Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 1547 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының
мәтінін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 7 сәуірдегі № 1547 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 1547 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 155-құжат)күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев