Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы баяндамашысының жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1048 Қаулысы

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы баяндамашысы Ракель Рольниктің жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы баяндамашысының жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеге және 30 қаңтарға Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1048 қаулысымен  
      бекітілген  

Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы баяндамашысының жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 

Р/с

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау
мерзімі

Болжамдалған шығыстар
(мың
теңге)

Қаржыландыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Өз бетiмен тұрғызылған құрылыстарды мониторингілеу анықтау және оларға қатысты шаралар қабылдау

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға

Тиісті бюджеттік
бағдарламалар бойынша көзделген қаражат шегінде

Жергілікті
бюджет

2

Қазақстан Республикасының мәжбүрлеп шығару жөніндегі заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ВАК-тың қарауына шығару

ВАК-қа ұсыныстар енгізу

Әділетмині,
ҚТКШІА,
БП (келісім бойынша), облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының
әкімдіктері, АҚҰО (келісім бойынша), АҚК (келісім бойынша)

2012 жылғы
маусым

Талап
етілмейді

-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3

Шын мәнінде заңды мекенжайы жоқ жеке тұлғалардың тұрғылықты орнын/мекендеу орнын тіркеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу

Үкіметке ақпарат

ІІМ, БП (келісім бойынша), облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, АҚҰО (келісім бойынша), АҚК (келісім бойынша)

2012 жылғы
31 наурызға
дейін

Талап
етілмейді

-

4

Алматы қаласының «Бақай» және «Шаңырақ» шағын аудандарында өз бетiмен тұрғызылған құрылыстарға қатысты шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі

2011 жылғы
1 желтоқсанға
дейін

Тиісті
бюджеттік
бағдарламалар бойынша көзделген қаражат шегінде

-

5

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Заң жобасы

Еңбекмині

2014 жылғы 1 қазанға дейін

Талап
етілмейді

-
 
 

6

Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден азаматтардың өз еркімен көшу мүмкіндігін көздейтін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

Еңбекмині,
ЭДСМ, АШМ,
облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының
әкімдіктері

Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

11 605 111*
(2011 жыл)

Республикалық
бюджет

7

Ауылды сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке
есеп

ҚТКШІА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 2020 жылдар, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін

41 642 000* (2011 жыл)

Республикалық
бюджет

8

Ауылды су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке
есеп

ҚТКШІА облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының
әкімдіктері

2011 2020 жылдар, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін

4 035 000*
(2011 жыл)

Республикалық
бюджет

9

Қалалық сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке
есеп

ҚТКШІА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 2020 жылдар, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін

35 383 000*
(2011 жыл)

Республикалық
бюджет

10

Қалалық су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке
есеп

ҚТКШІА, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 2020 жылдар, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін

1 500 000*
(2011 жыл)

Республикалық
бюджет

11

Үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй құрылысын аяқтаудың мониторингі

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА
(шақыру),
облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы 20 қаңтарға дейін

Талап
етілмейді

-

12

Әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін бюджеттік қаражат есебінен жалға берілетін тұрғын үй салу барысының мониторингі

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА
(шақыру),
облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011-2014 жылдар, жыл сайын 31 наурызға дейін

-

-
 
 

13

Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ӘІОДСҰК (келісім бойынша)

2011 жылғы
10 қарашаға дейін


-

14

Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға мүмкіндігі шектеулі адамдарға меншікке тегін тұрғын үй беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы
10 қарашаға дейін


-

15

Өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету
саласында жүргізілген жұмыс (саясат) туралы ақпаратты Интернет-ресурстарда орналастыру

Үкіметке ақпарат

АШМ (шақыру), барлық орталық және ЖАО

Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары
бойынша 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

-

-

Ескертпе:

* осы жоспар жыл сайынғы қаржыландыру көлемдері республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады;

аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚК – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия;
АҚҰО – Адам құқықтарының ұлттық орталығы;
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ӘІОДСҰК – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия;
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі;
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;
ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
МM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады