Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысында:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі су шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 19-ө өкімінде:
      1-тармақта:
      жұмыс тобы құрамына мыналар енгізілсін:

      Толыбаев          - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
      Марат Еркінұлы      вице-министрі, жетекшінің орынбасары,

      Мейрембеков       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      Қайрат Амангелдіұлы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану
                          стратегиясы департаменті директорының
                          міндетін атқарушы, хатшы;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Марат Әбілахатұлы Оразаев, Бақыт Қалмырзаұлы Жақсыбаев шығарылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен    
бекітілген       

2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады