБ-ТШИ бағдарламасын әзірлеу және іске қосу
      45. 3-кезеңдегі күтілетін нәтижелері қалған 11 өңір үшін
      R.3.4. ШОБ-ТШИ бағдарламасын әзірлеу және іске қосу. Бұларды ЭЫДҰ-ның қолдауымен өңірлік үкіметтер іске асыруы тиіс.
      46. 2-кезеңдегі іс-шаралар үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      R.3.2 бойынша негізгі іс-шаралар
      - ТШИ тарту және ШОБ-ты дамытудың жоғары әлеуеті бар экономиканың шешуші екі сектор таңдау, өңірлік инвестициялық жоспарлардың деректерін пайдалану (R.1.5).
      - Шешуші өңірлік мүдделі тараптармен бірлесіп зерттеу арқылы өңірлік үйлестіру комитетінің әлеуетті жергілікті және шетелдік (трансұлттық компаниялар және жергілікті ШОБ) қатысушыларын анықтау, мысалы, сауда-өнеркәсіп палаталары.
      - Екі өңірлік үйлестіру комитетінің өңірлік өкілдерді, өңірлік бизнес делдалдарды, шетелдік компаниялар мен ЭЫДҰ сарапшыларын қамтитын іріктелген секторларының әрқайсысы үшін бір-бірден жұмысты бастауы. Комитеттер әрбір секторда ШОБ-ТШИ өзара байланысы бойынша бағдарламаны іске қосуды бақылау үшін жұмыс топтары ретінде жұмыс істейтін болады.
      - Осындай бағдарлама, оның ішінде кадрлық ресурстар және әртүрлі шығыстар үшін қажетті ресурстарға байланысты, өңірлік үйлестіру комитетіне бюджеттік бағдарламаны құруды аяқтауға көмек көрсету мақсатында озат тәжірибе туралы ақпарат беру.
      - Жобаның және бизнес-байланыстар орталығының (орталықтарының) жұмыс кеңселерін тиімді құруды қолдау (таңдалған екі секторға байланысты 1 немесе 2 орталық қажет болуы мүмкін).
      - Әлеуетті шетелдік инвесторлар пайдалана алатын жергілікті ШОБ-тардың жалпы қамтитын деректер базасын құру үшін бағдарламаның оперативтік топтарына қолдау көрсету.
      R.3.3. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Әлеуеті жоғары шешуші екі секторларда тиісті шетелдік компанияларға жүгінуде бағдарламаның оперативтік топтарына қолдау көрсету.
      - Өңірдің әлеуетін және ШОБ дамыту мүмкіндіктерін арттыру мақсатында шетелдік компанияларға қатысты дұрыс стратегия дайындауда бағдарламаның оперативтік топтарына қолдау көрсету.
      - Басқа да коммуникациялық: форумдар, БАҚ-тағы кампаниялар, ТШИ қажеттіліктері мен ШОБ-тың өңірлік әлеуетін байланыстыру үшін деректердің интерактивті базалары іс-шараларында бағдарламаның оперативтік топтарына қолдау көрсету.
      47. 3-кезеңдегі іс-шаралары қалған 11 өңір үшін
      R.3.4. бойынша негізгі іс-шаралар
      - R.3.3. сипатталған жалпы көзқарасқа сүйене отырып, мониторинг бағдарламасын іске қосу мақсатында қалған 11 өңірдегі тиісті органдарды қолдау.
      - Тәжірибе алмасу мен өзара оқытуды ынталандыру үшін үш пилоттық өңір мен қалған 11 өңір арасында «әкімшілік әріптестік» орнату.

      3.3.4 4-құрамдауыш – әдіснама - 2 және 3-кезеңдер
      48. 2-кезеңдегі күтілетін нәтижелер - үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін
      - R.4.3. Өңірлік және ұлттық деңгейде ТНК-ның жұмыс жүйесін әзірлеу.
      49. қалған 11 өңірде – 3-кезеңде күтілетін нәтижелер
      R.4.4. Мониторинг жүйесін іске қосу. Бұларды ЭЫДҰ қолдауымен өңірлік үкіметтер іске асыруы тиіс.
      50. 2-кезеңде – үш пилоттық өңірдің әрқайсысы үшін іс-шаралар
      R.4.3. бойынша негізгі іс-шаралар
      - Іріктелген іс-шаралардың әрқайсысы үшін өңірлік және ұлттық деңгейде де мониторинг, есеп беру тәртібі мен коммуникациялық ағымдар бойынша міндеттерін анықтау. (инвестицияларды ынталандыру саясаты, ТШИ-ШОБ өзара байланысы бағдарламалары, ШОБ-ны дамыту)
      - Іріктелген іс-шараларды бағалау және мониторингпен шұғылданатын персонал тізімі жасалғаннан кейін кадрлардағы қажеттілікке қатысты салдарларына бағалау жүргізу.
      - Қаржыландыру туралы келісімдерге қол жеткізу үшін және нормативтік базамен байланысты мәселелер бойынша шешуші өңірлік мүдделі тараптармен консультациялар.
      - Мониторинг бойынша топтар құруға қолдау көрсету.
      51. Қалған 11 өңірде 3-кезең іс-шаралары
      R.4.4. бойынша негізгі іс-шаралар
      - R.4.3.Сипатталған жалпы көзқарасқа сүйене отырып, мониторинг бағдарламасын іске қосу мақсатында қалған 11 өңірдегі тиісті органдарды қолдау.
      - Тәжірибе алмасу мен өзара оқытуды ынталандыру үшін үш пилоттық өңір мен қалған 11 өңір арасында «әкімшілік әріптестік» орнату.

      3.3.5 5-құрамдуыш - әдіснама 2 және 3-кезеңдер
      52. Күтілетін нәтижелер
      R.5.2. Саясаттың төрт саласында қолданылатын негізгі мүдделі тараптар: инвестициялық саясат, ИЖА-ны басқару, ТШИ-ШОБ өзара байланыс бағдарламалары, ШОБ-ты дамыту саласындағы саясат пен мониторинг схемалары.
      53. Іс-шаралар
      R.5.2. бойынша негізгі іс-шаралар
      - өңірлік деңгейде саясатты сауда-өнеркәсіптік палаталарды, ШОБ өкілдерін айқындайтын әртүрлі шешуші ойыншылар үшін төрт саяси саладағы басым қажеттілікті анықтау үшін стратегиялық аудит.
      - ЭЫДҰ-ның ішкі және сыртқы сараптау қоғамдастықтарын пайдалану.
      - ШОБ басшылары мен ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері үшін Біріккен Вена институты сияқты танымал абыройлы жоғары оқу орындарында оқыту. Сондай-ақ іріктелген оқу мекемелерімен ұзақ мерзімді әріптестіктер көзделуі де әбден мүмкін. Тренинг және сарапшылардың ұсынымдарын ЭЫДҰ–ның аталған саяси салаларда терең тәжірибе мен білімге ие меншікті маманы қамтамасыз ететін болады.

4. ЖОБАНЫ іске асыру үшін іс-қимылдардың
ұзақтығы мен индикативтік жоспары

      4.1 Жобаның болжанатын ұзақтығы
      54. Жобаның болжанатын ұзақтығы, 42 айды құрайды және 3 кезеңді қамтиды (1 және 2-кезеңдер ішінара сәйкес келеді) былайша:
      1-кезең: 18 ай
      2-кезең: 18 ай
      3-кезең: 12 ай
      4.2 Іс-қимылдардың алдын ала жоспары      

      4.3 Бюджетке жалпы шолу
      55. 1-қосымшаны қараңыз

      4.4 Жарияланым және басқа да нәтижелер
      Жиынтық есеп I Кезеңнің аяғында жарияланатын болады, онда барлық жиналған ақпарат пен Қазақстанды аумақтық шолудың негізгі деректері жарияланатын болады.
      Мыналарды:
      - Әрбір өңірдің өсуі үшін әлеуеті ең жоғары секторларда мыналарды:
      - секторлық серпінді талдауды;
      - SWOT талдауды;
      - табыстың шешуші факторларын негізге ала отырып, инвестицияларды ынталандырудың өңірлік стратегиясын және Қазақстан өңірлері үшін тиісті іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу.
      қажет болса нақты өңір сектор үшін әзірленген инвестицияларды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар.
      56. Жұмыстардың нақты нәтижелері мен 2 және 3-кезеңдердің есептік материалдары 1-кезең бойынша Жиынтық есепте егжей-тегжейлі сипатталатын болады.

      1-ҚОСЫМША. БЮДЖЕТ ЖОБАСЫНА ШОЛУ 
 

Ұстаным

Бірлік

Бір бірлігінің үшін құны

Бірлік

Бар лық жылдар

Бірлік

1 жыл

Бірлік

2 жыл

Бірлік

3 жыл

Бір лік

3 жыл
(6 ай)

ЭЫДҰ персоналмен және консалтингке шығындар

1. Кадрлар
 

1.1. Техникалық персоналының жалақысы
 

1.2. Әкімшілік персонал жалақысы
 

2. Консультанттар

2.1. Жергілікті консультанттар (3)
 

2.2. Халықаралық  консультанттар (3)
 

3.Кеңсе және басқа да шығындар

3.1. Орталықтандырылған қызметтер


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бір күнде
 
 

Бір күнде
 
 

Бір күнде


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

300
 
 
 

600
 
 
 

1 325


 
 
 
 
 
 
 

225
 
 
 

146
 
 
 
 
 

2325
 
 
 

250
 
 
 

371


 
 
 
 
 
 
 

2 452 888
 
 

935 390
 
 
 
 

697 500
 
 

150 000
 
 

492 241


 
 
 
 
 
 
 

57
 
 
 

40
 
 
 
 
 

400
 
 
 

40
 
 
 

97


 
 
 
 
 
 
 

612 130
 
 

250 920
 
 
 
 

120 000
 
 

24 000
 
 

129 169


 
 
 
 
 
 
 

64
 
 
 

46
 
 
 
 
 

800
 
 
 

85
 
 
 

130


 
 
 
 
 
 
 

905 565
 
 

290 271
 
 
 
 

240 000
 
 

51 000
 
 

172 260


 
 
 
 
 
 
 

56
 
 
 

40
 
 
 
 
 

750
 
 
 

85
 
 
 

96


 
 
 
 
 
 
 

619  320
 
 

261 060
 
 
 
 

225 000
 
 

51 000
 
 

127 208


 
 
 
 
 
 
 

28
 
 
 

20
 
 
 
 
 

375
 
 
 

40
 
 
 

48


 
 
 
 
 
 
 

315854
 
 
 

133 139
 
 
 
 
 

112 500
 
 
 

24 000
 
 
 

63 604

Аралық қорытынды: ЭЫДҰ персоналы мен консалтингке




4 728 000

1 136 219

1 659 096

1 283 588



649 097




Конференциялар мен іссапар бойынша шығындар













1. Конференциялар
 
 

1.1. Инвестицияларға ықпал ету бойынша іс-шара
 

1.2. Семинар
 

1.3. Есеп шығару
 

2. Миссиялар
 

2.1. (ЭЫДҰ) еліндегі миссиялар
 

2.2. Үйлестіру жөніндегі миссиялар

Кездесу үшін
 

Кездесу үшін
 
 
 
 
 
 
 

Миссия үшін
 

Миссия үшін



30 000
 
 

20 000
 
 
 

25 000
 
 
 
 
 

4 000
 
 
 

1 500



2
 
 

10
 
 
 

2
 
 
 
 
 

118
 
 
 

40



60000
 
 

200 000
 
 

50000
 
 
 
 
 

472 000
 
 

60000



0
 
 

3
 
 
 

0
 
 
 
 
 

30
 
 
 

10



-
 
 

60 000
 
 

-
 
 
 
 
 

120 000
 
 

15 000
 



1
 
 

2
 
 
 

1
 
 
 
 
 

35
 
 
 

10



30 000
 

40 000
 
 

25 000
 
 
 
 

140 000
 
 

15 000



-
 
 

3
 
 
 

-
 
 
 
 
 

35
 
 
 

10



-
 
 

60 000
 
 

-
 
 
 
 
 

140 000
 
 

15 000



1
 
 

2
 
 
 

1
 
 
 
 
 

18
 
 
 

10



30000
 
 

40000
 
 
 

25000
 
 
 
 
 

72000
 
 
 

15000

Аралық қорытынды: Конференциялар мен іссапар бойынша шығындар













Жарияланымдар мен бойынша шығатын шығындар

1. Жарияланымдар

2. Аудармалар

Жариялау үшін
 

Бір бет үшін












Аралық қорытынды: Жарияланымдар мен аудармалар бойынша шығындар













Жанама шығындар

1. Жанама және әкімшілік шығыстар (5,8%)













Аралық қорытынды: Жанама шығындар













Бюджет Жиыны













      (1) Еңбекақы төлеуге арналған ай сайынғы шығындар әртүрлі санаттар үшін орташа болып табылады және сондықтан тек индикативтік болып табылады. Айлық жалақы мөлшері ЭЫДҰ-2010 қосу  2011, 2012, 2013 және 2014 жылдарға жоспарланатын ұлғайтулардың ставкасы шәкіліне негізделген.
      (2) Жеке келісімшарттың іс жүзіндегі құны консультанттың құзыреті саласы мен тәжірибесіне қарай құбылуы мүмкін.
      (3) Орталықтандырылған қызметтер кеңсе, жиһаз, негізгі АТ қызметтер, халықаралық телефон байланысы мен жобаның қолданылу уақыты ішінде ЭЫДҰ персоналы жасайтын тренинг (?) үшін төленетін ақы төлемдерін қамтиды.
      (4) ЭЫДҰ персоналы, сол сияқты сыртқы консультанттар жүзеге асыратын миссиялармен байланысты жол шығыстары. Үйлестіру жөніндегі миссиялар Брюссельге және ЭЫДҰ-ның басқа да бағыттарына жасалады. Шығындар ЭЫДҰ персоналы бойынша нұсқаулықтар мен нормативтерге сәйкес ЭЫДҰ миссияларын авторизациялау жүйесі бойынша есептелетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады