"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1127 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 224-1-баптың бірінші бөлімінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау, -».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84; 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-50-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «90-бап. Жекелеген санаттағы жерді алып қоюды шектеу
      Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік алаңдарының, орман және су қорларының жерлерін алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға, учаскенің астынан бағалы пайдалы қазбалардың кең орнының табылуына, жол, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді, электр тарату желілерін, байланыс желілері мен магистральды құбырларды, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде оларды салуға байланысты ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.».
      3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1-2-құжат; № 11, 102-құжат 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      18-4-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Электр және (немесе) жылу энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 18-құжат, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) электр желілері - электр энергиясын беруге және бөлуге арналған қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;»;
      2) 10-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 12-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:»;
      4) 13-бапта:
      1-1 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Өздерінің электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер тікелей қосылған өңірлік электр желілері компаниялары жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын тиісті энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемде, өздерінің желілеріндегі электр энергиясының нормативтік техникалық шығасыларын өтеу үшін осы шығасылар мөлшерінің елу пайызынан аспайтын көлемде сатып алуға міндетті.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіру көлемі тиісті өңірлік электр желілері компаниясының нормативтік техникалық шығасылары мөлшерінің елу пайызынан асып кеткен жағдайда, осы электр энергиясының қалған көлемін жүйелік оператор ұлттық электр желісіндегі электр энергиясының нормативтік техникалық шығасыларын өтеу үшін сатып алуға міндетті.»;
      3-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына нормативтік техникалық шығасыларын жабу үшін) және электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде экспортқа;».
      5. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын, мына түрлерді қамтитын энергия көздері: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын.
      Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын жаңартылатын энергия көздеріне шағын гидроэлектр станциялары жатады;
      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған энергетикалық кешен;
      4) тапсырыс беруші (инвестор) - жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектіні салу жобасын іске асыруға ниеті бар және (немесе) кіріскен тұлға;
      5) уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) шағын гидроэлектр станциясы (шағын ГЭС) - судың гидродинамикалық энергиясын шағын қуатты (35 МВт дейін) электр энергиясына түрлендіруге арналған және өзеннің реттеусіз ағысымен жұмыс істейтін өзара байланысты жабдықтар мен құрылыстар кешені;
      7) электр энергиясының нормативтік техникалық шығасылары - Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген электр желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату кезіндегі оның технологиялық шығасысының мәні.»;
      2) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық преференциялар беру;»;
      3) 5-бапта:
      5) тармақшада «бекітеді.» деген сөз «бекітеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толтырылсын:
      «6) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартының үлгілік нысанын бекітеді;
      7) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген энергияны жеткізуге тіркелген тарифті айқындау қағидасын бекітеді;
      8) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген энергияны жеткізуге тіркелген тарифті бекітеді және қайта қарайды.»;
      4) 6-бапта:
      6) тармақша алып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясының сатып алу-сату шартының үлгілік нысанын әзірлейді;»;
      12) тармақшада «асырады.» деген сөз «асырады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін энергияны жеткізуге тіркелген тарифтерді айқындау қағидасын әзірлейді;
      14) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін энергияны жеткізуге тіркелген тарифтерді әзірлейді;
      15) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың есебін жүргізеді және ведомстволық интернет-ресурста жариялайды.»;
      5) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесі үшін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі.»;
      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін
              жобалау және салу кезіндегі қолдау
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдаланудың салалық (секторлық) бағдарламаларын ескереді;
      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және оларды орналастыру жоспарына (бағдарламасына) сәйкес жер учаскелерін резервке алады және береді. Тапсырыс беруші (инвестор) үшін жер учаскесі резервке алынған немесе берілген жағдайда жергілікті атқарушы органдар бұл туралы уәкілетті органды мұндай шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің құрылыс жобасын іске асыратын тапсырыс беруші (инвестор) электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу жоспарланған энергия беруші ұйымымен және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйыммен алдын ала электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға құқылы. Энергия беруші ұйымымен және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйыммен алдын ала электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды»;
      7) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1 бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері
                өндіретін энергияны жеткізуге тіркелген тариф
      1. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін энергияны жеткізуге тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің жалпы пайдаланудағы электр желілеріне жеткізілетін энергиялары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген тарифтің тіркелген шамасы.
      2. Жаңартылатын энергия көздері өндіретін энергия жеткізуге тіркелген тариф жаңартылатын энергия көздерінің анықталған түрлері үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзімге белгіленеді.
      3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге бекітілген тіркелген тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен инфляцияны ескере отырып, жыл сайын индекстеледі.
      4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объекті өндіретін энергия жеткізуге тіркелген тариф тиісті қаржы жылына бекітілген тіркелген тариф бойынша энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап қолданылады.
      5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объекті өндіретін энергия жеткізуге тіркелген тарифті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қайта қарайды.
      6. Осы Заңның ережесі тіркелген тарифтер мен оларға байланысты мәселелер бөлігінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан іске қосылған объектілерге, сондай-ақ қолданыстағы негізгі өндіруші жабдықтың теңгерімді құнының елу пайыздан астамын тиімді жабдыққа ауыстыратын, қайта жаңартылатын объектілерге қолданылады.»;
      8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып,
              өндірілген электр және (немесе) жылу энергиясын сату
              кезіндегі қолдау
      1. Электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер тікелей қосылған өңірлік электр желілері компаниялары жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші тиісті ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемде, өздерінің желілерінде электр энергиясының нормативтік техникалық шығасыларын өтеу үшін осы шығасылар мөлшерінің елу пайызынан аспайтын көлемде сатып алуға міндетті.
      2. Жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен инфляция деңгейінде олардың жыл сайынғы индексациясын есепке ала отырып, осы тарифтің қолданысы кезеңінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін энергия жеткізуге тіркелген тариф бойынша жасалады.
      Жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер құрылысының техникалық экономикалық негіздемесінде айқындалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілері құрылысы жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады.
      3. Жүйелік оператор өз желілеріндегі электр энергиясының нормативтік техникалық шығасыларын өтеу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын мына жағдайларда:
      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдардың электр энергияны өндіру көлемі электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер қосылған өңірлік электр желісі компаниясының нормативтік техникалық шығасылары мөлшерінің елу пайыздан асып кеткен жағдайда;
      2) жүйелік оператор жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын объектілерді электр желілеріне тікелей қосқан жағдайда толық көлемде сатып алуға міндетті.
      4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және елді мекенді жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне жеткізетін, жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін параметрлерімен жылу энергиясын жылумен жабдықтаушы ұйым сатып алады.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген жылу энергиясына жұмсалған шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифіне енгізіледі.
      Жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылумен жабдықтаудың маусымдық сипатына байланысты жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне жылу энергиясын беру кезеңін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келіседі.
      5. Жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын жеткізу кезінде энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу энергиясын берген қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
      6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға және беруге кеткен шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы өңірлік электр желілері компаниялары мен жүйелік оператордың электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер тарифіне енгізіледі.
      7. Жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тұтынушылармен электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға құқылы.
      Энергия беретін ұйымдар жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы нарығына еркін қол жеткізуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
      8. Жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тіркелген тариф бойынша электр энергиясын сату кезінде операциялық сағат басталғанға дейін екі сағат бұрын уақыттан кешіктірмей электр энергиясын өндіруші-тұтынушының тәуліктік кестесінде электр энергиясын жеткізудің жоспарланған (жобаланған) көлемін түзетуге құқылы.»;
      9) 10-бапта:
      3 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің өткізу қабілеті шектелген жағдайда жаңартылатын энергия көздердің пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірген электр энергиясын беруге басымдық берілуге тиіс»;
      «6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу нүктесіне дейін қосуға, энергия желісіне қосу нүктесіне дейін энергия беруге, қосуға, өлшеуге байланысты шығындар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектінің меншік иесіне жүктеледі.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді қосу үшін энергия беруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған электр және жылу желілерін кеңейту мен қайта жаңартуды объектінің меншік иесінің келісімімен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің құрылысы жобасының құнына шығындарды қоса отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектінің меншік иесі жүзеге асырады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады