"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1097 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №а1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар бекiтiлсiн:
      1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн - 15000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 7000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      2) олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 2000 АҚШ доллары;
      3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      алтын медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 700 АҚШ доллары.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады