Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1041 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.05.2017 № 291 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен "ТРМК Координатор" (бұдан әрі - Серіктестік) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.31 № 407 Қаулысымен.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, көліктік қызмет көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Серіктестік Жарғысының бекітілуін;

      2) Серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 1041 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің турлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      акциялардың мемлекеттік пакеттері және үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қ." деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-133-жолмен толықтырылсын:

      "21-133 "Координатор" ЖШС".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-2-1-жолмен толықтырылсын:

      "292-2-1 "Координатор" ЖШС".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады