Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 1096 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерінен алаңы 860 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін уран өндіру үшін «Қазақстандық-француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығысын республикалық бюджеттің кірісіне және шығынын мекемеге өтеу, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 1096 қаулысына    
қосымша         

Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер
санатына ауыстырылатын жердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

ауыл шаруашылығы алқаптары

өзге жерлер

Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

860

860

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады