Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және "Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 911 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және «Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкіміне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 911 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және «Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжіт Төлеубекұлы Есенбаев және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Валерьевич Шкарупа Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 365 қаулысымен.
      4. «Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкімінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Есенбаев                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжіт Төлеубекұлы         қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы, жетекші

Хасенов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Сақташ Сатыбалдыұлы       вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Әбсаттарова             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Маржан Несіпбекқызы       қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                          агенттік) Тауар нарықтарының мониторингі
                          және талдау департаментінің директоры,
                          хатшы

Әлімқұлов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы       қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасының орынбасары

Жақсалиев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы  жаңа технологиялар вице-министрі

Жарқынбаев              - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жасер Әзімханұлы          төрағасының орынбасары

Cүлейменов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Тимур Мұратұлы            және сауда вице-министрі

Шкарупа                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Вальерьевич      монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
                          орынбасары

Қазыбаев                - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Айдар Қалымтайұлы         және сауда министрлігі Сауда комитетінің
                          төрағасы

Сәду                    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Асқар Әнетұлы             министрлігі Мемлекеттік материалдық
                          резервтер комитетінің төрағасы

Сәтбаев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Рыскелді Ахметқалиұлы     технологиялар министрлігі Техникалық реттеу
                          және метрология комитетінің төрағасы

Тыныбеков               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қайрат Сағатханұлы        министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің
                          төрағасы

Әшіханов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Нұржан Әмірғожаұлы        Кедендік бақылау комитеті төрағасының
                          орынбасары

Қыпшақов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Арғын Мықтыбайұлы         Салық комитеті төрағасының орынбасары

Алдаев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Наиль Файзрахманұлы       комитеті Шекара қызметі директорының
                          орынбасары (келісім бойынша)

Дворецкий               - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Владимир Яковлевич        партиясының Қазақстан Республикасының
                          Үкіметіндегі ресми өкілі (келісім бойынша)

Дүйсебаев               - Қазақстан Астық одағының атқарушы директоры
Мұхамеджан Жұмабекұлы     (келісім бойынша)

Ган                     - Қазақстан астық өндірушілері мен нан
Евгений Альбертович       пісірушілер одағының президенті (келісім
                          бойынша)

Палташева               - Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы
Манавар Тұрсынқызы        директоры (келісім бойынша)

Попелюшко               - Қазақстан тағам және қайта өңдеу
Анатолий Висханович       өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағының
                          президенті (келісім бойынша)

Қайыржанова             - Қазақстанның сауда кәсіпорындары
Ботагөз Ержанқызы         қауымдастығы директорының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Қуанғанова              - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнар Шаймұратқызы       директорының орынбасары (келісім бойынша)

Ахмеджанова             - «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамының
Айгүл Төлеуғазықызы       Басқарма төрайымы (келісім бойынша)».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады