Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1144 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен медициналық жабдықтар түріндегі мемлекеттік мүлік «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының акцияларына төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 6 тамыздағы 
№ 1144 қаулысына     
қосымша        

Акцияларды төлеуге берілетін медициналық жабдықтардың тізбесі

Р/с

Медициналық жабдықтардың атауы

Саны

1

Электр-ультра дыбыстық терапияға арналған «ИОНОСОН-ЭКСПЕРТ» аппараты

1

2

«LAS»-Эксперт аппараты

1

3

Терапевтік магнитті-СК-лазерлі фототіркеуіші бар Милта-Ф-8-01 аппараты

1

4

«Practix 160» ұтқыр рентген аппараты

1

5

«Биоптрон - 2» сәулелі терапия аппараты

1

6

УЖЖ-80/04/2 режимді үздіксіз импульсты «Стрела+» УЖЖ терапиясы аппараты

1

7

УЖЖ-80/04/2 режимді үздіксіз импульсты «Стрела+» УЖЖ терапиясы аппараты

1

8

«Дарта 1450» құрал үстелінің блогы

1

9

Кольпоскоптың бейнежүйесі

1

10

«Поток-1» гальванизаторы

1

11

Гастрофиброскоп

1

12

Иммуноферментті анализатор

1

13

Колонофиброскоп

1

14

«КС-02/051» кольпоскопы

1

15

Синускопиялық және отоскопиялық қондырмасы бар «Dr. Camscope DCS» бейнескопиялық аппаратурасының жиынтығы

1

16

«КГ-ЗМ» гинекологиялық креслосы

1

17

«Comfort» көп салалы ауруханалық кереуеті

1

18

«Comfort» көп салалы ауруханалық кереуеті

1

19

«Клинитрон» күйік кереуеті

1

20

Көп салалы дуоденофиброскоп

1

21

Үлкен көз әйнектер жиынтығы

1

22

Галогенді офтальмоскоп (қуат беруші құралымен бірге)

1

23

«HIVAMAT» көп салалы массаж және физиотерапия құралы

1

24

Ұтқыр «1R1X-70 ССХ» дентальді рентген аппараты

1

25

Массажға арналған үлкен үстел 1970x710x810 см

1

26

Жиналатын қораптағы операция үстелі

1

27

Croma S стоматологиялық қондырғысы

1

28

ACUSON X300 ультрадыбыстық жүйесі

1

29

SL-1E модельді «TOPCON» саңылау шамы

1

Жиыны:

29

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады