"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1068 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекет мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмыс сапасын бақылау;
      заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер жанжалын болдырмау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін жасау;
      Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, соның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік шағым-талаптарын беру себептерін талдау;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және инвестициялық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысатын шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақытылы шаралар қабылдау;
      уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөз процестеріне қатысу;
      Қазақстан Республикасы Үкіметіне құзыретті мемлекеттік органның ұсынымымен шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастамашылық ету туралы ұсыныс енгізу;»;
      бір жүз отыз үшінші және бір жүз отыз төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тіркеуші мен басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат беру;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;»;
      бір жүз қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;»;
      «республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьлар мен басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу;» және «Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметі саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу.» деген тоқсаныншы және жүз елу бірінші абзацтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бір жүз елу екінші, бір жүз елу үшінші, бір жүз елу төртінші, бір жүз елу бесінші, бір жүз елу алтыншы, бір жүз елу жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
      жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады