Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Мемлекеттiк органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшiн тиесiлiлiк нормалары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1148 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығын, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердің тиiстiлiк нормативiнде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-2-жолмен толықтырылсын:

      "

17-2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы

1



*******

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері


2-не 1 бірлік


*******


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:

      "

21-1

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету



1

2600-ден көп емес

*******


      ";

      Ескертпелер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша анықталады.";

      2) "Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесiлiлiк нормалары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары "Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары" деген жолмен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38, 39, 40, 41 және 42-жолдармен толықтырылсын:

      "

Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары

38

Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының кабинеті

шаршы м

36

Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының демалыс бөлмесі

шаршы метр

12

Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының қабылдау бөлмесі

шаршы метр

10

39

Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы мүшесінің кабинеті

шаршы метр

20

40

Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге)

шаршы метр

7,5

41

Жалпы үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, қызмет көрсетуші персоналға арналған үй-жай, мұрағат, көшірме-көбейту қызметі, гардероб, серверлік жабдық, мүкәммал және кеңсе керек-жарақ қоймалары және т.б.)

шаршы метр

Жиынтығының 25 %-ы

42

Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, венкамералар, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.)

шаршы метр

Жиынтығының 20 %-ы


      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген телефон байланысын пайдалану үшін тиесiлiлiк нормаларында:

      3-бағанда:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

      "; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

      "; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметкерлері – екеуге бір нөмір".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады