Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау» деген бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру.
Реттелетін сала немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына берілді.
Осылайша, сот актілерін орындау бір мемлекеттік органда шоғырланатын болады, бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.
Сот актілерін орындау әділ сот төрелігін жүзеге асырудың соңғы және шешуші сатысы болып табылады және оларды тиімді орындау мемлекеттің құқықтық жүйесін нығайтудың маңызды шарты ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіне, елдің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге оң әсер тигізетін күмәнсіз фактор, сондай-ақ адамдардың жалпы әділ сот төрелігіне және мемлекетке деген сенімінің кепілі болып табылады.
Негізгі проблемаларды талдау.
2010 жылы 1 трлн. 83 млрд. теңге сомаға 1,1 млн. астам атқарушылық құжат орындауда болды. Бір сот орындаушысына жылына орта есеппен 600 атқарушылық құжаттан келді. Бұл ретте атқарушылық құжаттардың саны жыл сайын өсіп келеді (2008 ж. – 798 мың, 2009 ж. – 995 мың).
2010 жылдың қорытындылары бойынша орындауда болған 1,1 млн. атқарушылық құжаттың талаптары 482 мың атқарушылық құжат бойынша немесе 43,8%-ға орындалды.
Осылайша, бүгiнде Қазақстан Республиканың атынан шығарылатын сот шешiмдерінің жартысынан көбі уақтылы орындалмайды, тиісiнше сот бұзылды деп таныған құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау қамтамасыз етiлмейдi.
Сот орындаушылар өкiлеттiктерiнiң бүгiнгi көлемiн, жеткiлiксiз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, жалақы деңгейiнің төмендігін, кадрлардың тұрақтамауын ескере отырып, жақын болашақта бұл саладағы ахуалдың жақсы жағына қарай өзгеруі, яғни нақты орындалған актілердiң санының ұлғаюы күтіліп отырған жоқ.
Осыған байланысты, атқарушылық іс жүргізу органдарының тиімді жүйесін құруға бағытталған қосымша жүйелік шаралар қабылдау орынды көрiнедi.
Атап айтқанда, 2015 жылға дейiн атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметін негізінен мынадай міндеттерді шешуге бағдарлау қажет.
Бiрiншiден, борышкерлерді сот шешімдерін өз еркімен орындауға итермелеуге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер мен әдiстерді практикаға кезең-кезеңімен енгiзу жалғастырылады.
Әр түрлі тіркеу органдары мен ұйымдарда, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін ұйымдарда борышкерлерге қатысты стоп-карталар қою шаралардың бiрi ретiнде бола алады.
Қазірдің өзінде стоп-карталарды автоматты режимде шығару бірқатар шет елдерде (АҚШ, Израиль, Ұлыбритания және тағы басқалары) табысты жұмыс істеуде. Осы шараның мәні көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды ресімдеу, екінші деңгейдегі банктерде кредит алу және т.б. сияқты белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруға борышкерлердің мүмкіндігін шектейтін болады.
Мысалы, көлiк құралдарының мемлекеттiк техникалық байқауы сот шешiмiнiң орындалуын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейiн жүргізілуі тиіс. Мұндай тетiк салық саласында 2010 жылдан бері табысты жұмыс iстеуде («Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағы).
Екiншiден, атқарушылық іс жүргізу органдарында ақпараттық жүйе енгiзiледi.
Ақпараттық жүйенi енгізу атқарушылық іс жүргізу жүйесін орындалатын іс-қимылдарды есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Әдiлет министрлiгi Сот актілерін орындау комитеті аумақтық бөлімшелерінің электронды құжат айналымын енгізуге мүмкіндік береді.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 37-бабының 4-тармағына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бiр мезгiлде борышкерге атқарушылық құжатты ерiктi орындау қажеттігі туралы ұсыныс жібереді немесе тапсырады.
Орта есеппен алғанда, сот орындаушысы бір атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрбіріне төрт рет жазбаша хабарлама жолдайды.
Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу атқарушылық іс жүргізудің тараптарын ұялы байланыстың ақпараттық хабарламаларын жіберу жолымен хабардар ету мүмкіндігін көздеуге мүмкіндік берер еді, бұл өз кезегінде атқарушылық іс жүргізу органдарының пошта байланысы қызметтеріне жұмсалатын шығындарын едәуір қысқартады.
Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесі атқарушылық іс жүргізу органдарының тіркеу органдарымен және ұйымдармен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Мәселен, бүгiнгi күні сот орындаушылары 14 әр түрлi тіркеу органдары мен ұйымдарға сұрау салуларын жолдайды. Пошта байланысы арқылы жауап алу мерзімдері көбінесе ұзаққа созылады, бұл сот актілерін уақтылы және сапалы орындауға кері әсерін тигізеді.
Тіркеу органдарымен және ұйымдармен электрондық өзара іс-қимыл жасау сот орындаушыларының қажеттi мәлiметтердi алу мерзiмдерiн бiр күнге дейiн қысқартуға мүмкiндiк беретiнiн атап өту керек.
Үшiншiден, сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық іс жүргізу органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету артатын болады.
Бүгінгі таңда сот орындаушылары өкілеттіктерінің көлемі мен олардың мәртебесі бірқатар ұстанымдар бойынша уақыт талабынан едәуір қалып келеді және практикалық қажеттіліктерге сай келмейді.
Атап айтқанда, сот орындаушылары банктiк мекемелердегi жеке тұлғалардың шоттары туралы мәлімет алуға құқылы тұлғалардың тізбесіне қосылмаған, өз ғимараттары жоқ, көлiкпен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен, жетонмен және эмблемамен толық көлемде қамтамасыз етілмеген.
Көрcетiлген жағдай сот актілері сапасының төмен орындалуына ықпал етедi, осы себептердің салдарынан сот орындаушысы жұмысының тартымдылық деңгейі де төмендейдi, кадрлардың жиі тұрақтамауы және білікті кадрлардың жеткiлiксiздiгi байқалады.
Осыған байланысты сот орындаушыларының мәртебесiн арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберiнде тиiстi шара қабылданылатын болады.
Сот актілерін орындаудың сапасы бірқатар факторларға, оның iшiнде борышкердің мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтердi сот орындаушысының жедел алу мүмкiндiгiне байланысты болады. Заңда сот актісінің орындалуын қамтамасыз етудің негізгі шараларының бірі ретінде борышкердің ақша қаражатына тыйым салуы көзделген. Алайда, банктік заңнамаға сәйкес сот орындаушысы жеке тұлғаларға қатысты шоттардың және ақша қаражатының бар болуы туралы банктерден мәлімет алу мүмкiндiгiнен айырылған. Осыған байланысты, заңнамаға тиiстi түзетулер енгiзу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Атқарушылық құжаттардың сапалы орындалу шарттарының бiрi сот орындаушыларының тиiсiнше материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуі болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу органдарын сот жүйесінен бөліп шығарған кезде оларды орналастыру проблемасы туындады, өйткені олар бұрын орналасатын ғимараттар сот органдарының теңгерімінде тұр.
Бүгiнгi күні атқарушылық іс жүргізу органдары 233 жылжымайтын мүлiк объектісінде орналастырылған, олардың ішінде бiр ғана объект өздерінің теңгерімінде тұр, қалған объектілер ақылы немесе өтеусіз негiзде басқа заңды және жеке тұлғалардан жалға алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бiрлескен бұйрығына сәйкес 2011 жылы атқарушылық іс жүргізу органдарының ғимараттарын ұстау және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жүзеге асыруда.
Алайда, 2012 жылдан бастап осы шығыстарды атқарушылық іс жүргізу органдары дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты, атқарушылық іс жүргізу органдарының меншiктi ғимараттарды сатып алу мәселесін шешу бойынша кезең-кезеңімен шаралар қабылданатын болады.
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада көзделген атқарушылық іс-қимылдар жасау үшін сот орындаушыларын борышкер не оның мүлкі орналасқан жерге бару жүзеге асырылатын көлік құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі де орын алады.
Осы проблема жеке ауылдық округтердiң аудан орталығынан алшақтығы жүздеген километрдi құрайтын аудандық аумақтық бөлiмдерде өте өткір күйінде қалуда. Бұл ретте қоғамдық көлiктердiң қозғалысы мүлдем болмайды.
Осыған байланысты сот актілерiнiң нақты және жедел орындалуын қамтамасыз ету үшін сот орындаушыларын автокөлiкпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінің 19-тармағына сәйкес, департаменттердiң құрылған филиалдарының – сот орындаушыларының аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмдерiнің санын ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметтiк (кезекші) автокөлiктерiне мұқтаждығы 296 бiрлiктi құрайды.
Теңгерімде 35 бiрлiктiң болуын ескере отырып, қосымша қажеттiк
261 автокөлікті құрайды.
Бұдан басқа, мемлекеттiк қызметшілердiң имиджіне оң ықпал ететiн және олардың мәртебесін анықтайтын факторлардың бiрi нысанды киiмнiң және тиiстi жеке айырым белгiлерiнің болуы.
Заңның 131-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттiк сот орындаушылары нысанды киіммен (погонсыз), жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етіледі.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мақсатында Заңда мемлекеттік сот орындауымен қатар жеке сот орындаушылары институтын енгізу көзделген.
Жеке сот орындаушысы мемлекеттік сот орындаушысына балама болып табылады, мемлекеттік сот орындаушыларға кәсіби бәсекелестік жасап, сот актілерінің мәжбүрлі орындалуының сапасы мен жеделдігін арттырады.
Мемлекеттiк сот орындаушысының алдында жеке сот орындаушысының артықшылықтары тиiмдi жұмысқа материалдық мүдделiлiк және сыбайлас жемқорлық көрінісінің жоқтығы болып табылады.
Сондай-ақ жеке сот орындау институтын енгiзу атқарушылық іс жүргізу органдарын қамтамасыз ету үшін бюджеттiк шығыстардың қысқаруын болжайды, бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк береді, оны мемлекеттiк сот орындаушылары институтын қамтамасыз ету және қайта жабдықтауға бағыттауға болады.
Орындаудың мемлекеттік жүйесінен кадрлардың күрт кетуін болдырмау үшін жеке сот орындаушыларын жинақтау кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс. Заң қолданысының алғашқы жылдары республика бойынша атқарушылық іс жүргізудің шамамен 20 – 25% (шамамен жылына 200 – 250 мың құжат) жеке сот орындаушыларының орындауына өтеді деп болжануда, негізінен бұл заңды тұлғалар және кәсіпкерлер арасындағы даулар бойынша істер болады.
Кейіннен жеке сот орындаушыларындағы істер саны бірте-бірте республика бойынша жалпы санының 50% дейін өсуі күтіледі (шамамен 450 – 500 мың). Қалған атқарушылық құжаттар бойынша (шамамен 500 мың) орындаумен мемлекеттік сот орындаушылары айналысады. Бұл жағдайлардың 90%-ын өндіріп алу мемлекет пайдасына жүзеге асырылатын істер – айыппұлдар (57%), мемлекеттік баж (22%), үкімдер бойынша мемлекет пайдасына (5,5%), тәркілеу (3%), сондай-ақ мемлекеттен өндіріп алу және т.б. Қалған 10%-ы – негізінен отбасы-неке және алименттік қатынастармен байланысты.»;
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
«2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесiн жетiлдiру» деген 2-кіші бөлімде:
«Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету сапасын арттыру» деген 2.1.3-міндетте:
«Сотталғандар арасында 100 000 адамға есептегенде туберкулезбен ауру көрсеткiшiнiң төмендеуi» деген көрсеткіште:
«2010», «2011», «2012» деген бағандарда мемлекеттік тілдегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, орыс тілінде өзгермейді:
2010 деген бағандағы «680» деген сандар «767,6» деген сандармен ауыстырылсын;
2011 деген бағандағы «670» деген сандар «766» деген сандармен ауыстырылсын;
2012 деген бағандағы «660» деген сандар «765» деген сандармен ауыстырылсын;
2014 деген бағандағы тек қана орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«3-стратегиялық бағыт. Сот актiлерiн орындау институтын жетiлдiру» деген 3-кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
3.1.2-міндет. Атқарушылық іс жүргізу органдарының тиімді жүйесін құру |
|||||||||
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
2009 (есепті жыл) |
2010 (ағымдағы жылдың жоспары) |
Жоспарлы кезеңде |
||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1. Сот орындаушылары жасаған сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық фактілерінің саны |
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері |
Бірлік |
41 |
31 |
25 |
20 |
15 |
10 |
5 |
2. Атқарушылық іс жүргізу органдарында кадрлардың ағымдығы деңгейінің төмендеуі |
Әділет министрлігінің есептік деректері |
% |
- |
- |
30 |
28 |
28 |
26 |
25 |
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
Жоспарлы кезеңде орындау мерзімі |
||||||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||||
1. Атқарушылық іс жүргізудің нормативтік құқықтық базасын талдау және оны жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстарды енгізу |
Х |
Х |
|||||||
2. Атқарушылық іс жүргізу органдарының құқық қорғау органдарымен және басқа да атқарушылық іс жүргізу органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу. |
Х |
Х |
|||||||
3. Сот орындаушыларының мәртебесін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу. |
Х |
||||||||
4. Атқарушылық іс жүргізу органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу. |
Х |
Х |
|||||||
5. Сот орындаушылардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу. |
Х |
||||||||
3.1.3-міндет. Атқарушылық іс жүргізуге инновациялық технологияларды және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу |
|||||||||
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
2009 (есепті жыл) |
2010 (ағымдағы жылдың жоспары) |
жоспарлы кезеңде |
||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1. Орындау мерзімдері бұзылған атқарушылық іс жүргізу үлесі. |
Әділет министрлігінің есептік деректері |
% |
13,4 |
11,2 |
11 |
10 |
9 |
8 |
7 |
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
жоспарлы кезеңде |
||||||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||||
1. Атқарушылық іс жүргізудің есепке алу және бақылау автоматтандырылған жүйесін (АІЖЕАБАЖ) енгізу және одан әрі сүйемелдеу. |
Х |
Х |
|||||||
2. Жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу үшін атқарушылық іс жүргізу органдарын компьютерлік техникамен – серверлермен қамтамасыз ету. |
Х |
Х |
|||||||
3. Атқарушылық іс жүргізудің есепке алу және бақылау автоматтандырылған жүйесін (АІЖЕАБАЖ) атқарушылық іс жүргізу үшін қызығушылық туғызатын мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерімен біріктіру. |
Х |
«6-стратегиялық бағыт. Әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру және бiлiктi заң көмегiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
«Халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру» деген 6.3-мақсатта:
«Халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру шеңберiнде құқықтық түсiндiру жұмысын жетiлдiру» деген 6.3.1-міндетте:
«тікелей нәтижелер көрсеткіштері» мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4, 5-жолдармен толықтырылсын:
«
4. Әділет министрлігі ҮЕҰ бірлесіп, іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобалардың жыл сайынғы саны |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
саны |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
5. ҮЕҰ-мен және бизнес-сектормен бірлесіп іске асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалардың үлесі (іске асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалардың жалпы санынан) |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
»;
«4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту» деген бөлімде:
«Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар» деген 2-бағанда:
«Бiрыңғай ақпараттық ортаны дамыту» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Персоналдық және ұйымдастырушылық жабдықтарды жүйелі-техникалық сүйемелдеу, ведомстволық және корпоративтік ақпараттық жүйелерді, серверлік жабдықтарды, сондай-ақ телекоммуникациялық құралдарды сүйемелдеу бойынша тараптық ұйымдармен келісім жасау арқылы Әділет министрлігінің АТ-инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.»;
«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «6 831 874» деген сандар «6 499 185» деген сандармен ауыстырылсын;
«015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Азаматтардың жеке басын куәландыру үшін дайындалатын құжаттар саны» деген жолдағы «1 910 001» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «6 400 089» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«022 Әділет органдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттiк бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «452 953» деген сандар «441 607» деген сандармен ауыстырылсын;
«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кіші бөлімде:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Бюджеттік шығыстар барлығы» деген жолдағы «58 953 693» деген сандар «52 209 569» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «57 967 325» деген сандар «51 223 201» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов