Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 838 Қаулысы

      2000 жылғы 25 қаңтардағы Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ораз Әлиұлы Жандосов және Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері міндетінен босатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Мақашұлы Жұманғарин Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 72 қаулысымен.

      3. "Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1174 қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады